Абай Құнанбайұлының қарасөздерін оқыту әдіс тәсілдері Абай ұлылығын таныту қазақ елі- тәуелсіз мемлекетті таныту



Дата10.03.2020
өлшемі18,25 Kb.
#59813
Байланысты:
Гулдана макала фб32

Абай Құнанбайұлының қарасөздерін оқыту әдіс тәсілдері

Абай ұлылығын таныту – қазақ елі- тәуелсіз мемлекетті таныту.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев

Шоқтығы биік қазақ әдебиетінің өкілі, қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы, қара өлеңнің қаймағын сарқып ішкен ақыны, ел ертеңі мен бүгініне қам жеген қоғам қайраткері, діні мен ділі бір жерге тұтасқан ұлы тұлға— Абай Құнанбайұлы. Абай дана… Абай дара… Иә, шынымен де қазақ халқы үшін Абайдай ұлының жөні бөлек. Сонау қилы заманда елінің ертеңін ойлап қам жеген, қапыдағы қазақ халқын алаңдаған, түн ұйқысын төрт бөлген Абай атамыздың биыл 175-жылдығы. Қазыбектей билердің, Қасымдай төрелердің, Абылайдай хандардың ізін жалғаған, Ұлы ақын жастайынан зерек болып өскен. Ел ісіне ерте араласып, Пайғамбар жасынан асқан ел атқамінерлерінің алдын алып, өзінің ұтымды ойларымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен, асқан көрегенділігімен ел арасында үлкен зор беделге ие болған өмірі бізге үлгі . «Қазақ» десе әлем жұртшылығы Абай деп таныры айдан анық дүние. Қазақты әлемге танытушы бірден-бір тұлға Абай Құнанбай ұлы. Шынымен де, Абай өнерін қанша мемлекет мойындап, қанша тілге аударып, қанша ұлт әдебиеттеріне енгізген. Себебі, өмір пәлсапасын іздесең Абайды оқы, Абайды жатта, Абайды түсін. Сонда ғана, сен өмір деген кеменің ескегін мықтап ұстайтынын анық.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі-педагогика саласының бір тармағы. Ал осы оқыту әдістемесінде Абай Құнанбайұлының шығармашылығына 1 сыныптан бастап сағат бөлінеді. Ең әуелі, Ана тілі қазіргі әдебиеттік оқу оқулығына Ақынның Қыс өлеңімен Абай поэзиясын таныта бастайды. 5-8 жас арасындағы балаға аталмыш өлең қысты кейіптеу тәсілі арқылы танытудың ең озық үлгісі іспетті. Оқу мен білім берудің бірінші кезеңін, атап айтсақ, 1-4 сыныптар аралығында ұсынылған Ақын өлеңдері Блум таксономиясының бірінші және екенші кезеңдерін қамти отыра білім береді. Сынып жоғарылаған сайын, бала санасының өсуіне қарай, тың тақырыптар игеріле бастайды. Соның бірі әрі бірегей тақырыбы Абай Құнанбайұлының қарасөздері. Ақынның қарасөздері -пәлсапаның озық үлгілері, өмір айналары. Шынымен де, тұнып тұрған өмір толғаныстары осында жатыр. Алауыздық, сатқындық, ел арасындағы қақтығыстар, жетім дауы, жесір дауы, күңшілдік бәрі-бәрі ақынның қырық бес қарасөзіне сиып, өзіндік орын алған. Әрбір қарасөзі тұнып тұрған ақыл парасат мекені.

Оқушыларға қарасөздерді жіті үйрету үшін ең әуелі қандай әдіс тәсілдер қолдану керек? Қалай оқыту керек? Осы орайда, Абай Құнанбайұлының алтыншы қарасөзін оқушыларға қандай әдіс тәсілдері арқылы оқытуға болатынын қарастырып көрейік. Ұлы ақынның алтыншы қарасөзі «Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік» деген мақал аясында өрбиді. Шыны керек, бұл мақалдан сол замандағы қазақ қоғамының бейнесін көруге болады. Бірлік деген қазаққа ортақтасу деп түсіну жансақ пікір. Бірлік деген дүниеде ортақтасу еместігін, бірлік деген ір істе жұдырықтай бір қазақ болып жұмыла кетуін, бірін-бірі күндемей жүруінде деп жазады Ұлы Ақын. Ақынның көз алдында болып жатқан жайыттар қағаз бетіне анық әрі айқын түскен. Бір ғана мысал ретінде, Қодар мен келіннің жайы. Осы кезде бірлік қайда? Әрине, жоқ. Бұл жерде тіпті де бір атадан тараған, қандас бауырлар арасындағы алауыздық, бірін-бірі көре алмауы, бірлік деген феноменді жоққа шығарып тастайды. Қодарға сұм қылық, жаттық танытып, осы өлім жазасына кесілуіне кім кінәлі? Өзге емес өз бауыры кінәлі. Өз туғанының үстінен өсек айтып, жансақ пікір таратып, арты бүкіл Тобықтыға таңба болған жазықсыз өлімге еңсе берді. Ал егерде, малды яки дүниені бөліске салса бұл жерде бірлік іздеп қазақ байғұс шаншылып қалмасы бар ма?

Мақалдың екіншісі жартысында тірлік, яғни өмір сүру мәніне тоқтала түседі. Ақын өмір сүрудің мәнін айғақтай түсіп: «...Ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде əлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың». Адам өмір сүру үшін ең әуелі көкірегі ояу, көзі ашық болуы негізгі шарт.

Қарасөздерді оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Сонымен әдіс – тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық( ішінара іздендіруші ) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Оқушылардың алдына қарасөздер қойылғаннан соң, ең әуелі жіті екі қайтара оқу міндеттелу керек. Оқылғаннан соң, Блум таксономиясының бірінші сатысына тоқталамыз. Оқушының қарасөзден не біліп түйгенін сұрай отыра, түсініксіз сөздерді тергіземіз. Бұл жерде екінші әдіс сөздік әдісі шығады. Себебі, ақын поэзиясы түркі сөздерімен, байырғы сөздерге толы болып келеді. Оқушы сол сөздерді зерттеу барысында таным-түйсігін кеңейте түседі. Екінші тәсіл-түсіну. Оқушы аталаған қарасөзден не түсінді? Оны қай кезде қолдана алатынын ойланып, жүйелейді. Бұл кезеңде ең ұтымды тәсіл топтық жұмыс тәсілі. Оқушылар бір-бірімен пікір алмасып көптің ортасына салып, өздерін шағын топтың арасында сөз сөйлеуге үйрете алады. Үшінші тәсіл-қолдану. Ғақлиялар адам өміріне жарық беруші сәулелер іспетті болғандықтан, оқушы бұны қай жағдайда қолдана алатын тәжірибиелік әдіс негізінде баяндау керек. Тәжірибиелік әдіс оқушы фантазиясына қарай іс-әрекет жасайды. Төртінші тәсіл-талдау. Бұл тәсіл негізі түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық( ішінара іздендіруші ) әдістер арқылы жүзеге асады. Бесінші тәсіл-жинақтау. Жалпы қарасөздерден түсінгендерімізді, қосымша мәліметтерді саралай отыра жинақтап толық түсініктеме жасау міндеттеледі. Алтыншы тәсіл – бағалау. Жалпы оқушы бұл жерде Абай атамыздың қарасөздерінен ұққаны жөнінде, жалпыға бірдей мәлімдеме жасау керек.

Абайдың қара сөздері — оның өнертанымының өзегін құрайтын өзгеше өнер түрі. Олардың ішкі мазмұны бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі ашып, бірте-бірте ауқымды кеңейе түсетін, Күннің нұрындай жарыса тарап жатқан ой сəулелері секілді. Адамның дүние есігін ашқанынан бастап, ақыретке кеткенге дейінгі аралықтағы өмір сырын жік-жікке бөліп, жүйелеп түсіндіреді. Онда нəпсі мен қанағаттың, бай мен кедейдің, ақ пен қараның, адал мен арамның көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын нəзік пернелері рентгенмен түсіргендей аса бір дəлдікпен дөп басып ажыратылып отырады.



Сөзінің басында елді жайлаған ауыр дерттің тамырын басып, нақ айтқан Абай, келесі кезекте сол аурудың қайдан, неден пайда болғанын, себебін анықтайды. Ал одан кейінгі сөздерінде оның емін өзі де ұсынатындай.

Сондықтан да біз осы қара сөздердің мəнісін түсініп, оны тура мағынасында тани білуіміз керек. Егер де ұлы ақынның «Қара сөздері» əрбір қазақтың төрінен орын алса, егеменді еліміздің ертеңгі болашағы əлдеқайда сапалы азамат болып қалыптасатындығына сенім мол.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет