Кәсіпорынның сипаттамасы, міндеттері мен атқаратын қызметтері



Дата21.02.2023
өлшемі22,4 Kb.
#169660
түріҚұрамы
Байланысты:
РК 1 предпрятия


  1. Кәсіпорынның сипаттамасы, міндеттері мен атқаратын қызметтері

Кәсіпорын - заңды тұлға құқығы бар, өз мүліктік қолдана отырып өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстар атқаратын, қызметтер көрсететін - ерікті шаруашылық субъект. Кәсіпорын құрамында басқа заңды тұлғалар болмайды.


Кәсіпорынның сипатталуы:
- ұйымдастырушылық бірлік;
- өндіріс құралдарының нақты кешені;
- дәйектелген мүлік;
- әкімшілік басқару түріне негізделген;
- өз атынан шығады;
- оперативті-шаруашылық және экономикалық өз еріктік.
Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
1. Пайда алу және оны өсіру
2. Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету
3. Қоршаған ортаны қорғау, ластамау
4. Сапалы өнім шығару
5. Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау
6. Өз қызметін дамыту
Кәсіпорында қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызмет көрсетіледі. Бұл жерде ресурстарды үнемдеу, алдыңғы қатарлы техника мен технологияларды қолдану сұрақтары шешіледі, шығындар азайтылады, жоспарлар құрылады, маркетинг қолданылады және менеджмент жүзеге асырылады. Бұлардың барлығын іске асыру үшін терең экономикалық білім қажет. Бұндай бәсекелестік күресте кім нарық талабын жетік анықтаған болса, кім өндірісті дұрыс ұйымдастырады және құрады, табыс табады сол жеңеді. Бұл міндеттер орындалады, егер кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік негізін жақсы игерген болсаңыз.


  1. Кәсіпорынның жіктелуі

1) Қолданылатын қорларына байланысты кәсіпорындар еңбек сіңіргіштігі жоғары, қор сіңіргіштігі жоғары және материал сіңіргіштігі жоғары болып бөлінеді. Еңбек сіңіргіштігі жоғары кәсіпорындарда, көбінесе еңбек бөлінісі дәрежесі өте жоғары. Бөл бөліністің кемшіліктері еңбекті ізгілендіру, еңбек қызметін қызықтыру және топтарда жұмыс істеу тұжырымдамаларын туғызды.


2) Салаға байланысты кәсіпорындар келесі түрде бөлінеді: кен өңдіру, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылық, сауда, транспорт, байланыс, құрылыс кәсіпорындары, қаржы мекемелері.
3) Орналасуына қарай. Орналасу жерін таңдау белгілері:
а) материалдар шығындары (транспорттау шығындарын азайту)
б) еңбек шығындары (еңбек қорларының жеткіліктілігі, еңбек күші бағасы)
в) тауарларды сату шығындары және салықтар деңгейі
г) транспорттық құралдар жеткіліктілігі
д) энергия шығындары
е) қоршаған орта жағдайына қарай
ж) тұтынушылар жеткіліктілігіне
з) жергілікті жердің ерекшеліктеріне қарай (ландшафтысы, климаты және с.с.)
и) шетел әріптестерімен байланысуына қарай
4) кәсіпорын өлшеміне қарай ірі, орташа, шағын кәсіпорындар болады. Ол үшін жұмысшылардың саны, жылдық айналымы, негізге қаржы мөлшері, жұмыс орындарының саны, бастапқы материалдардың қолданылуы есебке алынады.
5) меншік формасына қарай жеке, мемлекеттік, ұжымды кәсіпорындар болады.
6) ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарай
3. Кәсіпкерліктің дамуы, нысандары мен түрлері. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділіктер

  • Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары. Қазақстанда кәсіпкерліктің құрылу мен даму негіздері Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламаларында көрсетілген болатын. Тұңғыш рет бұл мәселелер 1990 жылдың желтоқсанында қабылданған ҚР «Қазақ КСР-дағы шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы» заңында көрінісін тапқан болатын. Кейінірек, 1992 жылдың шілде айында «Жекеменшік кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» заңы қабылданған болатын. 

  • Аталмыш кәсіпорындарға ауыл шаруашылығының,тамақ және жеңіл өнеркәсібінің, машина құрылыс, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары, тұрғын және коммуналдық құрылыс мекемелері жатады.

  • Шағын бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі агенттігі қызметінің бағыттарының біріне кәсіпкерлік бірлестіктердің өз-өзін ұйымдастыру мен кәсіби шеберлігінің деңгейін арттыру жатады. Бүгінде Қазақстанда өздерінің негізгі қызметі кәсіпкерлікті қолдау болып табылатын 200 астам қоғамдық ұйым қызмет етеді.



  1. Кәсіпорын өз ерікті шаруашылық субъект ретінде нені көрсетеді?

Казіргі нарық кезеңдерінде кәсіпорын негізгі буын болып саналады. Тек кәсіпорындарда ғана өнім өндіріліп, жұмысшының өндіріс құралдарымен, еңбек заттарымен тікелей байланысты. өндірістік кәсіпорын болып өндірістік-техникалық бірліктерден тұратын ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе алатын өндірістік бірлік саналады.
4. Кәсіпорынның басты міндеттері мен қызметтер
Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге тырысады:
- қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек
- бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз позицияларын қалай нығайту керек
- өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек
- қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек
- қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады
- өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі мақсатына өндірілген өнімді сату емес, сатылатын өнімді өндіру болып саналады.
Кәсіпорында маркетингтік қызметінің негізгі функцияларына нарықты кешенді зерттеу ( талдау, болжау, коньюктура), кәсіпорынның өндірістік-өнім өткізу мүмкіндіктерін талдау, маркетинг стратегиясы мен бағдарламасын жасау, тауар саясатын жүргізу, баға саясатын қалыптастыру және жүргізу, коммуникациялық саясатты жүргізу, сұранысты қалыптастыру, өнімді өткізуді ынталандыру жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет