Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы



бет1/13
Дата26.08.2017
өлшемі4,27 Mb.
#28674
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Ақмола облысы

Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы

«Бөбек сәбилер балабақшасы» МКҚК

ПОРТФОЛИОСЫ

Портфолионың мазмұны



  1. Сәбилер бақшасы жайлы жалпы мәлімет

  2. Сәбилер бақшасының жетістіктері

  3. Тәрбиелеу және оқыту Бағдарлама мазмұнын игеру мониторингінің нәтижелері

  4. Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану

  5. МҰ сайты жұмысының тиімділігі

  6. Педұжыммен, ата-аналармен жұмыс формалары.

Сәбилер бақшасы жайлы жалпы мәлімет


«Бөбек с/б» МКҚК типтік жоба бойынша салынған 3-қабатты ғимаратта орналасқан, жалпы аумағы 1851,5 м2, жас ерекшеліктері бойынша топталған 3 топ бар, балабақшаның жұмыс режімі 10,5 сағат, Ақкөл ауылы Школьная көшесі 3-үйде орналасқан. Сәбилер бақшасы 2008 жылғы ақпан айынан бастап балабақша , ал 2016 жылдың 24- шілдесінен сәбилер бақшасы болып жұмыс істейді, жобалық қуаты 70 орын, тізім бойынша бала саны 70. Оқу- тәрбие жұмысы барлық топта қазақ тілінде жүреді. 

 


р/с


Топтың атауы

Жас ерекшелігі

Топ

Бала саны

Оқыту тілі

1

«Балапан»

2 – 3 жас

І кіші

20

мемлекеттік

2

«Жұлдыз»

3 – 4 жас

ІІ кіші

25

мемлекеттік

3

«Балдырған»

4 – 5 жас

ортаңғы

25

мемлекеттік

Балабақшада жабдықталған  спорт  және ән-саз залдары, меңгеруші, шаруашылық меңгерушісі, әдіскер кабинеттері, әдістемелік, психолог кабинеттері жұмыс істеуге қолайланып жабдықталған. Балабақша аумағында гүл бақтары, ойын алаңдары  және спорт алаңы бар.

Балабақшаның оқу-тәрбие үрдісі келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асады:



  1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті

Стандарты» - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23-тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13-мамырдағы № 292 қаулысына 1-қосымша.

  1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы». 2016 ж

Білім беру және тәрбиелеу үрдісін 10 педагог жүзеге асырады.

Олардың 8 – жоғары педагогикалық, 2 – арнаулы орта педагогикалық білімді

3 – І санатты, 6 – ІІ санатты педагогтар

Сәбилер бақшасының жетістіктері

Оқу-тәрбие үрдісінде бақшамыздың мақсаттары мен міндеттерін негізге ала отырып, ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңаша ойлап, егеменді еліміздің болашақ тұтқасын қолдарына ту етіп ұстайтын, ой-өрісі кең, жан-жақты дамыған, сауатты да, салауатты жеткіншектерді тәрбиелеудегі жеткен жетістіктеріміз де баршылық.

Айта кететін болсақ, Зеренді ауданының мектепке дейінгі мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы бойынша байқау нәтижесінде жүлделі ІІ орынды иелендік.

Балабақша педагогтары білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары, кәсіби шеберлігі, педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін аудандық білім беру бөлімінің алғыс хаттары, грамоталары, Ақмола облысының білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.

Білімқұмар балаларға арналған республикалық «Үркер» зияткерлік марафонына белсене қатысып, жүлдегер және жеңімпаз балаларды дайындағаны үшін диплом және алғыс хаттармен марапатталды.



Тәрбиелеу және оқыту Бағдарлама мазмұнын игеру

мониторингінің нәтижелері
Оқу жылы бойында бала дамуының құзіреттілігінің мониторингі оқу жылы басында – бастапқы, жыл ортасында – аралық, оқу жылы аяғында – қорытынды көрсеткіштері индикаторлар бойынша бағаланады. Нәтижелері әр топта 5 білім саласы жеке-жеке диаграмма түрінде жасалады.

Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану



Денсаулық сақтау технологиялары
Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үдерістің тұтастылығы бала дамуы туралы, соның ішінде физикалық дамуы туралы жаңа түсінікті айқындайтын қандай да бір бағдарламаны іске асырумен қамтамасыз етіледі. Мектепке дейінгі ұйымда (бұдан әрі – МДҰ) бала денсаулығын, оның физикалық дайындық деңгейін қалыптастыру, меңгерілетін қозғалыс машықтарының көлемі оның немен және қалай шұғылданатындығына, яғни, педагогтардың қандай бағдарламаларды қолданатындығына байланысты. Балабақша мен ата-аналар алдында ауқымды міндет тұр – баланың дұрыс физикалық дамуына жағдай жасау, мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, белгілі қимыл машықтарын дамытуға арналған сезімтал ерекшеліктерін ескере отырып, моторлық функцияларының уақытылы дамуына, маңызды органдары мен жүйелерінің дұрыс қалыптасуына ықпал ететін қимыл белсенділігінің оңтайлы режімін қамтамасыз ету.

2014-15 оқу жылының алғашқы педкеңесінде денсаулық сақтау технологиялары арқылы мектепке дейінгі балаларды сауықтыру тақырыбын қолға алуды шештік.

Жұмысты зерттеу әдістерінен бастадық: сауалнама, әңгімелесулер, тестілеу.

Сөйтіп, балабақша ұжымының әдістемелік мәселесі айқындалды:

«Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында денсаулық сақтау технологияларын қолдану»

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыстық белсенділігін дамытуды жетілдіру, бала ағзасын шынықтыру.

Көкейкестілігі: XXI ғасырда өмір бізге көптеген жаңа мәселелерді айқындады, оның ішінде денсаулық сақтау, саламатты өмір салты әдеттерін тәрбиелеу ең өзекті мәселе болып табылады. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жас ерекшеліктеріне сай келетін, артық жүктемелерді жоятын және мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтайтын білім беру технологияларын таңдау білім беру жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңінің басты міндеттерінің біріне айналды. Денсаулық сақтаушы педагогикалық технологиялар белгіленген міндеттерді шешу құралының бірі болып табылады.

Болашағы: егер педагог денсаулық сақтау технологияларын, яғни СӨС әдеттерін қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмыстың жаңа белсенді формаларын қолдану арқылы дене шынықтыру және сауықтыру бойынша балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеу жүйесі әзірлесе, балалардың денсаулығы сақталады, нығаяды және дамиды, ал физикалық қасиеттері тиімді түрде жетілдіріледі.

Жұмыстың мақсаты: балабақшаға денсаулық сақтау технологиясын енгізу, бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру; педагогтарды, ата-аналарды және олардың балаларын дене шынықтыру мен саламатты өмір салтына тарту.

Ғылыми-әдістемелік негіздемесі: дене шынықтырудың (дене жаттығуларының, ұтымды режімнің, шынықтырудың) тек барлық құралдарын кешенді қолданған жағдайда алға қойылған міндеттерді сәтті шешуге және Мемлекеттік Стандарттың талаптарын орындауға болады. Сондықтан да дені сау баланы тәрбиелеу жұмысы денсаулық сақтау технологияларының кешенінен тұратын дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Жаңашылдығы: денсаулық сақтау технологияларын ойын нұсқасында қолдану: оқыту мен сауықтыру оңай жүзеге асады, жаттығулар мен сауықтыру техникалары ұзақ уақыт бойы баланың есінде сақталады. Балабақша мен отбасы әрекеттестігінің жаңа түрін қалыптастыру, ол педагогтардың, мамандардың ата-аналармен қарым-қатынасымен ерекшеленеді және отбасының тәрбиелік әлеуетіне дұрыс ықпал етуге көмектеседі.

Міндеттері: балалардың денсаулығын нығайту және сақтау бойынша балабақшаның сапалы педагогикалық жұмысын қамтамасыз ету; оқытуға денсаулық сақтау технологияларын енгізу; сауықтыру орталықтарымен сабақтастық; ата-аналармен ынтымақтастық.

Осы міндеттерді орындауды келесі іс-шаралар арқылы жүзеге асырып жатырмыз:

  1. Таңғы гимнастика күнделікті музыка, дене шынықтыру залдарында және І кіші тобында ойын бөлмесінде тәрбиешілер өткізеді. Гимнастиканың түрлері балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдалады. Қимылды ойындардан, ойын жаттығуларынан, негізгі қимылдардан тұратын кешен.




  1. Дене шынықтыру сабақтары. Аптасына 3 рет спорт залда ІІ кіші және ортаңғы топтарда, І кіші топта ойын бөлмесінде апталық сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі. Сабақтың алдында спортзал жақсылап желдетілінеді. Сабақты дене шынықтыру жетекшісі өткізеді. Сабақтың ұзақтығы: І және ІІ кіші топтарда 7 – 15 минут, ортаңғы топта 15 – 20 минут.




  1. Динамикалық үзілістер немесе сергіту сәттері. Сабақ кезінде 1-2 минут. Балалардың шаршауына қарай шаршаудың алдын алу ретінде 2-ші кіші топтан бастап барлық балаларға ұсынылады. Динамикалық үзілістердің кешені көзге арналған гимнастикалар мен тыныс алу гимнастикаларының элементтерінен және сабақтың түріне қарай өзге гимнастика элементтерінен құралады.



  1. Табиғи шырын және жеміс. Күнделікті дәрумендендіру мақсатымен екінші таңғы асқа барлық топтарға тәрбиешінің көмекшілері береді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет