Жатыр ісіктері де екі топқа (қатерсіз ісік, қатерлі ісік) бөлінеді. Қатерсіз ісіктің ең жиі кездесетіні — миома. Бұл бірыңғай салалы ет тінінен (жатыр, қарын, ішек, тері етінен) өседі. Жатыр миомасы кезінде ұзақ уақыт қан кетіп, адамды анемияға шалдықтырады, қуықты, қуыққа келетін қан тамырларын, жүйке талшықтарын ісік басады. Ісік 30 — 35 жастағы әйелдерде пайда болып климакс мерзіміне дейін өсе беруі мүмкін.
Жатыр миомасы (орыс.: миома матки; лат.: uterus myomatosus) – жатырдың бұлшықеті қабатының айналасында орналасатын қатерсіз ісік. Жатыр миомасы әйелдерде ең көп кездесетін қатерсіз ісік түріне жатады. Әйелдердің шамамен 40% осы аурумен ауырады, бірақ олардың көбісі білмейді. Себебі, әдетте, аурудың ешқандай белгілері болмайды. Жатыр миомасының пайда болуы жатыр жасушаларының белсенді бөлінуіне байланысты
Бұл құбылыстың себептері әлі толық анықталмаған, алайда, ісіктің гормондарға тәуелді екені анықталды.Эстроген гормондары миоманың пайда болуына жағдай жасайды. Ал прогрестерон гормоны, керісінше, осы ісіктің дамуын тоқтатып, оның тіпті, кішірейіп, қайта сорылып кетуіне ықпал етеді. Бірақ қандағы эстрогендер мен прогестерондардың мөлшері тепетіңдік жағдайда болса, сізде жатыр миомасы болмайды деген сөз емес. Жатыр миомасының дамуы тек гормондардың тепетеңдігіне ғана тәуелді емес. Тіпті кейде жатырдағы эстрогендердің мөлшері жоғарлап кетсе де, бұл гормондар тобы қан сараптамасында айқын байқалмайды. Әдетте, жатыр миомасының дамуына қалқанша безі, бүйрек үсті безі, гипоталамо-гипофиз жүйесi және аналық бездер аурулары әсер етеді. Сол себепті, бірінші кезекте, гормондардың өзгерісін, одан соң жоғарыда көрсетілген ағза мүшелерін тексеру қажет