Семинар ұйымдастырылмақшы. Осыған байланысты семинардың күнін, орнын, қарастылатын мәселелерін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз



бет1/2
Дата14.12.2022
өлшемі60,51 Kb.
#162719
түріСеминар
  1   2
Байланысты:
21-25
БӨЖ БОӨЖ тапсырмалары 1

21. Қалалық әкәмшіліктің ұйымдастыруымен «Аймақтың экономикалық ахуалы және өркендетудің тиімді жолдары» атты семинар ұйымдастырылмақшы. Осыған байланысты семинардың күнін, орнын, қарастылатын мәселелерін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Алматы қалалық әкімдігі

АҚПАРАТ ХАТ




Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелерін қарастыра отырып Алматы қаласының әкімдігі «Аймақтың экономикалық ахуалы және өркендетудің тиімді жолдары» атты семинар өткізеді.
Семинарда қарастыратын мәселелер:

  • Қазақстан Республикасындағы аймақтық дамудың ерекшеліктерін айқындау;

  • аймақтық саясатты жүзеге асару құралдарын саралау;

  • Қазақстан аймақтарын әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері бойынша топтастыру арқылы, аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын ұсыну.



Семинарды өткізу мерзімі: 2022 жылдың 20 – 21желтоқсан.
Семинарды өткізу орны Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 74а. Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі:

22. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады?


Бұйрық — қандай да бір міндеттерді (өндірістік немесе жеке құрам бойынша) шешу үшін мекеме басшысы шығаратын өкімдік кұжаттардың бірі.
Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыружоспарлау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар негізгі қызмет бойынша бұйрық деп аталады
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі.
Негізгі қызмет бойынша бұйрық мәтіні екі бөліктен түрады. Бірінші констатациялық бөлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. Ол мемлекеттік органдардың (үкімет, салық инспекциясы т.б.) нормативті құжаттары, директорлар кеңесінің, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері немесе өндірістік қажеттілік болуы мүмкін. Негізгі қызмет жөніндегі бұйрық негізі, әдетте, " ... байланысты ", " ... жүзеге асыруда", " ... жақсарту мақсатында ", " ... орындау мақсатында ", " ... жетілдіру мақсатында ", "... үшін ", "... сәйкес" деген сияқты тұжырымдаулармен басталады. Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпейтін болса, констатациялық бөлік жазылмайды. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтың екінші бөлігі өкімдік бөлік деп аталады. Ол " БҰЙЫРАМЫН " деген сөзден басталады."БҰЙЫРАМЫН" деген сөз бас әріптермен жазылады. Бұйрықтың өкімдік бөлігінде кімге не тапсырылатыны, оның орындалу мерзімі көрсетіледі. Егер тапсырмалар бірнешеу болса, әр тармақ (пункт) азат жолдан басталады. Соңғы тармақта бұйрықтың орындалуын қадағалайтын жауапты адам көрсетіледі. Барлық бұйрықтардың мәтінінде етістік бұйрық райдың үшінші жағында жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет