Айтмагамбетова Адеми Алиповна №56 жалпы білім беретін орта мектебі



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі54 Kb.
#91273
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жоба Айтмагамбетова Адеми, Космагамбетова А.С.


Ақтөбе өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
Жоба


Тақырыбы: Физикадағы сапалы есептерді шешуде пәнаралық интеграция
Орындаған:
Айтмагамбетова Адеми Алиповна №56 жалпы білім беретін орта мектебі
Космагамбетова Алия Сигизбаевна Қобда ауданы, Талдысай орта мектебі


Тексерген: Изтлеуова Ақмарал Актамбайқызы


Ақтөбе қаласы 2020 жыл
Физикадағы сапалы есептерді шешуде пәнаралық интеграция

 
« Пәндердегі білім байланысы, сол байланыс негізінде меңгерілуге тиісті»
Я.А. Коменский
Пәндердің интеграциясы яғни пәнаралық байланысы – педагогика ғылымының негізгі мәселесінің бірі және пәндер мазмұнында табиғатта әсер ететін диалектикалық өзара байланысты көрсете отырып, жаратылыстану білімдер жүйесін қалыптастырудың қажетті шарты болып табылады. Әрбір пәнді басқа пәнмен байланыстыра отырып өткізудің үлкен мәні бар. Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті дара байланыстылықты танып білу. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, шектелмей пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет.
Мектепте берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасау ең алдымен, әрбір оқушының жан-жақты дамуына, ойлау қабілетінің үздіксіз жетіліп, жаңа деңгейлерге көтерілуіне қызмет етуі тиіс. Сондықтан да жаңа талаптарға сәйкес, оқу пәндерінің мазмұнын, оқу- танымдық мүмкіндіктерін толығырақ пайдаланудың дидактикалық амалы – жақын пәндерді бір-біріне интеграциялай отырып оқыту негізінде білім сапасын арттыру үдерісін ізгілендіру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет