Аналитикалық шоттар не үшін қолданылады?



бет1/4
Дата10.02.2023
өлшемі322,32 Kb.
#168251
  1   2   3   4
Байланысты:
Аналитикалық шоттар не үшін қолданылады
көптіл Сайфуллина У.О 14..11, Презентация (1)

Аналитикалық шоттар не үшін қолданылады?

Исанов Адилет,Аджибай Серик,Тукенов Ильяс

Аналитикалық шоттар дегеніміз не?

  • Аналитикалық шот дегеніміз – синтетикалық шоттарда көрсетілген ақпаратты әрі қарай талдап, дамытып көрсететін шоттар.Аналитикалық шоттар белгілі бір синтетикалық шоттарға ашылады. Осыған байланысты олар дербес болмайды.Аналитикалық шоттарда есептелетін объекті натуралдық (саны, салмағы, көлемі) өлшеммен және ақшалай өлшеммен көрсетіледі.Аналитикалық есеп шоттарында қалдықтары және өзгерістері синтетикалық шоттардікіндей жақтарында көрсетіледі. Аналитикалық шоттардың қалдықтары сонымен қатар дебеті және кредиті бойынша айналымдары жалпы сомасында, осы аналитикалық шоттарды біріктіретін синтетикалық шот бойынша қалдық пен айналымға тең болуы керек.

Синтетикалық шоттар

Синтетикалық шоттар, бұл — есептегі қорытындылаудың ең жоғарғы деңгейі. Синтетикалық шоттарда құралдар немесе олардың көздерінің түрлері бойынша есеп тек қана құндылық көрінісінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасында есептегі бірлікті қамтамасыз ету үшін 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындарда қолданылып жүрген синтетикалық шоттардың арнайы тізімі (номенклатурасы) келтірілген, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарына енгізілген болатын. Одан соң, 2003 жылдың 1 қаңтарынан оның орнын шоттардың Типтік жоспары басты. Ал, 2006 жылдың 5 қаңтарынан бастап олардың орнын бухгалтерлік есеп шоттарының Жұмыс жоспары басты.

Қашан ашу керек?

  • Аналитикалық шоттарды қашан ашу керекАналитикалық шоттарды ашу, мысалы, отын түрлері, қызметкерлер, тауарлық-материалдық құндылықтар және басқа да есепке алу бағыттары бойынша есепке алуды егжей-тегжейлі жүргізу қажет болған жағдайларда қажет.Аналитикалық шоттармен жұмыс істеудің басты шарты-айналымдар мен қалдықтардың сәйкестігі сақталуы керек.Аналитикалық шоттардың мақсаты мен артықшылықтарыАналитикалық шот кәсіпорында қолданылатын экономикалық құралдар мен басқа активтерді егжей-тегжейлі көрсету үшін қолданылады. Аналитикалық шоттар тек синтетикалық шоттарға қосымша ретінде ашылады. Қазіргі бухгалтерлер екінші, үшінші, төртінші және бесінші ретті регистрлер бойынша аналитикалық есеп жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет