Алыпты туар анаға тән қасиеттер?



Дата06.02.2022
өлшемі52,21 Kb.
#79916
түріСабақ
Байланысты:
3 практикалық сабақ...(


№3 практикалық сабақ: Алып анадан туады Өздеріне берілген тектілік қасиет пен тәрбиелілік, биік парасат пен қажырлы қайрат арқасында аяулы жар атанып қана қоймай, өмірге әкелген ұрпағын халық қамын ойлайтын азамат етіп өсіру – аналардың алтын кұрсақтылығының, табиғи даналығының, кісілік келбетінің көрсеткіші. Анаға тән абзал қасиеттерді студенттердің көмегімен жіктеп, жүйелеуге бағыт беріледі. Интерактивті сабақ ретінде өтілетін бұл тақырып аясында қарастырылатын сұрақтар: - Алыпты туар анаға тән қасиеттер? - Ханымдарға қойылатын талаптар? -Тектілік анадан дариды дегенді қалай түсінесіз?«Алтын құрсақ» деген не? -Ерекше қасиет тағдырдың сыйы ма? Менің таңдауымНұрбике ханым Бөрте ханым Тәуке ханның анасы Жаған Бегім Әлжан апа Қажетті қасиеттері Пайдалы қасиеттері Ұнамды қасиеттері Бүгінге дейін өзекті (Үйренуге болатын қасиеттер) Пенделігі Қазақтың нар тұлғалы азаматтарын туып-өсірген аналардың шынайы бейнесін сомдау арқылы студенттердің өзіне талап қоя білуіне мүмкіндік беру.
- Алыпты туар анаға тән қасиеттер?
Қайраттылық,қажырлық,мықты болуы, сабырлы,байсалды,ештеңеден қорықпайды,шыдамдылық, басына іс түсседе қорықпайды.
- Ханымдарға қойылатын талаптар?
Байсалды,сабырлы,орнымен сөйлейтін,нәзік жанды,жүрегі жылы,қандай жағдай болмасын ерін жерін қорғайтын аналарымызда болған.
-Тектілік анадан дариды дегенді қалай түсінесіз?

Қазақ - қашаннан ұрпағымен, баласының саналы тірлігімен мақтанған халық. «Я, Аллам, бала бер, бала берсең, сана бер, сана бермесең, ала бер» деген сөз – соның дәлелі. Еліміз қашаннан соңында қалған тұяғының есті, тәрбие көрген текті болуын қалаған. Ал тектілік деген не? Тектілік деген – адам бойындағы бар ізгі қасиеттердің, көркем мінездің жиынтығы. Тектілік ананың ақ сүтіннен дариды.Тектілік дегеніміз – ең алдымен, өзіңді өмірге әкелген ата-анаңды сыйлау, оларды жаман атқа қалдырмау. Тектілік дегеніміз – туған туыстарыңа қарайласып, айналаға мейірімді болу, қай істе болсын ірілік таныту. Мұны басқаша өзгелердің қателігіне кешіріммен қарау, яғни «таспен атқанды аспен ату» деп түсіндіруге болады. Тектілік қанмен келе ме, әлде оны адам өзі қалыптастыра ма? Бұл сұрақтың кез келген адамды ойландыратыны анық. Адам бойындағы ізгі қасиеттер, ең алдымен ананың сүті, атаның қаны арқылы бойға дариды. «Қанмен сіңген сүйекпен кетеді», «қанына тартпағанның қары сынсын» деп қазақ бекер айтпаған. Тіпті, Бұхар жыраудың өзі Жақсыдан жаман туса да, Жаманнан жақсы туса да, Тартпай қоймас негізге... – деп жырлаған екен. Демек, тектіден тектінің туатыны, тектілік тұқым қуатыны – ақиқат нәрсе. 1822-1915 жылдар аралығында өмір сүрген Бекасыл атты ақын: Тектіден текті туады, Тектілік тұқым қуады. Тектілердің тұяғы, Таңдайды құз-қияны. Шын тектілер халқы үшін, Өлімге басын қияды. Жақсы, жаман деместен, Жанына жұртын жияды... – депті. Демек, текті дегеніміз – халқы үшін басын өлімге қиятын, жұрты үшін жайылып төсек, жиылып жастық бола алатын адам.


- «Алтын құрсақ» деген не?
Атам қазақ құрсағынан көп бала өрбіткен аналар­ды осылай атапты. Алтын­ құрсақ. Бүгінде дәл бұрынғыдай он үш, он бес бала тәрбиелеп, өсірген ата-ана сирек екенін айтпаса­ да білеміз. Алайда, еліміздегі демографиялық ахуалды жақсартуға мемлекет­ тарапынан жасалған іргелі шаралардың арқасында қатарымыз көбейіп жатқаны рас.
- Ерекше қасиет тағдырдың сыйы ма?
Кейде тағдырдың сый болып келеді.Кейде тұқымқуалаушылық


Менің таңдауым

Нұрбике ханым

Бөрте ханым

Тәуке ханның анасы

Жаған Бегім

Әлжан апа

Қажетті қасиеттері

Орта жүз Арғын, оның ішінде Қаракесектен өрбіген аталардың бірі − Шаншар.



Шыңғыс ханның жұбайы. Қоңырат тайпасының көсемі Дай (Тай) мырзаның қызы.

Яхшым бегім жайлы мағлұмат өте аз. Оның тек Жағат әулетінен екендігі мәлім. Алайда Шығай ханның гареміндегі көп күңнің бірі болмай, заңды әрі болашақ тақ мұрагерлерінің анасы болуына қарағанда, текті әулеттен шыққан.

Шешесі Жаған-бегім Ханым Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі

Елдің аруақ қонған қонған қызы саналған.Жасы-нан ол қолына домбыра алып,айтысқа шығып,сөз өнеріне әуестігімен танылады.

Пайдалы қасиеттері

Үлгі боларлық ана.

Бөртенің қандай болғаны, шындығында тағдыры қалай құрылғаны жайлы толық мәліметтер жоқ.

Яхшым бегім немесе Әз(Ази) Ханым-қазақ тарихындағы беделді және қадірменді әйелдердің бір

Өте ақылды

Ақылдылығы мен, шешендігімен, қалыптағы сөзді қа­ғып алып, әзіл­ге айналдыра білетін тапқырлығымен көзге түседі. Әлжан ана жас күнінде Түрксіб темір жолын салып жүрген жұмысшыларға ассу әзірлеп, күнін көреді.

Ұнамды қасиеттері

Көркіне көз таймайды.

Ол – аяулы жар, ардақты ана ғана емес, Шыңғыс ханға дана кеңесші бола білген әйел. Қазақтың Қоңырат тайпасының өкілі Бөрте ұлы Шыңғыс ханның жол көрсетуші жұлдызы, тірегі және ең сенімді серігі де болған.

Өте қарапайым жан.




Өте акылды ана.

Бүгінгедейін
өзекті
(Үйренуге
болатын
қасиеттер)

Ерке қыз,иманды әйел,қасиетті ана.

Ардақты жар,аяулы ана,өз орнымен сөйлейтін жан.

Бұл мезгілдерде жұрт Яхшым ханымды "Әз(Ази) ханым" деп атап кеткен болатын.

Қасым ханға өте жақсы,елін жерін қорғайтын бала етіп өсірген.

Нұрсылтан атамызга өте жақсы тарбие берген.

Пенделігі




сұлу әйел, ақылды пенде.









Азап тартқан алаш арулары. Кеңестік тоталитарлық жүйенің солақай саясаты кесірінен «халықжауы» атанған қазақ зиялыларының жарлары мен қыздары ұзақ жылдар қызыл империядан теперіш көргенібелгілі. Қуғын-сүргін көрген уақыттарда тауқыметті 22 тағдырым деп көтере білген асыл жарлар, аяулы қыздаралаш зиялыларының атына кіржұқтырмай, шыдамдылық пен сабырлылықтың биік үлгісін көрсете білді.


Бүгінгі абзал аналар. Тарихтан тартылған тағылым жолы ұмытылмақ емес, өміршеңдігімен де әрдайым болашаққа бастайды. Оның белсенді кейіпкерлері қашан да әйелдер болмақ. Ананың ардақты бейнесі әр баланың көкірегінде сақталғанмен, әулетке, ауылға, қауымға, халыққа қамқор ана болған әйелдер бейнесі қай ортада да баршылық. Соның ішінде жалпыға танымал, батырдың ғана емес, халық келіні атанған ЗейнепАхметова, өмірі мен ұлағатты ісі үлгі, қыз-келіншектерге тәлімді ойларымен кеңес бере білген Ділда Тасмағанбеткеліні, Әзілхан Нұршайықовтың «Мәңгілік махаббат жыры» шығармасына арқау болған Халима Қалиакпарқызы, Түрколог ғалым, белгілі қаламгер Немат Келімбетовтің зайыбы Қуаныш Тазабекқызының 12 жыл төсекке таңылған жарын күтіп, аяғына тұрғызып, «Қайғыдан бақыт жасаған», «Үміт үзгім келмейді» шығармаларының кейіпкері ретінде танылған бейнесі т.б

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет