Ағаштан жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден откізіп кәдеге жарату жолдары



Дата02.05.2020
өлшемі30,53 Kb.
#65506
Байланысты:
ағаш өңдеу

Ағаш өңдеу





Ағаш өңдеу — Ағаштан жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден откізіп кәдеге жарату жолдары.

Дайындалатын заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, бояу ағаш бетін қыздырылған металлмен қару, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру, т.б. тәсілдер жатады.

Аталған тәсілдерді көбінесе үй жиһазы (көбіне ыдыс-аяқ түрлерін), саз аспаптарыныңүйғимараттың ағаш бөлшектерін (ұстын, тіреу, есік, қақпа және т.б.) өңдеуге қолданған. Ол үшін әшекейленетін ағаш бетіне өрнектің нобайын біз тәрізді өткір аспаппен немесе қызған иненің ұшымен батыра сызып алып, әртүрлі мәнерде иілген теміртек (металл) қалыптарды отқа қыздырып, өрнектің бойын қуалай, қарып (күйдіріп) шығады.

Қарағай, самырсын, шырша тәрізді шайырлы ағаштардан жасалған бұйымдардағы ағаштың табиғи өрнегін (текстурасын) айқындай түсу үшін, өңделген бұйымды оттың жалынына шарпытып алса, ағаш талшықтарының шайырлы жерлері сақталып, шайыры жоқ тұстары күйіп, қарақоңыр түске еніп, жолақты табиғи өрнек пайда болады. Ертеректе шеберлер ағаш бұйымдарға ру таңбаларын, адам аттарын, ою-өрнек түрлерін қарып түсірген.



Ағаш бөліктерін қатарластыра қари отырып, сарғыш қоңырдан шымқай қаратүстің арасындағы реңдерді шығарған. 

Ағаш өңдеу жабдықтар.


Ағаш өңдеу жабдықтары — ағаш өңдеу жұмыстарында пайдаланылатын қол немесе механикаландырылған аспаптар. Оған: қоласпаптар — балтаара, сүргі, қашаубұрғы т.б.; қосалқы қоласпаптары — ұста балғасы, ағаш балға, қышқаш, бұрауыш, тістеуік, егу т.б.; механикаландыр ылғанаспаптар — электр ара, электр сүргі, электр қашау, электр бұрғы, электр фреза, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары т.б.; механикаландырылған қосалқыаспаптар — электр және пневматикалық бұрауыш; өлшеу-белгілеуаспаптары — метр, рулетка, сызғыш, кронциркуль, ішкі өлшеуіш, деңгейлік, рейсмус, циркуль т.б. жатады. Жоғары механикаландырылған ағаш өңдеу комбинаттарында, шеберханаларда: ірі дөңгелек ағаштар мен бөренелерді тақтай етіп тілетін ағаш тілгіш рамалар; тақтайларды ені және қалыңд. бойынша қысаң білте тәрізді тақтайшаларға келтіретін дөңгелек араларсызықты элементтер жасайтын таспалы аралар; ағаш сүргілеу станоктары; ағаш фрезалау станоктары т.б. қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет