Айнагулова Галия Сиюндуковна Пән/Сынып: Биология, 8 сынып Қай аптаның нешінші сабағы 9- сабақ



бет1/2
Дата08.06.2023
өлшемі22,86 Mb.
#178475
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
9-сабақ. Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметін және олардың түрлерін сипаттау


ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Айнагулова Галия Сиюндуковна

Пән/Сынып:

Биология, 8 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

9- сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

8-бөлім. Қозғалыс. Биофизика

Сабақтың тақырыбы:

Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу

Оқу мақсаты:

8.1.6.5 бұлшық ет ұлпасының құрылысын, қызметін және олардың түрлерін сипаттау;
8.1.6.6 адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану.

Бағалау критериі:

  • бұлшықет ұлпасының түрлерін ажыратады;

  • бұлшықеттің құрылысын сипаттайды;

  • бұлшықеттің түрлеріне мысалдар келтіреді.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі. Бүгінгі жұмыс мақсатымен таныстыру. Бейнематериалды көре отырып, сабақты түсіндіру. Бекіту тапсырмалары және оқу тапсырмалары беріледі. Сабақты қорытындылау



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Бекіту тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
1 тапсырма бұлшық ет ұлпасына анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз.
2 тапсырма Берілген үш суретті бірінен соң, бірін жалғастыра отырып, ойларын тұжырымдау, өз ұсыныстарын жасау.


Жеке жұмыс
Оқу тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындайды

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут
00:00 – 03:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме! Біз сіздермен бұлшық ет ұлпасының құрылысын, қызметін және олардың түрлерімен танысамыз. Адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтары жайлы оқып-үйренесіңдер.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу.
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің: бұлшық ет ұлпасының түрлерін, бұлшық еттің құрылысын, бұлшық еттің түрлерін.
Сенің меңгеретінің:
Бұлшық еттің маңызын, бұлшық еттің сипаттамасын, қаңқа бұлшық еттерінің құрылысын, бұлшық еттердің жіктелуін.

Сабақтың мақсатымен таныстыру







Презентация
Слайд 1

Слайд 2



8 минут

03:00 – 11:00



11:00-14:00


Жаңа сабақ


Бұлшық ет – әртүрлі қозғалысқа жауап беретін тірек-қимыл жүйесінің бөлімі. Адам ағзасында 600-ден астам бұлшық ет бар. Дененің тепе-теңдігін бұлшық еттер қамтамасыз етеді.
Бұлшық еттер бұлшық ет жасушалары – миоциттерден түзіледі.
Бұлшық еттер арқылы орындалатын қимылдар:

  • Жұту

  • Дыбыс түзілу

  • Көз алмасының қимылдауы

  • Қозғалу белсенділігінің барлық түрлері



Бірыңғай салалы бұлшық еттер қуыс ішкі мүшелердің қабырғасын түзеді: ішек, асқазан, қантамырлар, қуық, бездердің өзектері. Олардың жиырылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.



Көлденең жолақты қаңқа бұлшық еттері көлденең жолақтары бар жасушалардан тұрады.
Көлденең жолақты жүрек бұлшық еті жүректің негізгі массасын (миокардты) құрайды.
Жүрек бұлшық еті тірек-қимыл жүйесіне жатпайды.



Тірек-қимыл жүйесінің бұлшық еттері қаңқаны қозғалысқа келтіреді. Олар саналы түрде реттеледі. Қаңқа бұлшық еттерінің екі жағы буын арқылы байланысқан көрші сүйектерге бекиді. Шеңберлі бұлшық еттер (ауыз, көз) және мимикалық бұлшық еттің бір ұшы бас сүйекке, екінші ұшы теріге бекиді.



Нағыз қаңқа бұлшық еттерінің миоциттері ірі болады да, олар бұлшық ет талшықтары деп аталады. Ет талшықтары жіңішке және ұзындықтары шамамен 10 см болып келеді.
Сыртынан бұлшық еттер шандырмен қапталады. Бұлшық ет жасушалары – талшықтары арасында қан тамырлары мен жүйке талшықтары болады.
Қаңқа бұлшық еттерінің ұшында берік дәнекер ұлпасынан тұратын сіңір орналасады.
Сіңір арқылы бұлшық еттер сүйектерге бекиді.



Бұлшық еттердің негізгі қызметі – жиырылғыштық. Бұлшық еттер жиырылып, сүйектерді өзіне қарай тартады.
Әрбір сүйекке 2 қарама-қарсы әрекет ететін антогонист-бұлшық ет бекиді. Олар бүгу және жазу болып бөлінеді. Екі басты бұлшық ет (бицепс) жиырылғанда қол бүгіледі, ал үшбасты бұлшық ет (трицепс) жиырылғанда қол жазылады.
Әрбір тітіркендіргішке бұлшық еттер жиырылып және босаңсып жауап береді.



Бұлшық еттер дене бөлімдерінде орналасуына байланысты: бас, мойын, дене және аяқ-қол бұлшық еттері болып бөлінеді.

  • Пішіні бойынша: ұзын, қысқа, жалпақ және шеңберлі бұлшық еттер.

  • Орналасуы бойынша беткейлік және терең, сыртқы және ішкі, бүйірлік және ортасында орналасатын бұлшық еттер.

  • Орындайтын қозғалысы және буынға әсер ету сипаты бойынша: бүгу және жазу, әкелетін және апаратын, айналдыратын және көтеретін, түсіретін, қысатын, кеңейтетін және т.б. бұлшық еттер.







Жаңа тақырыпты меңгеру







Слайд 3

Слайд 4


Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8


Слайд 9


Слайд 10



9 минут

14:00-17:00


17:00-20:00










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет