Айымжан орта мектебінің физика пәні мұғалімі Хабаева Г. С.
Тақырып: Ньютон заңдарынан біз нені білеміз? Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Ньютон заңдарының терең мағынасын түсіндіре отырып, оларға осы заңдарды күнделікті өмірде, әр түрлі қозғалыстарды қарастыр-ғанда және есеп шығаруда дұрыс қолдана білуді үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Қарым-қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Қорытынды қайталау.
Сабақ типі: Топпен жарыс.
Ньютон заңдарын тереңірек және кең көлемде талдау үшін осы заңдардан шығатын екі құбылысты да қарастыра кетуді жөн көрдім. Ол үшін оқушыларды шағын екі топқа бөлдім:
I-ші топ: «Импульс» «Аш бала тоқ баламен ойнамайды».
II-ші топ: «Инерция» «Тоқ бала аш болам деп ойламайды»
Сабақ осы екі топтың арасындағы жарыс түрінде өтеді. Әр топқа бірдей ұқсас 5 тапсырмадан беріп отырып, орындалуына байланысты әр тапсырмаға «3», «4» және «5» деген бағалар қоямын. Сабақ соңында орташа бағаны есептеп, топ мүшелеріне бірдей «орта» бағаны қоямын.
1-тапсырма: Ньютонның ІІ-ші заңын пайдаланып, кестені толтыру (әр топтан үш оқушыдан шығып, жеке-жеке есептеп F, m, a мәндерін табу керек).