Қабаттасқан алгоритмдер
Мақсат. Бір-біріне салынған алгоритмдерді программалау.
Нәтиже: Программаны жүргізіп, сан алу.
Әдістемелік нұсқау. Бір-біріне салынған процесстерді ұйымдастыруда бір цикл операторы құрамында екінші бір цикл операторы болуы мүмкін. Бұл жағдайда бірінші цикл операторы – сыртқы цикл, ал оның құрамындағы екінші оператор – ішкі цикл деп аталады.
Сыртқы және ішкі циклді ұйымдастыруда мына шарт орындалады: ішкі циклдің барлық операторлары сыртқы цикл денесіне толық енеді.
Мысал. Берілген қосындыны есептеудің программасын жазайық.
#include
#include
main ()
{ int i,j; float s;
s=0;
for (i=1; i<=100; i++)
{for (j=1; j<=50; j++)
s=s+1.0/(i+pow(j,2);
}
printf("s=%7.4f",s);
getch(); return 0; }
****************************
Жеке тапсырмалар.
1. функциясының мәнін есептеу, мұндағы және . Бұл, программадағы күрделі циклді while және for операторларымен ұйымдастырамыз. Программаның нәтижесінде, аргументтер және мәндері мен функцияның мәні кесте түрінде шығады. -тің өзгеру қадамы 2 (х=2) болса, -тің өзгеруі 1 қадамға (у=1)тең.
2. Көбейту кестесін құрудың программасын бір-біріне салынған қайталау алгоритмі түрінде ұйымдастыру.
3. қосындыны есептеуші программа құрылсын.
4. қосындыны есептеуші программа құрылсын.
5. y=2k+i функцияның i=1, 2, 3 және j=2, 4, 6, 8 болғандағы мәндерін есептеуге бағдарлама құру қажет.
6. А [0..6, 0..6] массив берiлген. Осы массивтің бас диагоналiнiң элементтерiнен тұратын бiр өлшемдi массив құрыңдар .
7. А [0..6, 0..6] массив берiлген. k- жəне 1-жолдардың орындарын ауыстырыңдар.
8. А [0..6, 0..6] массив берiлген. Одан бiрөлшемдi массив құрастырыңдар.
9. Бүтiн санды х [0...5, 0...4] массив берiлген. Оның 5-тен кiшi барлық элементтерiн 111 санымен ауыстырыңдар.
10. Бүтiн санды В [0...4, 0...3] массив берiлген. Оның элементтерiн олардың квадраттарымен ауыстырыңдар.
11. Нақты сандар массивы А[0...5, 0...3] берiлген. Оның терiс элементтерiнiң индекстерiн басып шығарыңдар.
12. Бүтiн санды А [0..10, 0..7] массив берiлген. Массивтің 5-ке қалдықсыз бөлінетін элементтерiнiң қосындысын табыңдар.
13. Бүтiн санды В[0..5,0..5] массив берiлген. Оның диагональдарынан сол жəне оң жақта орналасқан элементтерiн анықтаңдар.
14. Бүтiн санды В [0..5, 0..5] массив берiлген. Бас диагональдың оң жақтағы элементтерiнiң қосындысын, сол жақтағы элементтерiнiң көбейтiндiсiн табыңдар.
15. Бүтiн санды В [0..5, 0..5] массив берiлген. Массивтіңң ең үлкен элементiн табыңдар жəне оның диагоналының қай жағында орналасқаны туралы хабарды экранға шығарыңдар.
16. Бүтiн санды В [0..5, 0..5] массив берiлген. Массивтің ең кiшi элементiн табыңдар жəне оның бас диагональдің қай жағында орналасқаны туралы хабарды экранға шығарыңдар.
17. Бүтiн санды В [0..5,0..5] массив берiлген. Массив диагоналiнiң сол жағынан жоғары орналасқан элементтердiң қосындысын табыңдар.
18. Бүтiн санды В [0..5,0..5] массив берiлген. Массив диагоналiнiң сол жағынан төмен орналасқан элементтердiң көбейтiндiсiн есептеп шыға рыңдар.
19. Бүтiн санды В [0..5,0..5] массив берiлген. Массив диагоналiнiң сол жағынан төмен орналасқан терiс таңбалы элементтерiнiң санын табыңдар.
20. Бүтiн санды В[0..5,0..5] массив берiлген. Масив диагоналiнiң сол жағынан жоғары орналасқан оң таңбалы элементтерiнiң санын табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |