Жүрек қантамыр жүйесінің реттелуі. Хаттама құрастыру: №1 тапсырма. Кестені толтыру«Жүрек жұмысына вжж әсері»



бет1/8
Дата27.04.2023
өлшемі0,63 Mb.
#175548
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
физио,СРОП, Аскар Каламкас (копия)


КАРДИОВАСКУЛЯРЛЫ ЖҮЙЕСІ ФИЗИОЛОГИЯСЫНАН
4 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
Жүрек қантамыр жүйесінің реттелуі.
Хаттама құрастыру:
1 тапсырма. Кестені толтыру«Жүрек жұмысына ВЖЖ әсері»



Әсері

Парасимпатикалық ж.ж.

Симпатикалық ж.ж.

Қос нейронды,біреуі ОЖЖ-де, ал екіншісі шеткі ганглийлерде орналасады.Жүрек қызметін реттейтін парасимпатикалық жүйке жүйесінің бірінші нейроны сопақша мида, ал екінші нейроны жүректің интрамуральдық ганглийде орналасады.



Тітіркендіргенде жүректің жиырылу күші азаяды, жүрек жұмысының ырғағы сирейді, жүрек етінің қозғыштығы төмендейді, жүрек етінің өткізгіштігі баяулайды, жүрек етінің тонусы төмендейді.Тітркенгенде жүрекше еттерінің рефрактерлік кезеңі қысқарады. Бұл жүйкені күшті тітіркендіргенде жүрек жұмысы тоқтап қалады.

жүрек етінің жиырылу күші артады, жұмыс ырғағы жиілейді, қозғыштығы жоғарылайды, өткізгіштігі шапшаңдайды, тонусы жоғарылайды.Бірінші нейрондары жұлынның бастапқы 1-5 кеуде сегменттерінің бүйір ашаларында орналасады.





2 тапсырма. Қантамырлар қозғалтқыш орталығының компонентері


Қан тамырын қозғалтатын орталық деп тамыр түтігінің диаметрін өзгертетін орталықты айтады. Қан тамырын қозғалтатын орталық қан тамыры қабырғасындағы бірыңғай салалы ет тонусын өзгерте келе оның түтігін тарылтады не кеңейтеді, сөйтіп, ағзалар мен тіндердің қанмен қамтамасыз етілуін реттейді. 1871 жылы В.Ф. Овсянников ми бағанын әр жерінен көлденең кесіп, вазомоторлық орталықтың қай жерде орналасқанын тапты.
В. Овсянников бұл орталықты микроэлектродтармен тітіркендіріп, оның прессорлық-қысымдық және депрессорлық-қысымсыз екі бөлімнен тұратыны анықталды. Прессор бөлімінің қозуы күшейсе, қан тамыр тарылып, қан қысымы жоғарылайды, ал депрессорлық бөлім қозса, прессорлық бөлімнің тонусы төмендейді де, қан тамырларға жететін серпіністер азайып, қантамырларын кеңейтеді. Прессорлық орталық жұлынның кеуде бөліміндегі бүйір қанатында орналасқан симпатикалық жүйе нейрондары арқылы дене сегменттерінің қантамырларын тарылтады. Тамыр қозғалтатын орталық бас ми жүйкелерінің IX, X, XI, XII жұптары арқылы да қантамырларына ықпал етеді.
Меншікті және одақтас рефлекстер болып екі топқа бөлінеді. Қан тамырлардың әсіресе, күрделі үлкен қантамырларының ішкі қабатында қабылдағыштар көп. Мәселен, рецепторлар қолқа доғасында, жалпы ұйқы артерияларының ішкі, сыртқы тармаққа бұтақтанған жерінде жоғарғы, төменгі қуысты веналардың оң жүрекшеге ашылған жерінде, өкпе артерияларының екіге бөлінген жерінде орналасқан. Рецепторлардың тамырда шоғырланған жері тамырдың рефлексогендік алаңы деп аталады. В.Н. Черниговский әр тамырдың бұтақтанған жерінде осындай рецепторлар тобын, бүкіл тамырлар жүйесіндегі ангиорецепторларды біртұтас рефлексогендік алаң деген. Ілеспелі рефлекстер экстрарецепторлар, интра- және проприорецепторлар қозуынан туады.


3 тапсырма. Қан тамыр қозғалтқыш реакциялардың механизмдері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет