Автор:Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты - Асан, ортаншысының аты - Үсен, ал ең кенже баласының аты - Хасан екен. Хасан ақылды әрі батыр, ақ көңілді бала болып өседі.Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен Асан мен Үсенді шақырып алып айтады.
Патша:«Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу.Осы құсты қайдан да болса маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын».
Автор:Асан мен Үсен әкесінен корыққанынан
Асан мен Үсен:«Қайдан да болса тауып әкеп береміз»
Автор:деп уәде береді де, жол жүріп кетеді.Ал бұл оқиғаны Хасан білмейді. Хасан әкесінің Асан мен Үсенді түсіне кірген ғажап құсқа жұмсағанын қырық күннен кейін барып біледі. Асан мен Үсенді осындай алыс жолға жұмсап, өзінің үйде қалғанына қапа болып, әкесіне келеді.
Хасан:Әке,Асан мен Үсенді жұмсаған жаққа мені неге жұмсамадыңыз, әлде мені ол екеуінен жек көресіз бе, я болмаса маған сенбедіңіз бе?
Патша:«Жоқ, балам, олай емес, мен Асан мен Үсенді өте қатерлі қиын жолға жұмсадым. Ал сені ол қиын сапарға жұмсауға қимадым!»
Автор:Хасан әкесіне жалынып, сол құсты іздеуге разылығын алып, ел-жұртымен қош айтысып, екі ағасының артынан кетеді. Қырық күн бұрын кеткен ағаларын Хасан қуып жетеді. Ағайынды үшеуі бір үлкен жолға түсіп жүре береді. Бір күндері бұлардың жүріп келе жатқан жолы үш айрылады.Асан «барса, келер» жолына түседі. Үсен «барса, мүмкін келер, мүмкін келмес» жолына түседі, ал Хасан «барса келмес» жолына түсіп жүре береді.Хасан жолынан бір қаланы көреді және үлкен сарайдың ішіне кіреді.Жан-жағына қарап еді, бір табақ тола қуырылған етті көреді, әбден ашыққан Хасан етті жемекші болып, табаққа қолын сала бергенде: «Әй, адамзат, тарт қолыңды!» - деп үсті-басы алба-жұлба, тісі ақсиған, түсінен адам қорқатын бір кемпір келіп, бір нәрселерді айтып аузын күбірлетті де, жерді теуіп қалды.Осы кезде Хасан киікке айналды.Кемпір Хасанды басқа киіктерге қосты. Киік болған Хасан сол сәулетті сарайдың ішіне кірді, алдынан бір сұлу қыз шығып, киікке қарап Сұлу қыз:«Сен киік емессің ғой, адамзатсың ғой, егерде мен сені адамгершілік қалпыңа келтірсем, сен мені аласың ба?». «Сені киікке айналдырып жіберген менің залым анам ғой, сенің тіліңді де сөйлетпей қойыпты ғой»