А сыныбы бойынша тәрбие жұмысына талдау «А» сыныбының тәрбие жұмысы тақырыбы



Дата11.04.2022
өлшемі14,99 Kb.
#138848
Байланысты:
5 А сыныбы бойынша SWOT талдау


5 А сыныбы бойынша тәрбие жұмысына
талдау


5 «А» сыныбының тәрбие жұмысы тақырыбы: «Рухани адамгершілік құндылықтарды меңгерген тұлға тәрбиесі».
Мақсаты: Өз жеріне, халқына, тіліне деген мактаныш сезімдерін ояту. Оқушыларды кішіпейілдікке, әдептілікке, шыншылдыққа тәрбиелеу. Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін айқындау, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық –педагогикалық жағдайлар жасау.
Сыныпта барлығы 17 оқушы. 10 ұл бала, 7 қыз бала. Сыныптағы психологиялық ахуал жақсы. Оқушылар мектепке бейімделуде, бір-бірімен қарым-қатынастары жақсы. Мектеп психологы оқушылармен зерттеулер жүргізіп, оқушылармен жұмыстануда.
5 А сыныбында қыркүйек айында тәрбиенің 8 бағыты бойынша жоспар жасақталып, құрылды. Фракцияның 8 бағыты бойынша белсенділер бөлінді. Сыныпта әр дүйсенбі күні жоспарға сәйкес тәрбие сағаттары өтуде. І жартыжылдықта жоспарға сәйкес «Тіл – ұлттың жаны», «Отбасым -бақыт мекенім», «Латын әліпбиі», «Ұстаз-ұлы тұлға», «Құқық және мен», «Кітап-білім бұлағы..», «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы», «Тәуелсіздік- ел тірегі» атты тәрбие сағаттары өтті. Сынып оқушылары мектепте өтіп жатқан апталық, сыныптан тыс шаралар, концерттерге белсенді қатысуда.
Сыныптағы тәрбие жұмысының әлсіз тұсы: карантиндік шектеулерге байланысты сынып ата-аналарымен жұмыстың аздығы, түстен кейінгі уақытта оқушылардың бос уақытының тиімді ұйымдастырылмауы.
Алдағы уақытта мектеп пен ата-ана байланысын нығайту үшін түрлі отбасылық сайыстар өткізу, сыныптағы жиналыс формаларын өзгерту арқылы ата-аналардың жиналысқа қатысу деңгейін көтеру.
Көпмәдениетті көркем эстетикалық, тәрбиеге бағытталған іс-шаралар жұмысын жандандыру, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды күшейту.
Мектеп психологы, әлеуметтік педагог, интернат тәрбиешілерімен бірге жоспар құрып, оқушылармен жаңа жұмыс түрлерін өткізу.


Сынып жетекші Садыкова А.Д.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет