Баланың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым - қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Шығармашылық қиялын, ой-өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Эпиграф: Үш-ақ нәрсе- адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. (Абай)
Көрнекілігі:
С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі, «Адами құндылықтар», «Мәңгілік ел-» бейне – баян, стикерлер, интерактивті тақта, адамгершілік ағашы.
Түрі: топтық
Психологиялық
дайындық
Шаттық шеңбері:
Шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынамын. Балалар,бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі жылы сөздермен, жылы жүрегімізбен, күлімдеген көзімізбен,жымию арқылы жеткізейік.
-Жарайсыңдар балалар! Әрбіреуің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу
Ал енді балалар қолдарыңдағы тәттілерде адамгершілік асыл қасиеттер жазылған. Сол сөздер арқылы топтарға бөлінейік. Алдағы өмірлерің тәтті, бүгінгі күніміз сәтті болсын деп тілеймін.
1-топ: Мейірім 2-топ: Ізет 3-топ: Кішіпейіл
Қызығушылықты ояту
Тыныштық сәті. Баяу музыка
С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі.
Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Бұл әлемнің ауасы таза, жұпар иісті. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Мейірімділік, сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып, жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді.
Қайтатын уақыт та келді. Осы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.
Сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Мұғалім:Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халықта, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан, күнделікті адамдармен қарым-қатынасынан бойына сіңіреді.Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетінен айқын көрінеді. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
V.Адами құндылықтар.
Кешірімді болу,сабырлылық, ізеттілік. әділ болу:имандылық, мейірімді болу
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен кейін түсінесің»-дейді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді. Ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,-дейді балапан. Мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»-дейді де, әрі қарай жүріп кетеді. Шалғайдан кішкентай қызды кездестіреді. Ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүр екен. «Балапан, балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»-деп өтінеді қыз. «Менде уақыт жоқ - дейді балапан. Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді. Маған айтшы» - дейді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер, сосын айтамын дейді. Балапан шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің. Мейірім деген осы». «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.
2-топ: Құпия хатқа жауап:
Құрметті достар!
Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды, мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3-топ: Суретпен жұмыс. Әдептілік асыл қасиет.
Берілген суреттер бойынша өз ойларын суреттеп айтады.
- Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
- Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
- Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
- Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!-деп атап көрсетті.
VІ. Топтық жұмыс.
1-топ: Мемлекеттік Тудың суретіне сөйлемдер құрастыру. (Бір сурет-үш сөйлем)
2-топ: Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі Бәйтеректің суретін салып, қорғау.
3-топ: «Менің Отаным Қазақстан» эссе жазу.
Ой толғаныс
Қорытынды.
Рухани — адамгершілік қасиет – сүйіспеншілік. Біз барлығымыз да ата – анамызды, Отанымызды, достарымызды сүйеміз. Ендеше, сіздер де осы Қазақстанның мәңгілік ел болуына өз үлестеріңізді қосады деп сенемін. Ол үшін адам бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерді бойларыңызға сіңіре отырып, Отанымыздың тәрбиелі де білімді ұландары болыңыздар.
VІІІ. Бекіту.
-Балалар, әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңыздар.
-Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың барлығын тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңіздер.
-Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды, күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көріңіздер.
-Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.
-Басқалардың қажетіне жарай білуге талпыныңыз.
-Тыныштық сақтай білуге үйреніңіз.
-Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдыланыңыз.
-Көк аспан аясында күлімдеген күндей жылы жүзді болыңыздар.
Асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашы» баурайына Мәңгілік ел Қазақстанымызға, қонақтарға, бір – бірімізге жылы тілек жазып білдірейік.
Адамгершіік ағашы.
Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын, бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын, үнемі қайырымды, мейірімді, адал, ақкөңіл, еңбекқор, әділ, Отаншыл, парасатты болыңыздар!
Оқушылар стикерлерге тілектер жазып «Адамгершілік ағашына» жабыстырады
Қостанай №1 жалпы орта білім беретін мектебінің І санаттағы
бастауыш сынып мұғалімі Кабзиева Бакыткул Каскеленова