Ашық сабақтың тақырыбы: Африка материгінің халқы және елдері Тарих және география пәнінің мұғалімі:Бейсекеева Г.С. Пән: «Материктер мен мұхиттар» географиясы Сынып: 7 Күні: 8.12.2014 ж Африка материгінің халқы және елдері
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Африканың халқы мен елдері туралы білімін қалыптастыру,барлық нәсілдердің бірдей екеніне, олардың сырт кейіптері жағынан ғана айырмашылығы болатынына көзін жеткізу.
ә)Дамытушылығы: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
б) Тәрбиелігі:.Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, Сұрақ-жауап, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, фото суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV.Қорытынды
І. Сыныппен сәлемдесу. Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, сыныпты қалыпқа келтіру)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Зымыран сұрақтар»
1. Африканы картадан көрсет?
2. Африканың географиялық орны?
3. Африканың шеткі нүктелерін ата және картадан көрсет?
4. Табиғат зоналары дегеніміз не?
Психологиялық ахуал .
Жаңа тақырыпты бастамастан бұрын проблемалық ситуация қою. Балалар қай материкте көбінесе негрлер мекендейді? (жауапАфрикада) Дұрыс айтасыңдар балалар. Яғни бүгінгі біздің тақырыбымыз Африканың халқы және елдері.
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау.
Африканың қазіргі кездегі халқының саны 1 млрд 30 млн астам . Материк халқының нәсілдік,тілдік және ұлттық құрамы өте күрлелі Африкада Жер шарындағы негізгі үш нәсілдің де өкілдері кездеседі. Африка байырғы халқын саны жағынан басым экваторлық нәсілдің өкілдері құрайды. Материктің көп бөлігінде Сахарадан оңүстікке қарай таралған негрлер мекендейді. Эфиопия таулы қыраттарын мекендейтін эфиопиялықтар мен негр тектестердің арасынан шыққан өтпелі нәсілге жатады. Еуропалық тектестер нәсілге жататын халықтар Африканың солтүстігі мен оңтүстігінде тұрады. Әр халық тобына өзіндік тіл тән, жалпы алғанда 700 жуық жергілікті тіл бар.
Кесте арқылы түсіндіру.
Тутси, хими
|
Солтүстік Африка саванналарында мекендейді. Ең бойшаң халық.
|
Пигмейлер
|
Экваторлық ормандарда мекендейді. Бойлары ең аласа халық.
|
Нилоттар
|
Ніл өзенінің жоғары және орта ағысында, шығыстағы көлдер маңында тұрады.
|
Бушмендер мен готтентоттар
|
Калахари шөліне қоныстанған.
|
Эфиоптар
|
Эфиопия таулы қыратын мекендейді.
|
Арабтар, берберлер
|
Солтүстік Африканы мекендейді.
|
Француздар
|
Жерорта теңізі жағалауында тұрады.
|
Африканерлер, ағылшындар
|
Оңтүстік Африкада тұрады. Нидерландыдан көшіп барғандардың ұрпақтары.
|
Африка елдері табиғат жағдайы мен халқының құрамына сәйкес бес тирихи-географиялық аймаққа топтастырылады: Солтүстік Африка, Батыс Африка, Орталық Африка, Шығыс Африка, Оңтүстік Африка. Оны 192 беттегі 63 суреттегі «Африканың аймақтары мен елдері» картасынан көруге болады.
Сергіту сәті: «теңіз суы» өлеңін тыңдап, денемізді бос ұстап, ыңғайланып отырамыз да, көзімізді жұмамыз. Дәл қазір өзімізді Жерорта теңізінің жағалауына бір сәт саяхат жасайық. Көз алдымызға елестетеміз! Теңіз жағалауы, алтын нұрын шашып тұрған күн, ашық аспан, теңізден соққан самала жел, мақтадай аппақ жағалаудағы құм, теңіздің жағаға соққан асау толқындары мен сылдырлаған күмістей судық дауысы естіледі. Біз саяхаттап жүрміз!
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
«Кластер» қорғау
Бірінші оқушыға (Халқының тілдік құрамы)
Екінші оқушыға ( Шарушалығы, діні)
Үшінші оқушыға ( Халқы мен елдері) Әр топтан оқушылар шығып өз постерлерін қорғайды.
Қорытынды сұрақтар: «Ыстық орындық» әрбір оқушыны шығарып, ортадағы орындыққа барып, жәшік ішіндегі сұрақтарды алады.
1. Африканың халқы?
2. Африканың аймақтары?
3. Африканың халқының тілдік құрамы?
Ү. Сабақты бағалау.Күн сәулелеріне өз ойларын жазады.
ҮІ. Үйге тапсырма.$51 Африка халқы және елдері. (кескін картамен, ақпаратпен жұмыс)
Африканың халқын ата?
Африканың халқының тілдік құрамын ата?
Африканың аймақтарын ата?
Достарыңызбен бөлісу: |