Табиғи күштер әсерінен аспан денелерінің қозғалысын зерттейтін Астрономияның бөлімін аспан механикасы деп айтамыз. Зерттеу объектісі ретінде ғарыштық шаңның кішкентай бөлшектерден Құрылған материалдық құрылымдардан бастап гиганттік жұлдыздардың Шоғырлануы, галактикалар мен галактикалардың жиынтығына дейін Қарастырылады. Аспан механикасының мақсаты – аспан денелерінің механикалық Қозғалыстырын басқаратын табиғаттың заңдарын түсіндіру.Зерттеу әдістері ретінде аналитикалық, сандық және сапалық әдістер Қолданылады. Аспан денелерінің белгіленген уақыт мезетіндегі жылдамдығы Мен кеңістікте орналасуын есептейтін аналитикалық теңдеулерінің жиынтығын Аналитикалық әдістер арқылы құрастыруға болады. Бірақ осы әдістің Кемшіліктері бар, ол теңдеулердің күрделігі, ұзақ және күрделі шығару Жолдары, қолдануы шектеулі (ғарыштық объектілеріне байланысты), ұзақ Уақыт интервалдарында зерттеліп жатқан қозғалыстардың қасиеттерін анықтау Мүмкіндігі жоқ. Алдын ала берілген дәлділігімен аспан денелерінің және Олардың жүйелерінің қозғалыстарын есептеу үшін сандық әдістер арналған. Осы әдісте де келесі кемшіліктер кездеседі: интегралдау интервалдарының Өсуімен қателіктердің көбею; қозғалыстың күйін сипаттауға мүмкіндігі жоқ, Өйткені нәтижелері сан ретінде болады. Аналитикалық және сандық Әдістерімен теңдеулердің толығымен шешімін анықтамай, аспан денелерінің Қозғалыстарының қасиеттерін білу үшін сапалық әдістер қолданылады. Аспан Механикасында барлық әдістер кең қолданылады. Классикалық аспан механикасының физикалық негіздері ретінде Ньютон Механикасы, кеңістік, уақыт және тартылыс теориясы болады. Аспан механикасында аспан денелерінің белгілі жағдайларына тәуелді Қозғалыстарын сипаттау үшін, әртүрлі физикалық модельдер – идеалдалған Ғарыштық объектілер қолданылады. Ал реалды аспан денелер жүйесінің Қозғалыстарын жақындатып сипаттайтын механикалық модель. Механикалық Модельде қозғалыстағы объектілердің құрамы, қасиеттері және модельдің Компонентеріне әсерететін күштер қарастырылады. Механикалық модель Аспан денелерінің қозғалыстарын жақындатып бейнелеу үшін және Қозғалыстың дәлірек әдістерін әзірлеу үшін қолданылады.Аспан механикасының есебі: әртүрлі механикалық модельдерді Құрастыру мен зерттеу және реалды аспан қозғалыстарын зерттеу Мен сипаттау. Аспан механикасында қолданылатын негізгі түсініктер:
Материалдық нүкте
Егер массасы мен жылдамдығы бар дененің өлшемі, пішіні және ішкі Құрылымы қарастырылып жатқан есебінде ескерілмесе бұл дене –Материалдық нүкте деп аталады.
Санақ денесі мен жүйесі
Егер нақты аспан денесін көрсететін материалдық нүктенің орналасуы, кез Келген таңдаулы аспан денесін салыстырмалы ретінде анықтайтын денені –Санақ денесі деп айтамыз. Қарастырылған уақыт мезетінде зерттеу объектінің орналасуы мен Жылдамдығын сипаттайтын санақ денесі, координат және сағат жүйесінің Жиынтығын санақ жүйесі деп айтамыз.
Орбита
Материалдық нүктенің сызығын кеңістікте сипаттайтын немесе Қарастырылған уақыт интервалында аспан дененің орналасуы геометриялық Орның аспан денесінің қозғалу траекториясы немесе орбита деп айтамыз.
4.Қозғалыс заңдары
Кинематикалық теңдеулерімен берілген зерттеу объектінің қозғалыс Күйінің уақытқа белгілі тәуелділігі немесетраекторияның параметрлік Теңдеулері қозғалыс заңдары деп айтамыз.Аспан механикасында ілгерілемелі-айналмалы, салыстырмалы, Барицентрлік, жазықтық және шеңберлік қозғалыстардың түрлері Қарастырылады. Егер аспан денелерінің пішіндері мен өлшемдері ескеретін Болса ілгерілемелі-айналмалы қозғалыс туралы айтады. Екі дене есебінде, егер Санақ жүйесі бір дененің масса центріне орналасса салыстырмалы қозғалысты Қарастырады. Екі дене есебінде, егер есептеу жүйесі екі дененің масса центріне Орналасса барицентрлік қозғалыс туралы айтамыз. Үш одан да көп Материалдық нүктелерінің қозғалыстарын қарастыратын қозғалыс жазықтық Қозғалыс. Шектеулі үш денелерінің есебінде екі ғана дененің қозғалысын Шеңберлік қозғалыс ретінде қарастырады.
Бақылау
Аспан денелері туралы негізгі ақпарат – бақылаулар арқылы алынады. Бақылау кезінде әртүрлі шамалар өлшенеді. Өлшеулерді әртүрлі құралдар мен Қондырғылар арқылы жасайды. Мысалы: фототаспаларында аспан денелерінің Бейнелерінің арасындағы арақашықтығы, шалаөткізгіш заттан жасалынған Жарық қабылдағыштың бөлек пиксельдің жарық түсіру қарқындылығы және Т.б.. Бақылау құралдардың қателіктері болады. Оларды систематикалық Қателіктері деп айтайды. Өлшеулердің және бақылауды жасап отырған адамның қателіктері болуы Мүмкін. Бір ғана өлшеудің қателігі белгісіз болады. Қателіқтерді кездейсоқ Пайда болады деп қарастырады. Сондықтан нақты нәтижені алу үшін Өлшеулердің статистикасын толықтырады. Астрономияда көбінесе өлшенетін Шаманың ортаквадраттық қателіктерін ескереді. Осы барлық қателіктерді Бақылау қателіктері деп атайды.
Уақыт
Аспан денелері қозғалыста болғандықтан уақыт бойынша өлшенетін Шамалар өзгермелі болады. Өлшеулерді белгілі уақытта жасайды. Уақыт Мезетін обсерватория сағатымен бастап санайды. Уақыт – абстракты түсінік, Оны анықтау үшін арнайы өлшеуіш құралдар қажет. Кез келген құралдың Өлшеу қателігі болады. Жалпыәлемдік уақыт – UT – Жердің айналу бұрышымен өлшенетін уақыт. Жердің айналуы біртексіз болғандықтан, теорияның бақылауменен Айырмашылығы байқалған соң осы уақытты кең қолданбайды. Эфемеридалық уақыт – ЕТ – Айдың қозғалысын бақылауменен өлшенетін Уақыт. Бірақ Айдың бақылау дәлдігі шектеулі. Атомдық сағат – ІАТ – халықаралық атомдық уақыт – дәлдігі жоғары Бірнеше атомдық сағат бойынша уақыттың орташа мәні. Қазіргі уақытта астрономиялық өлшеулердің дәлдігі жоғары деңгейіне Жеткендіктен, Ньютон механикасының аспан денелерінің бақыланатын Қозғалыстарымен айырмашылығы байқалатын болды. Жалпы салыстырмалы Теориясында кеңістіктегі екі әртүрлі нүктенің уақыты әртүрлі болатыны белгілі. Олардың уақыттардың шкаласын байланыстыру үшін денелердің массасы мен Қозғалысын ескеру қажет.
Қозғалыс параметрлері
Планеталарды және олардың серіктерін, жұлдыздарды және Галактикаларды зерттеу кезінде, біз аспан денелердің және қозғалыстардың Кейбір параметрлерін уақыт бойынша тұрақты болып қалады деп болжау Ретінде қарастырамыз. Бұл параметрлер: дененің массасы, өлшемі және пішіні; Орбитаның сипаттамалары және т.б.. Осы параметрлерді тікелей өлшеуге Болмайды, бірақ олар аспан денелерінің бақыланатын қозғалысында өздерін Нақты көрсетеді.Аспан денелерінің қозғалыс кезінде көрінетін тұрақты сипаттамалары: Дененің массасы, өлшемі, пішіні, орбитаның параметрлері және т.б. қозғалыс Параметрлері деп аталады.
Координаттар жүйесі
Жалпы қозғалыс заңдардың теңдеулерін құрастыруға және денелер Жүйесінің конфигурациясын көрнекі бақылауға өлшенетін шамалар бере Алмайды. Денелердің кеңістікте орналасуын және аспан шырақтарына Бағытталуын көрсететін ыңғайлы бейнелеу әдісі – координаттар жүйесі. Кейбір Координаттар жүйесіндегі шырақтың орналасуы немесе дененің бағытталуы Туралы айтқан кезінде, аспандағы сызықтары ойдағы және координат осьтері Абстракты екенің ұмытпау қажет. Аспан денелерінің қозғалыс қасиетері мен заңдылықтарын анық көрсету Үшін сәйкестік координаттар жүйесін таңдайды. Координаттар жүйесін таңдауы Әр аспан денесіне байланысты. Координата басын және координат осьтерін: Объектінің бөліктерімен; объектінің динамикалық қасиеттерімен; қозғалыс Қасиеттерімен; белгілі уақыт мезетіндегі дененің кеңістікте орналасуымен; Басқа арнайы әдістерімен байланыстырады.
Практикалық аспан механикасындағы қолданылатын координаттар Жүйесі: тікбұрышты немесе декарт, сфералық, топоцентрлік (гео, гелио-Центрлік). Кейбір жағдайларда аспан механикасында горизонталдық, Экваториалдық, эклиптикалық, галактикалық координат жүйелері Қолданылады.