Абилова Замзагуль Куанышевна Мұғалім портфолиосы В2 есебі 1-топ 3-деңгей



бет3/5
Дата20.05.2020
өлшемі223.73 Kb.
түріСабақ
1   2   3   4   5
Интернетпен жұмыс.

Келесі жұмысымыз жеті модульдің бірі – «оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулінің идеясын енгізуге бағытталды. Бұл бағыттағы жұмысты мен келесі жолдармен жүзеге асырдым: бірінші топқа «әнұран», «елтаңба» деген сөздерді берсем, екінші топқа «ту» деген сөзді ұсындым. Ұялы телефондар мен ноутбукты пайдалану арқылы оқушылар ғаламторға шығып, берілген сөздер бойынша ақпарат алып, дәптерлеріне негізгілерін жазып алды. Бұл жерде оқушылардың ақпараттық технологияларды, яғни интернетпен жұмыс жасауды жақсы меңгергендерін байқадым. Осы атқарылып жатқан жұмысымыз әрі қарай қызықты болсын деген ниетпен «Диалогтік оқыту» модулінің бір элементін ойын ойнату арқылы осы жерде қолдандым. Ойын «Журналистпен пікір алысу» деп аталды. Бұл ойынның барысында бір оқушыға микрофон беріледі. Ол екі топқа кезек – кезек барып сұрақтар қояды. Сұрақтар алдын ала берілген сөздер төңірегінде қойылуы тиіс еді. Тамила есімді қыз бала қолына микрофон ұстап біресе бірінші топқа барып, біресе екінші топқа барып «Қазақстан Республикасының туының авторлары кім?» , «Елтаңбада не бейнеленген?» , «Жаңа әнұранның сөзін кім жазды?» деген сияқты сұрақтар қойды. Осы кезде Тамиланың бойынан бұрыннан бері көрмей жүрген актерлік қасиет бар екенін аңғардым. Тілшінің роліне енгені соншалық қасындағы кластастарынан еш қысылмай сөйлеп, теледидарға түсіп жүрген кейіп танытты. Айта кететін жайт, бұл оқушы өте ұялшақ, үндемейтін оқушы еді.бірінші сабақтан бастап – ақ бұл оқушы ашылып жатқанына мен қатты қуандым. Бұл менің алғашқы жетістігім болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет