Компьютердің негізгі құрылғылары



бет1/3
Дата04.11.2023
өлшемі409,33 Kb.
#189400
  1   2   3
Байланысты:
131414.pptx

Компьютердің негізгі құрылғылары

  • Орындаған: м-16-1 тобының студенті Файзоллаева Наздана
  • Тексерген: информатика пәнінің мұғалімі Елибаева – Мухтар. А. М.

Жоспар

  • Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғылары
  • Монитор және оның түрлері
  • Пернетақта. Пернетақта пернелерінің қызметіне қарай бөлінуі
  • Тышқан. Оның түрлері, меңзері, нұсқаушысы
  • Жүйелік блок. Түрлері. Атқаратын қызметтері
  • Қолданылған әдебиеттер
    • «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.
    • Компьтердің негізгі құрылғылары:
    • Монитор
    • Пернетақта
    • Тышқан
    • Жүйелік блок

Монитор

  • Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.
  • Мониторлар міндетіне байланысты реттеудің, түр-түсті түзетудің және тағы басқа түрлі құралдармен жабдықталады. Түрлі мониторлардың ажыратылымдығы да әр түрлі, енгізілетін кескіндердегі нүктелер саны көлденеңі мен тігінен – ең үлкен кәсіби мониторларда 640-480 нүктеден 1600-1280 нүктеге дейін барады. Ажыратылымдық неғұрлым жоғары болса, бейне беттегі кескін соғұрлым айқын болады.

Пернетақта пернелері атқаратын қызметіне қарай келесі топқа бөлінеді

  • • Енгізу пернелері(алфабиттік-цифрлық) - мұнда қарапайым баспа машинасында болатын пернелер жинақталады, яғни әріптік, сандық және символдық пернелер.
  • • Басқару пернелері – бұл пернелер жеке түрінде немесе басқа пернелермен бірге басыла отырып нақты әрекеттерді орындайды. Көбінесе CTRL, ALT, Windows белгісі бар перне и ESC қолданылады..
  • • Функционалдық пернелер – арнайы тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Олар F1, F2, F3 және ары қарай F12 дейінгі пернелер тізбегінен тұрады. Түрлі бағдарламаларға қатысты бұл пернелердің қызметтері әр түрлі болып келеді.
  • • Орын ауыстыру пернелері - бұл пернелер құжаттарда, веб-беттерде және тексті түзетуде орын ауыстыру үшін қолданылады. Оларға бағыттауыш пернелер,сондай-ақ, HOME, END, PAGE UP, PAGE DOWN, DELETE және INSERT пернелері жатады.
  • • Сандық пернетақта – бұл пернетақта сандарды тез енгізу үшін өте ыңғайлы. Ондағы пернелер қарапайым калькулятор немесе есептеу машинасына сәйкес топталып жинақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет