Қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімдігі
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланысты қамтамасыз ететін үдеріс.
Оқыту мен оқуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Бұл қалыптастырушы бағалау барысында жүргізіліп, оқушының оқу жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігі болып табылады, оны қосымша жаттығу мен тест тапсырмалары деп қабылдамаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |