Сабақ Тақырыбы: Қаңқа бұлшықеттері: тұлғаның бұлшықеттері, бас және мойынның бұлшықеттері, қолдың бұлшықеттері, аяқтың бұлшықеттері



Дата08.02.2022
өлшемі103,5 Kb.
#117488
түріСабақ
Байланысты:
Қаңқа бұлшықеттері


5 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Қаңқа бұлшықеттері: тұлғаның бұлшықеттері, бас және мойынның бұлшықеттері, қолдың бұлшықеттері, аяқтың бұлшықеттері
Сабақтың мақсаты: басты, мойынды, дене және кол-аяқтардың қозғалтуына, айналуына қатысты бұлшық еттерді және олардың қызметтік топтарын зерттеу; олардың орналасуын және беку орындарын білу.
Сабақтың барысы:
Миология – бұлшықеттер жүйесі туралы ілім
Бұлшық ет – адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды.
Бұлшық ет атқаратын қызметі:
-Қорғаныс
-Қозғалыс
Бұлшықеттер пішініне, денеде орналасуына, талшықтарының бағытына, атқаратын кызметіне, буынға бекінуіне қарай топтастырылады.


Орналасуына қарай бұлшықеттердің шеті біреу немесе бірнешеге ажырайды. Осыған байланысты бірбасты, екібасты, үшбасты, төрт-басты бұлшықеттер деп атайды. Кейбір бұлшықеттердің талшықтары шеңберлене орналасады, мысалы, ауыз қуысының, артқы тесіктің бұлшықеттері.
Пішіндеріне қарай бұлшықеттер ромбы, трапеция, алмұрт т.б. деп бөлінеді. Мөлшеріне қарай - ұзын, қысқа, жалпақ үлкен, кіші делінеді.
Талшықтар будаларының бағытына қарай қиғаш, көлденең бұлшықеттер деп те аталады.
Бұлшықеттердің атқаратын қызметі: бұғу, жазу, айналдыру, бұру, көтеру т.б.
Буындарға бекінуіне қарай бұлшықеттер: бір буынды, екі буынды, көп буынды болады.
Тұлғаның бұлшықеттері
Тұлғаның бұлшықеттері - орналасқан орнына қарай: арқаның, көкіректің және құрсақтың бұлшықеттері деп бөлінеді
Арқа бұлшықеттері:

  1. трапеция пішінді бұлшықеттер - жалпақ, пішіні үшбұрышты, арқаның жоғарғы бөлігі мен мойынның артқы жағына орналасады. Бұғана мен жауырынға бекінеді. Бұлшықеттердің жоғарғы ұшы жиырылғанда жауырын көтеріледі, төменгі ұшы жиырылғанда жауырын қайта қалпына келеді.

  2. ромбы тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы жауырынның шетіне, екінші ұшы арқа омыртқаларының қанаттарына бекінеді. Жауырынның омыртқаға қарай жақындауына әсер етеді.

Арқаның бұлшықеттері бірнеше қабат болып орналасады. Терінің астына жақын орналасқан бұлшықеттер қолды қозғалысқа келтіреді. Тереңірек орналасқан бұлшықеттер омыртқа жотасын артқа, алға, оң жаққа, сол жаққа иілтеді.
Көкіректің бұлшықеттері:

  1. көкіректің ұлкен бұлшықеттері - пішіні желпуіш тәрізді, кеуде қуысының алдыңғы жағын жауып жатады.

  2. сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер - қабырғалардың аралығында орналасқан. Жиырылғанда қабырғалар көтеріліп, кеуде қуысын кеңейтеді (көлемін үлкейтеді) де тынысалуға қатысады.

  3. ішкі қабырғааралық бұлшықеттер - сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің астында орналасқан. Бұл еттерде кеуде қуысының көлемінің кішіреюіне эсер етеді.

  4. көкет (диафрагма) адам денесінің кеуде және кұрсақ қуысының арасын бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықет. Күмбез тәрізді дәңес жағы кеуде (көкірек) қуысына қарай бағытталған. Көкетте өңеш, қолқа қантамыры төменгі қуысты вена қантамыры өтетін тесіктері болады. Көкеттің шет жақтарында сіңір орталығы мен бұлшықет будалары орналасады. Көкеттің пішіні күмбез тәрізді болатын себебі: ішкі мүшелердің орналасуына және кеуде қуысы мен құрсақ қуысы қысымының айырмашылығына байланысты.



Құрсақтың бұлшықеттері: құрсақты қаптап тұратын бұлшықеттерге алдыңғы тіс тәрізді, сырткы және ішкі қиғаш, тік және т. б. бұлшықеттер жатады.
Бас пен мойынның бұлшықеттері.
Бастың бұлшықеттері шайнау және ымдау деп 2-ге бөлінеді. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақ-сүйекке бекінеді. Бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақсүйек қозғалысқа келіп, тамақты шайнауға, сөйлеуге қатысады. Ымдау бұлшықеттерінің бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы жағына бекінеді. Ауыздың айналасындағы бұлшықеттер - ауызды жұмуға, көздің айналасындағы бұлшықеттер қабақты жабуға қатысады. Көздің айналасында қатпарлар пайда болып, қасты жоғары көтереді.
Мойынның бұлшықеттері бас пен мойынды бұруға көмектеседі
Тапсырма 1: Бұлшықет құрылысының суретін салыңыз



Тапсырма 2:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет