Адам іс әрекетіндегі ойлау мен сөйлеудің өзара қатынасы



бет1/2
Дата03.07.2024
өлшемі31,82 Kb.
#203526
  1   2
Байланысты:
Б тапсырма


Адам іс әрекетіндегі ойлау мен сөйлеудің өзара қатынасы

І. 1. Ойлау мен сөйлеу туралы жалпы түсінік


І. 2. Ойлау мен сөйлеудің теориялары
І. 3. Ойлау мен сөйлеудің арақатынасы

Кіріспе


Адамның дүниетанымы қоғамдық – тарихи даму нәтижесінде өрістейді. Адамзаттың сөзін де, ойын да ұлы десек болар: олар күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Адамзаттың ойлауы мен сөйлеуі уақыт өткен сайын кемелденіп, даму үстінде. Адамның ойынан ұшқыр, сөзінен күшті еш нәрсе жоқ. Ойлау мен сөйлеудің мәселелері психология ғылымында қашанда маңызды орын алып, келелі мәселелердің бірі болып келді.
Осы курстық жұмысты бастаудағы мақсатым – адамның ойлауы мен сөйлеуінің жалпы сипаттамаларымен таныса отырып, оларды жан – жақты зерттеп, арасындағы байланысты ашып көрсету. Курстық жұмыстың өзектілігі – адамның ойлауы мен сөйлеуінің сипаттамалары және өзара арақатынасы. Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, зерттеу әдістері мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты, өзектілігі, ойлау мен сөйлеудің психологиядағы маңызы баяндалған. Курстық жұмыстың зерттеу әдістерінде адамның ойлауы мен сөйлеуіне толықтай сипаттама беріліп, олардың арақатынасы ашылады. Курстық жұмыстың қорытындысында осы зерттеу жұмысыма тұжырымдама келтіріледі.
Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, ал сөз – ойды басқа адамдарға жеткізуші құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуінің арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды. Ойлау мен сөйлеу адамның индивидтік ерекшеліктеріне шартталған сияқты, жеке түрде шартталады. Психологияда адамның ойлауы мен сөйлеуінің ерекшеліктері көптеген ғалымдарды толғандырған мәселелердің бірі болып табылады. Ойлау мен сөйлеуге қатысты әрқилы тұжырымдар айтылып, бұл мәселе көптеген ғалымдардың зерттеулеріне ие болды. Осыған орай, психологияда ойлау мен сөйлеуге нақты анықтама беріліп, олардың ерекшеліктері жан – жақты талданды. Ондағы ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ал сөйлеу дегеніміз – тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізу болып табылады. Ойлау мен сөйлеудің сипаттамаларына қарап – ақ біз олардың арасында ажырамас байланыс барын біле аламыз.
Тіл – табиғатпен тығыз байланыста жаратылған ерекше құбылыс екенін мойындауымыз қажет. Ал тіл сөйлеудің ең басты құралы болып табылады. Адам баласы сөйлеу болмаса өзінің ойын толық жеткізе алуы мүмкін болмас еді. Сондықтан да адамның сөйлеуі де, ойлауы да оның өмірінде маңызды роль атқарады. Адам ойлау мен сөйлеу арқасында қарым – қатынасқа түседі. Адамның көпғасырлық еңбек етуі нәтижесінде осы қарым – қатынас құралы сөз пайда болды десек болады. Адамның ойлауы мен сөйлеуінің мәселелері қазіргі таңда психологияның ерекше бөліп қарастыратын мәселелердің біріне айналды. Олардың арақатынасы да арнайы талдауды керек етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет