Тіршілік әрекеті барысында микроорганизмдер басқа жануарлар сияқты қоректенеді, тыныс алады және көбейеді. Клеткаға келіп түскен қоректік заттар оның қабығын және цитоплазмасын құрауға және сонымен бірге энергия алуға жұмсалады. Тіршілік әрекеті барысында микроорганизмдерде ассимиляция және диссимиляция процестері дамылсыз жүріп жатады. Бұл процестерді физиология ғылымы зертейді.

. Микроорганизмдер физиологиясы
Микроорганизм клеткасының химиялық құрамы:.
Микроорганизм клеткасы негізінен судан және құрғақ заттан тұрады. Мұнда су мелшері 75—85% болса, құрғақ заттар үлесіне 25—15% тиеді. Құрғақ заттар деп отырғанымыз түрлі органикалық және минералдық қосылыстар. Су мен құрғақ заттың мұндай арақатысы әр түрлі микроорганизмдерде түрліше болады.