Алма Есенбаева



Дата16.12.2016
өлшемі91,91 Kb.
#4032
Суицид және жасөспірім
Алма Есенбаева
«Жетісу» газеті №55 2008 жылғы 17 мамыр
Соңғы жылдары елімізде адамдардың өз-өзіне қол салу әрекеттері жиі орын алуда. Көпшілікті алаңдатып отырған «Суицид» деп аталатын осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. Былтырғы жылдың өзінде республикамыз бойынша осы суицид мәселесіне қатысты балалар арасында 575 жағдай орын алса, биылғы жылдың 4 айында 88 дерек тіркелген. Оның 12-сі осы Алматы облысында болған оқиға. Оған мамырдың 1 мен 10 аралығында бір ғана Райымбек ауданында 3 бірдей баланың өз өміріне қасақана қол сұғуын қосыңыз. Сонда жылдың басынан бері облысымызда орын алған 15 жағдай жасөспірімдер арасындағы суицидтің шын мәнінде өршіп тұрған мәселе екендігіне көз жеткізіп отыр.

Осы жағдайға қоғамның бетін қаратып, көпшілікке ой салу мақсатында Алматы облысы бойынша балалардың құқығын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Жасөспірімдердің суицид жөніндегі мінез-құлық мәселелері мен алдын-алу жұмыстарын жүргізу» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Оған облыстық департаменттер мен басқармалар қызметкерлерімен қатар, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тәрбие ісі жөніндегі мамандары, әлеуметтік педагогтар, психологтар жєне үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. «Дөңгелек үстел» отырысын Алматы облысы бойынша балалардың құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары Самғат Долаев ашып, жүргізіп отырды. Ол бүгінгі жиынның мақсаты жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының себептерін анықтау және оны болдырмаудың жолдарын қарастыру екендігін айтып өтті.


Отбасындағы жайсыздық балалар бақытсыздығына әкеледі
Алғашқы кезекте сөз алған Алматы облысы бойынша балалардың құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы Асқар Үйсінбеков суицид мәселесінің бүгінгі жағдайына тоқталды.

  • Адамдардың өз еркімен өмірін қиюы проблемасын дәрігерлер, психологтар, психотерапевтер, зерттеушілердің қарастырып келе жатқанына аз уақыт болған жоқ.. Бұл туралы зерттеу жүргізіліп, монографиялар, кітаптар жазылды. Алайда, одан еш өзгеріс болмады. Керісінше, күн өткен сайын жағдайдың ушығып бара жатқандығын байқаймыз. Дағдарысты күйге тап болғандар оны тек үйдің ішінде талқыға салып, сыртқа шығармайды. Сондықтан көп жағдайда мұның себебі анықталмай қалады. Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі бұдан да күрделі. Олар тіпті жақындарына да өзін қинап жүрген мәселе туралы айтпайды, оны жасырып-жабуға тырысады. Проблеманы ашып көрсетуден гөрі, үндемей қалуды жеңіл көреді. Тіпті өз-өзін өлімге қиған жағдайда да оның себебін жазып та қалдырмайды.

Балалардың психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды. Сондықтан оларға қашанда ата-ананың түсіністігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Осы бағытта мектеп мұғалімдері мен психологтары баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылап, аңғара отырып, олармен жұмысты жандардыра түсуі тиіс, – деп ой топшылады А.Үйсінбеков.

Келесі кезекте сөз алған Алматы облыстық кәсіби даму институтының психология жєне педагогика кафедрасының аға оқытушысы Валентина Христофорова жасөспірімдердің дағдарысты жағдайға түсу себептеріне үңілді.

– Балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болады. Балаларға жай ғана киімін, тамағын тауып беру аз, олар үнемі ата-ананың жылуын сезініп, жақсы көретінін біліп өсуі тиіс. Ал әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, психологиялық стреске тап болады. Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез-келген нәрсені жүрегіне тез қабылдағыш келеді. Түсіністік болмаған жағдайда осы жас аралығындаѓы балалар түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Олардың сабаққа құлқы болмай, өзге оқушылармен де қарым-қатынасы нашарлап кетеді. Өзін ұстауы мен мінез-құлқында өзгерістердің орын алуы мұғалімді де, ата-ананы да алаңдатуы тиіс. Осы өзгерістерге бей-жай қарамай, психологтың көмегіне жүгіну арқылы көптеген проблеманың алдын-алуға болады, – деп өз тәжірибесін бөлісті.

Талдықорған қалалық ата-аналар комитетінің төрайымы Дания Сәлімбайқызы болса, мектептегі іс-шаралар мен жиналыстарға ата-аналардың 25 пайызы ғана қатысып, атсалысатындығы жүргізілген анкеталық зерттеулер негізінде мәлім болғандығын, бұл әке-шешенің бала алдындағы жауапкершілігінің төмендігін көрсетететіндігіне тоқталды.



Халқымызға жат

«Дөңгелек үстел» барысында сөз алған облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев:

– Қазақ халқында өз-өзіне қол салу болған емес. Бұл заман өзгерісімен туындап отырған жағдай. Бүгінде қарасаңыз, толық емес, сәтсіз отбасылар көп. Осының бәрі өмірді әлі толық танып білмеген, ондағы қиындықтармен күресе алмайтын бала үшін ауыр соққы. Әке-шеше ажырасты да кетті, ал баланың жайы қалай болады? Ол бұны қалай қабылдайды, осыған ой жіберіп жатыр ма? Жоқ, әрине. Осыдан келіп, баланың асыла салуы немесе жаман жолға түсуі сынды оқиғалар орын алады. Кеше ғана Райымбек ауданында болған үш жағдайға да отбасындағы түсінбестік, тұрмыстың төмендігі, әке-шешенің ажырасуы сынды жайлар себеп болып отыр. Бұдан баланың басына түскен қиындықты көре тұра оған мән бермейтін үлкендер кінәлі деген қорытынды шығады.

Мектепте қарасаңыз, кейбір оқушылардың қолында қымбат ұялы телефон. Соны көрген басқа оқушылар да «менде неге ондай жоқ» деп күйінеді, әке-шешесіне ренжиді. Осы кішкентай заттың өзінен үлкен мәселе туындайды. Осы сияқты мектепте әртрлі жайлар орын алуы мүмкін. Бала осы жағдайдан қалай шығады, кімнен көмек күтуі керек деген сұраққа келсек, бірінші кезекте мектеп психологына жүгінуі тиіс. Оқушылар мұны тиімді әдіс деп таппайды. Сондықтан «Сенім телефондарының» жұмысын жандандырып, жолға қоюымыз қажет. Ол бүгінгідей емес, қолжетімді жағдайда болуы керек. Бала кез-келген уақытта, өзін қинаған қандай проблема болсын, сенім телефоны арқылы тегін хабарласып, толғандырған сұрақтарына жауап алуы тиіс, – деп балалар арасында орын алатын шиеленісті жағдайдың шешімін табудың жолын көрсетті.



Әрбір мұғалім психолог болуы тиіс

«Жетісу жастары» жастар орталығының педагогикалық- психологиялық көмек көрсету бөлімінің бастығы Гүлмира Оспаналиева да көтеріліп жатқан тақырыпқа орай тұщымды ой қосты.



  • Мектептегі психологтар балалар мәселесіне өз дәрежесінде көңіл бөлмейді деген пікірге қосыламын. Бүгінгі таңда психолог баламен ғана емес, қиын жағдайға тап болған баланың отбасымен де жұмыс жасауы керек. Өйткені, оның негізгі проблемасы осы отбасынан басталып отыр. Бүгін ол баламен жұмыс жасадың делік, ертең сол күйреген күйінде алдыңа қайта келеді. Сол себепті оның үйінде орын алған негізгі мәселені анықтап, соған сай әрекет жасау қажет.

3-сыныпта оқып жүргенде менің қызым бір қиын жағдайға тап болды. Мен үшін күлкілі жайт болып көрінгенімен, ал қызым үшін күрделі мәселе еді. Сол жылы жолдасым қайтыс болып, өзім қиналып жүргенмін. Қызым да мектепке барғысы келмей, сабақ оқуға құлқы жоғалды. Тіпті балалармен ойнауға аулаға да шықпай, төсектен бас алмай жатып алды. Қызымның бұлай өзгеруіне не себеп болды дейсіздер ғой, бір сыныпта оқиытын бүкіл баланың ішінде менің қызымда ұялы телефон жоқ болып шыққан. Сондықтан сыныптың бүткіл оқушылары онымен дос болмауға шешім шығарған. Мен: «Мектепке барып, балалармен сөйлесіп, жағдайды түсіндіріп айтамын» десем, қызым: «Егер мектепке баратын болсаң, мен өз-өзіме қол жұмсаймын» деді. Мұндай сөзді күтпеген маған бұл үлкен соққы болды. Сонда да мектепке барып, балалармен сөйлесіп, олай істеуге болмайтындығын түсіндіріп айттым. Осылайша қызым сыныптастарымен қайта тіл табысты, – деп өмірде өзі тап болған жайды әңгімелеп, оқушылар арасында орын алатын жайттарға көпшіліктің назарын аударды.

Сонымен қатар, «дөңгелек үстел отырысында сөз алған облыстық білім басқармасының бөлім бастығы Майгүл Омарова мектептердегі психолог мандардың жұмысы туралы баяндаса, «Жасөспірім» дағдарыс орталығының директоры Надежда Дягилева бүгінде мектептегі психологтарды қосымша жүктерден арылтып, жеке кабинетте балалармен жұмыс жасауына жағдай туғызу керектігі жөнінде айтты. Ал №4 орта мектептің психологы Марал Қылышбаева балалардың бақытты болуы отбасына байланысты, егер жанұяда сәтсіздік орын алса, бала қоғамнан да тек келеңсіздіктерді көреді деген пікірін ортаға салды.

Жиын соңында оған қатысушылар жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесімен күресуде «Әрбір мұғалімнің психологиялық білімі болуы тиіс», балалар тағдырына жауапты мекеме, мектептер, үкіметтік емес ұйымдар бірлесе жұмыс жасауы керек деген ортақ шешімге келіп, «дөңгелек үстел» жұмысын қорытындылады. Сондай-ақ, «Өмір неткен керемет!» атты мектеп оқушылары арасындағы өткен шығармашылық байқаудың қорытындысы шығарылып, үздіктері марапатталды. Байқауға облысымыз бойынша 70-тен астам шығарма түсіп, арнайы құрылған комиссияның іріктеуінен өткен. Сонымен, қазақ тілді шығармалар арасында 1-орын Қарасай ауданы М.Бейсембаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Айдана Қапысоваға, 2-орын Ескелді ауданы Қарабұлақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Балжан Қожагелдиноваға берілді. үшінші орынды Қапшағай, Сарқан қалалары мен Көксу ауданының оқушылары еншіледі.

Орыс тілді шығармалар арасында 1-орынға Ақсу ауданының Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Елдар Нұрұлы, 2-орынға Сарқан қаласы №1 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы Әйгерім Елесова қол жеткізді. 3-орынға Көксу ауданы мен Талдықорған қаласының дарынды шәкірттері лайық деп танылды. Жүлдегерлер арнайы дипломмен және сый-сияпаттармен марапатталды. Бұл күні көтерілген үлкен тақырыптың түйіні ретінде төменде оқушылар арасындағы ең үздік шығарманы жариялап отырмыз.


«Өмір, мен саған ғашықпын»
«Өмір менің жүрегімді сыздатады, өкпемді қысады, содан құтылғым келеді де, қасіретімді ақ қағазға төгемін» деп У.Фолкнер айтќандай, өмір атты теңіздің беймәлім толқынына ұшырап, тағдырларын бір құлаш жіпке байлаған құрбыларымның келте ғұмырларына толғана отырып, жүрегімді сыздатқан жараны аққазға түсіру арқылы емдеуді менде жөн көрдім. Толқыған көңілімнен туған «Қиындығы мен қызығы, көлеңкесі мен күнгейі қатар жүретін өмір атты өзеннің қай иіріміне түсіп, қандай күйде өз өмірлеріңе өздерің балта шаптыңдар екен?! Енді ғана өздерің шыр етіп, есігін ашқан мына жарық дүниені қалай ғана қиып кеттіңдер екен?!» деген сауалдар жан-жағымнан қаумалап, қос құрбы Ақжол мен Сережаның өмірден озған сәттері көз алдымнан көлбеңдей өтті.

Аңыраған ана, «аһ» ұрған әке, таусыла жылаған туыс... Күтпеген қаза қос шаңырақты күңіренте күйретіп өтті. Міне, сол көлбеңдей өткен көлеңке менің өмірге деген құштарлығымды оятып, жан-жағыма бажайлай қарауды үйреткендей болды. Көңілдің болмашы бір кірбіңінен құрдымға кетердей күй кешетін басым кешірімді болуды сезініп, өмірдің құнын, ата-ананың қадірін, дос-туыстың өлшемін білдім. Балалық па, әлде шалалық па тілегімді орындамаған кездері әке-шешемді көрместей күй кешіп, тіпті «өтірік өліп көрсем ғой, өкініп, жылағандарын көретін» деген қияли ой туатын. Тірліктің қамымен жүретін ата-анамның бірде жетіп, бірде жетпей күн кешіп жүретін халдерін қайдан білейін. Еркеліктің еншісі болған мен енді ғана түсініп, қияли ойлардан ада бола бастадым. Алдыма келгенді ішіп, қолыма тигенді киіп, еш қиындық көрмей өскен басым өмірдің мәні мен сенін қайдан түсінейін?!

...Ақыл деген алтын тау, шың-құзы бар не түрлі,

Ақыл – панаң, сақтаушың, ұлы қорған секілді.

Ауыздықта сезімді, өз нәпсіңді тия біл,

Өзіңді-өзің билеуің – нағыз дәулет, сірә бұл, – деп үнді елінің киелі жырында жарланғандай өз-өзімді қолға ала бастадым. Қазір мен өзіме қарай отырып, жасын тағдырды иеленеген қос құрбымды «түсініспеушіліктің тосқауылына кезігіп, өте алмай морт сынды-ау!» деген ойға тірелдім. Түрлі қиындықтарға кездесіп, өмірден өксіп өтер өкінішке жиі ұшырайтын да менімен деңгейлес өрімталдар екен.

Дәл қазіргі кезде жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жиі белең алып тұр. Бірі маскүнемдіктің құралы болса, бірі жат қылықтың жетегінен шыға алмай қор болуда. Уақытша қиындыққа төзе алмай, тосын оқиғаға тап болып, өмірімен ерте қош айтысып жатқандар қаншама. Сонда олар үшін өмірдің мәнінің бір тиындық құны болмағаны ма? Әлде жанын жегідей жеген жарасын айтып жазар адам таппағаны ма?! Шыдамдылықтың шегінен шығып, тағдырдың тосқауылына төзе алмауларына не шара?! Көкейімді тескен сан сұраққа жауап іздеп, елімнің өткеніне көз жүгірттім. Сонау ақтабан шұбырынды кезінен бастап, қайта құру заманына дейін еліміздің басына нелер өтіп, нелер келмеді? Аштыққа шыдап, жоқшыллыққа төзген халық күрес үстінде шыңдалды. Олар жарқын өмірді аңсады, ұрпақ қамын ойлады. ұрпақтарына сол жарқын өмірді сыйлай білді. Ендеше, бабалардың қанымен, аналардың арымен келген осынау бейбіт өмірдің қадір-қасиетін, құнын біздер неге түсіруіміз керек? Найзасына ту байлап, жауға шапқан кешегі еңіреп жүріп етігімен су кешкен асыл ерлеріміз бен қар жамылып, мұз жастанған Бауыржандай атамыз, Әлиядай апамыз сынды батырлардың қайсарлығы мен төзімділігінен жаралған біздер өмірдің кез келген қиындығына төтеп беруіміз керек қой. Желтоқсанның мұздақтары қасқайып, қарсы алған Тәуелсіз еліміздің тірегі біздер болғандықтан, олардың өмірін жалғап, алға аяқ басайық. Бабалар үшін арман болған бақытты күннің бал дєміне кермек қоспай сақтайық!

Осылайша ой түйген мен өмірге деген көзқарасымды тереңінен таразылай отырып, түбегейлі өзгерттім. Өмірдің мәні мен сәні, қызығы мен қуанышы арайлап ататын әр таңы жүрегіме өмірге деген махаббат сезімін оятты.



Алаңсыз өмір сүріп, уайымсыз күн кешіп жатқан мен болашағымның бүгінгіден де нұрлы болуына үздік біліміммен үлес қосуға талпынудамын. Өйткені, мен нұрлы өмірдің иесімін. Әр күніме үкілі үмітпен қызыға қараймын. Қызыға отырып, құлшына өмір сүремін.

Айдана Қапысова,

М.Бейсембаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы.

Қарасай ауданы.








Каталог: fileadmin -> user upload -> files
files -> «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
files -> М. Н. Сарыбеков п.ғ. д., профессор, білім беру Ұлттық Академиясының академигі
user upload -> Б е к ітемі н орал қаласы әкімінің орынбасары Г. Г. Орынгалиев
user upload -> Суға түсу маусымында адам өлімінің алдын алу Құрметті бақ өкілдері, құрметті көрермендер, бүгінгі таңда адамдардың судағы қазасы
user upload -> 2016 жылғы 5 айдағы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-қызметтік нәтижесі туралы ақпарат Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті
files -> Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің
user upload -> Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейiнгi шағын орталықтар қызметiн ұйымдастырудың үлгiлiк ережесi
user upload -> Білім бөлімінің 2016 жылдың 9 айының жұмысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет