Қан Топтары– бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамындаагглютининдеп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды -донор(латынша«donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды –реципиент(латынша«recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын III және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (10-кесте). Егер қан топтары сәйкес келмесе,эритроциттержелімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.