Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Математика 1-сынып Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Математика»



бет1/42
Дата21.11.2019
өлшемі8,45 Mb.
#52173
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
математика кб 1-сын



«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Математика

1-сынып

Астана, 2016



Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Математика

1-сынып

Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жинақ тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып табылады.

Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.

Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылды.



Қолданылған шартты белгілер:

* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.

** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.

Мазмұны

1-тоқсан ......................................................................................................................... 5

1А бөлім «Сандар мен цифрлар» . .......................................................................... 5

1В бөлім «Геометриялық фигуралар»................................................................... 21

1С бөлім «Шамалар мен өлшемдер» . .................................................................. 27



2-тоқсан ....................................................................................................................... 33

2А бөлім «20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту» ....................................... 33

2В бөлім«Сандар және заңдылықтар» . ................................................................. 49

2С бөлім «Шамалар өлшемдері»........................................................................... 55



3-тоқсан ....................................................................................................................... 63

3А бөлім «Сандармен амалдар орындау» . ........................................................... 63

3В бөлім «Шамалар.Уақытты бағдарлау» ............................................................ 71

3С бөлім «Теңдік және теңсіздік. Теңдеу» ............................................................. 75



4-тоқсан ....................................................................................................................... 91

4А бөлім «Күнделікті өмірдегі есептеулер» .......................................................... 91 4В бөлім «Жиындар. Логика элементтері» .......................................................... 99



4С бөлім «Нысандардың орналасуы және бағыты ............................................ 111



1-тоқсан

1А бөлім «Сандар мен цифрлар»


Бөлімше 1.1 «Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер»

Оқу мақсаты:

1.1.1.1** Натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • 10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіндіреді.

  • 10 көлемінде тура және кері бағытта санайды.

  • Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.

1-тапсырма


Сурет бойынша 3 санының құрылу жолын түсіндіріңіз.



Дескриптор: Білім алушы

- 3 санының құрылу жолын түсіндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет