Аманкосова Кунсулу Адилхановна 5-сынып сабақ



Дата29.06.2017
өлшемі43,19 Kb.
#20561
түріСабақ
Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп»

мемлекеттік мекемесі

Информатика пәні мұғалімі

Аманкосова Кунсулу Адилхановна

5-сынып сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Программалық жабдықтаманың (ПЖ) сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы.

Сабақтың мақсаты: Программамен қамтамасыз ету туралытүсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс:«Программамен қамтамасыз ету» ұғымын, оның түрлерге бөлінетінін, қызметін, құрамын, «операциялық жүйе», «драйвер» (қосымшалар) және «утилита» түсініктерін, қолданбалы программалар қызметін, программалау жүйелерін, ОЖ қызметін.

Оқушылар үйренуі тиіс:ПЖ – ны нақты ОЖ – ның бір түріне жаткызуды, ОЖ, драйверлерге, утилит – программаларға,қосымшаларға мысалдар келтіруді.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі
II Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
III Үй тапсырмасын тексеру.
1) 1,2,3 немесе 4 дұрыс жауап нөмірі бар карточкалар тарату арқылы қысқаша тест алу.
1-сұрақ. Артығы қайсы?
А) жүйелік блок
В) пернетақта
С) парта
Д) тышқан
2-сұрақ. Компьютерді қандай жағдайда пайдалануға болмайды?
А) ақпаратты сақтауда
В) ақпаратпен жұмыс істеуде
С) шаң сорғызу үшін
Д) мәлімет беру үшін
3-сұрақ. Ақпаратты өлшеу құрылғысы:
А) тышқан
В) процессор
С) пернетақта
Д) монитор
2) Карточкалармен жұмыс
Білімдерін тексерумен бірге жаңа білім алу үшін карточка толтырылады
1. Карточка деген не?
А) сандық ақпаратты өңдеу құрылғысы
В) графикалық ақпаратты өңдеу құрылғысы
С) кез келген ақпаратты автоматты түрде өңдеу құрылғысы
Д) қағаздағы мәтінді, суреті жазатын, сақтайтын құрылғы
2. Компьютердің негізгі құрылғыларын (енгізу және шығару құрылғылары) ата.
3. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғыларды ата.
4. Құрылғылардың қызметін жазып, аяқта.
Процессор - ...
Жедел жад - ...
Қатты диск - ...
Видеокарта - ...
Дыбыс картасы - ...
5. Ақпараттық өлшем бірліктерін жазыңдар

IV Білімді өзектендіру
1. Компьютер ақпаратты қалай жіберіп, қалай қабылдап алады?
2. Компьютер көп ақпаратты сақтай ала ма, неліктен?
3. Адам өз жадында көп ақпарат сақтай ала ма? Неге?
4. Ақпаратты қандай құрылғы өңдейді?
Қорытынды: Бүгін біз компьютердің ақпаратты қалай өңдейтінін білеміз.

V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ мазмұны оқушылар үшін көптеген жаңа түсініктерді қамтиды. Өткен тарауларда айтылғандай адам өмірінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктері түрлі программалық жабдықтаманы қолдану арқылы қол жететінін оқушыларға түсіндіру керек. Жаңа мәліметтерге байланысты сабақ түсіндіру кезінде драйверлер мен утилиталарға ерекше назар аудару керек. Программалық жабдықтаманың (ПЖ) жіктелу сызбасы мұғалімнің оқушылармен бірлесе жұмыс істеу әрекеті нәтижесінде құрылады (4-сурет) Сызбаның әр элементі, сәйкес түрі (жүйелік программалық жабдықтама, қосымшалар, программалау жүйелері) толық түсіндірілгеннен кейін (әсіресе драйверлер мен утилиталардың маңызына тоқтала отырып түсіндірген тиімді)толтырылады.
Үлгі оқушыларға таратылады, соңынан дәптерлеріне жабыстырылады. Одан әрі түсіндіру оқулық материалдары бойынша өтеді.


Программалық жабдықтама (ПЖ)





Жүйелік ПЖ

Қосымшалар

Программалау жүйелері





Операциялық жүйе;
драйверлер;
утилиталар;

Офистік қосымшалар;
деректер қоры;
желілік қосымшалар;
оқытушы программалар;
энциклопедиялар,анықтамалықтар;
мәтінді тану программалары;
шетел тілінен аударушы – программалар;
ойындар.



4 – сурет. Жаңа материалды оқып – үйренуге арналған сызба

VI Сабақты бекіту
Оқушылар деңгейлік тапсырма орындайды.А деңгейлі тапсырма 3 түрлі нұсқада берілген. Оқушы таңдауды өзі жасайды. Мұғалім электрондық үлгі тұрған жерді көрсетеді. (оны әр компьютердің жұмыс үстеліне орналастырған дұрыс). Оқушы тиісті сызба – нұсқаға белгі (+) қояды. Егер мұғалім мәтінмен жұмысқа проподевтикалық мақсат қойса, әр нұсқаның соңғы жолы жойылады. Бұл жағдайда оқушыға тапсырма қиындайды, ол мәтінді өзі теру керек. В,С деңгейімен жұмыс жасайтын оқушылар кестені өзі құрайды. Әдетте олар Microsoft word-ты немесе Excel – ді таңдайды. Excel – мен жұмыс істегенде бірнеше қателіктер туындайды. Бұл жерде мәліметтерді қажетті түрде өзгерту керек болады.
VII Сабақты қорытындылау
Сұрақ қою арқылы қысқаша қорытындылау:
1. Компьютерді программамен қамтамасыз ету деген не?
2. Операциялық жүйе жүктеуі қашан болады?
3. Программалық драйвер не үшін қажет?
4. Программалық утилитаға мысал келтір.
Мұғалім тәжірибелік жұмысты бағалайды.

VIII Үй тапсырмасы
§8, анықтаманы, ПЖ – ның жіктелуін, сызбасын жаттау,сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларын орындау, тестсұрақтарына жауап беру.

Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

В

С

Д

В

А

С

А




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет