Орындаған:Байсалбаева С Атрофияқоректік зат, тамақ) — қоректік заттың келмеуіне немесе жетіспеушілігіне байланысты дене мүшелері мөлшерінің кішірейіп әлсізденуі.
Семудің физиологиялық және патологиялық түрлерін ажыратады. Физиологиялық семуге балалардың кіндік қан тамырларының, кейінірек айырша безінің семуін мысалға келтіруге болады. Бұлар жас организмнің дамуына яғни эволюцияға байланысты болатын семуге жатады.
Атрофия көбіне мүшелерді қоректендіретін қан және лимфа тамырлары қызметін реттейтін жүйкелердің зақымдануы нәтижесінде өрбиді. Атрофия деп ағза клетка көлемінің кішірейіп, қызмет қарқынының төмендеуін немесе бүтіндей тоқтауын атайды
Атрофия көбіне мүшелерді қоректендіретін қан және лимфа тамырлары қызметін реттейтін жүйкелердің зақымдануы нәтижесінде өрбиді. Атрофия деп ағза клетка көлемінің кішірейіп, қызмет қарқынының төмендеуін немесе бүтіндей тоқтауын атайды
Қартайғанда сему процесі барлық ағзаларды, жүйелерді қамтиды. Бұл қартаю яғни инволюция нәтижесінде дамитын семудің мысалы. Патологиялық сему белгілі бір ауру тудырушы себептерге байланысты болады. Семудің бүл түрі екі топқа бөлінеді: 1) жалпы сему немесе кетерем болу (кахек- сия); 2) жергілікті сему.
Жалпы сему аштықтың, нерв және эндокрин жүйелерінің ауруларының, қатерлі ісіктің салдарынан пайда болады. Егер адам 1–2 ай бойы тамақ ішпесе, не жеген тамағы сіңбесе, ол шегіне жете арықтап, көтерем болып өледі. Бұл кезде организм өз салмағының 40–50 процентін жоғалтады. Дененің бұлшықеттері семіп қалады, сүйектер кеуектеніп (остеопороз) морт сынғыш болады, әсіресе сүйектің тығыз қабаты жұқарады..
Жергілікті семудің ағза сырттан немесе іштен басылып қалғанда, ағза қызметіне талап азайғанда, зат алмасуы мен трофика бұзылғанда қанмен жеткілікті қамтамасыз етілмегенде пайда болатын түрлері бар.
Несепағар жолы таспен тығындалып қалғанда бүйрек астауының қуысы кеңейіп, бүйрек ткані бірте-бірте жұқарады. Осы өзгерістер нәтижесінде бүйрек орнында несеппен толған қалта қалады (гидронефроэ — су бүйрек). Ағза қызметіне талап азайғанда немесе мүлдем жойылғанда олар қызмет қарқынын төмендетіп семе бастайды.
Адам миы Миға қан келуі азайғанда ганглиозды клеткаларда гипоксиялық және «ауыр» дистрофиялық өзгерістер дамып олардың жалпы саны азая бастайды. Семудің маңызы оның қай ағзада және даму мерзіміне байланысты. Сему процесі ұзаққа созылмаса семуді тудырушы себептер жойылған кезде. ағза қызметі толық қалпына келе алады.
Егер семуге шалдыққан ағзалардың клеткалары дистрофия мен некроз күйіне жеткен, ал тканьдері дәнекер тканьмен алмасып қалған болса, сему қайтымсыз түр алады. Мысалы, гидронефроздың кейінгі кезеңдерінде бүйрек өз қызметін атқара алмайды. Сөйтіп атрофия морфологиялық тұрғыдан ағза, клетка қызметінің нашарлауының немесе мүлдем жойылуының көрсеткіші.
Дәнекертканьдену деп некрозға ұшыраған немесе басқа себептермен жойылған тканьдердің орнын дәнекер тканьнің басуын айтады. Соның нәтижесінде зақымдану ошақтары дәнекер тканьмен қоршалады (инкапсуляция) немесе бүтіндей алмастырылады Инкапсуляцияға ұшыраған жерлер қаннан бөлінген кальций тұздарының сіңуіне байланысты беріштеніп калады, бұл процесті петрификация (тастану) дейді. Осы ошақтардың айналасында өлі ет тканьдерін ыдыратуға қатысатын көп ядролы, жат денелерге тән алып клеткалар пайда болады