Ағзалардың химиялық құрамы. Зат алмасу туралы түсінік. Амин қышқылдары



Дата14.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#127018
түріҚұрамы
Байланысты:
1 тап
Сұрыптау — Уикипедия, 1 тап, nojabr-po suicidam

Ағзалардың химиялық құрамы. Зат алмасу туралы түсінік. Амин қышқылдары.

Өскемен,2021 жыл


Биохимия пәні және міндеттері

Биохимия (биологиялық химия) – тірі ағзалардың құрамына кіретін химиялық табиғи заттардың құрылымын, өзгерісін жəне тірі материяда болатын химиялық реакцияларды молекулалық деңгейде зерттейтін ғылым. Сондықтан да биологиялық химияны – тіршілік химиясы деп атайды.

Биохимия үш бөлімнен тұрады:

*Статикалық биохимия – ағзаның химиялық құрамына анализ жасайды;

*Метаболиттік биохимия – ағзадағы энергия жəне зат алмасуын зерттейді;

*Функционалды биохимия – тіршіліктің əртүрлі өзгерістерінің процестерін зерттейді.

Биохимияның аса маңызды міндеті – студентті тірі организмдердің химиялық құрамымен және тірі материалардың тіршілігін қамтамасыз ететін химиялық заңдылықтармен таныстыру.

АҒЗАЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

  • Сандық мөлшеріне қарай ағзадағы элементтер 4 топқа
  • бөлінеді:
  • І-топ –макробиогенді элементтер: - оттегі, көміртегі, азот жəне сутегі, олардың ағзадағы мөлшері 1%-дан жоғары.
  • ІІ-топ – олигобиогенді элементтер – кальций, фосфор, калий, хлор, күкірт, магний, темір. Ағзадағы мөлшері – 0,01%-дан жоғары.
  • ІІІ-топ – микробиогенді элементтер – мырыш, марганец, кобальт, мыс, бром, йод, молибден, т.б. бұл элементтер мөлшері 0,001% - 0,000001% аралығында.
  • ІV-топ – ультробиогенді элементтер – литий, кремний, қалайы, кадмий, селен, титан, ванадий, хром, никель, сынап, алтын, жəне т.б. Ағзадағы мөлшері 0,000001%-дан аспайды

Жердің биомассасын құрайтын ағзаларда Д. И. Менделеев таблицасының 70-тен астам элементтері табылған. Оттегі, көміртегі, сутегі, азот, кальций, фосфор, калий, күкірт, хлор, натрий, магний, мырыш, темір, йод, мыс, молибден, кобальт, селен элементтері тірі ағзада үнемі кездеседі. Олар тірі ағза жасушасының негізін қалайтын қосылыстар: белоктар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары, липидтер, ферменттер, гормондар мен витаминдер құрамында болады.

Пептидтер


Пептидтердің сипаттамасы (құрылымы, аталуы).

Амин қышқылдарын «әлемнің кірпіштері» деп те атайды. Біздің планетамызда өмір амин қышқылдарының қысқа тізбектерге бірігуі нәтижесінде пайда болған. Олардың өлшемі небәрі 1 нанометр. Бірнеше амин қышқылының (бестен кем) бірігуі пептидтер деп аталады. Яғни пептидтер – бұл шағын ақуыздар.

Зерттеулер нәтижесінде пептидтердің гендердің жұмысын реттейтіндігі анықталды. Ал гендер адам ағзасындағы ақуыз синтезін реттеп, бақылайды.

Ақуыз қалыпты әрі толыққанды болған жағдайда, адамның дені сау болады және оның барлық мүшелері ақаусыз жұмыс істейді. Біздің бүкіл өміріміз екі ақпараттық молекуланың, атап айтқанда пептидтер мен ДНҚ-ның (ДНҚ шиыршығы гендерден тұрады) өзара әрекеттестігін білдіреді. Әр пептид нақты генді реттейді, ал адамда олардың саны 30 000-нан асады.

Осы себепті адамдардың толығымен сау болуы және жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін пептидтерді қабылдау қажет. Пептидтердің түгелдей дерлігі тағамның құрамында болады, бірақ олардың мөлшері өте аз. Бұл заттар қосымша тағам көзі ретінде керек. Ағзаның өмірлік маңызы бар функцияларын белсендіру және қолдап отыру үшін әр адамға 30 жастан асқаннан кейін пептидтерді қабылдау қажет.

Ақуыздардың түсті реакциялары.

Белоктарды сапалық анықтау үшін түсті реакциялар қолданылады.

а) Ксантопротеин реакциясымен (грек. ксанты — сары) құрамында бензол ядросы бар ақуыздар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді.

ә) Биурет реакциясы. Мыс (II) гидроксидінің сілтідегі ерітіндісімен ақуыздарға әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады. Бұл реакция ақуызтардың құрамындағы пептидтік байланыстарды анықтайды.

б) Құрамында күкірті бар ақуыздарға қорғасын ацетатын және сілті қосып қыздырғанда, қорғасын сульфидінің қара тұнбасы түзіледі.


Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет