Әл-Фараби атындағы



Дата16.02.2022
өлшемі22,38 Kb.
#131954
Байланысты:
ҚЖЗТ СӨЖ.Жүрсінәлі ЕРНАР


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих,археология және этнология факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
Ғылыми тарих
Орындаған:Жүрсінәлі Ернар
Тексерген: Абикенова Г
СӨЖ №1 Мәшімбаев С .М Әбілхайыр хан
ӘБІЛХАЙЫРДЫҢ ШЫҚҚАН ТЕГІ ЖЕКЕ ӨМІРІ . XVIII-ғасырдың атақты хандарының бірі, қазақ әскеріне бас қолбасшы болған Әбілхайыр хан 1693 жылы оңтүстік –батыс Қазақстанда дүниеге келген деп Қазақ ССР-нің қысқаша энсиклопедиясында көрсетеді.Тевкелевтің Қазақ жеріне келгенде Әбілхайырдың өз аузынан жазып алғаны Әбілхайыр Қажы сұлтанның баласы екенін дәлелдейді.Шыңғыс ханның баласы Жошыдан тараған қазақ ақсүйектері мен төрелерінің және қазақ хандарының арғы тегі туралы Ш.Ш.Уалиханов, А.Бөкейханов, Тынышпаевтар жазған А.И Левшин мен Уалихановтардың еңбектерінен алынған қазақ хандары мен сұлтандарының ата тектерінің кестесінде Әбілхайыр ханның шежіресін береді: әз-Жәнібектің сегізінші ұлы Өсекеден Бөлек-Қоян,Бөлек Қояннан Айшуақ,Айшуақтан Ырыс, Ырыстан Қажы, Қажыдан Әбілхайыр тарағанын көрсетеді. Әбілхайыр Қажы сұлтанның ортаншы ұлы болды, үлкен баласы Тоқтамыс, кіші баласы Бұлхайыр болған. Әкелерінің ерте қайтыс болуына байланысты бұл сұлтандар жетімдік тауқыметін көріп өседі. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында Торғай даласында болған орыс зерттеушісі И.И Крафт «Әбілхайыр әкеден жетім қалғаннан кейін әр жерді кезіп күн көріп жүреді. Болашақ жары Бопайдың әкесінің қолында малын бағады. Сөйтіп жүргенде Әбілхайырға тағдыр батыр Жәнібекті кездестіреді» деп мәлімдейді, аталған батыр Орта жүз батыры Қошқар ұлы Шақшақ Жәнібек (1693-1751 жж) болуы керек. Көптеген тарихи құжаттарда Әбілқайыр хан Еділ қалмақта рының ханы Аюқтың қасында қызмет атқарған деген мәліметтер де бар . - Н.Я. Бичурин " Болашақ Кіші жүз ханы Әбілқайыр қалмақ ханының сарайында қызмет атқарған " - десе . В.М. Бакунин " Қалмақ ханның сарайында кубан , хиуа және қазақ сұлтандарын көптеп кездестіруге болады , соның ішінде Әбілқайырда болған " , - деп XVIII ғасырда Қалмақ хандығының халықаралық беделінің өсуін көруге болады . Орыстарда Еділ қалмақтарымен тығыз байланыс жасап , қалмақтарды Кіші жүз қазақтарына қарсы койып отырғандығын көреміз . Кейбір тарихи деректерге кара ғанда Әбілқайыр XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығында Еділ калмактарының ханы Аюқтан кетіп қалып , Сыр өзенінің бойындағы Қарақұмға келеді . Бұл уақытта қазақ даласы ең ауыр кезендi бастан кешіп жатқан болатын . Қазақстанда бір тұтас хандық билік болмады . Осындай ауыр жағдайда қазақтың жаулары карап жатқан жоқ болатын . 1708-1709 жылдарды жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанға ( Ұлы жүз ) қазақтарына шабуыл бастады . Әбілхайырда қазақ салтынан аттап өтпи, ағасы Тоқтамыс қайтыс болған соң әйелін әмеңгерлік салтымен бәйбішесі етіп алады, ол адай руынан Мырзатай батырдың қызы болған. Одан кейін Бопайға үйленеді, одан кейін қалмақ әйелінен Шыңғыс атты ұл, башқұрт әйелінен Қаратай сұлтан (1738-1830жж) дүниеге келді.
ӘБІЛХАЙЫР ЖӘНЕ БОПАЙ ХАНЫМ. Әбілхайырдың әйелі Бопай кіші жүздің сұлтаны Дербесәлінің қарындасы болған. Бопай өзі сұлу, өзі ақылды, батыл қыз болған. Бопай Әбілхайырдың әйелі ғана емес, оның мемлекеттік істерді шешудеде ақылшысы болған. Бопай Әбілхайырмен Аіырақай шайқасына және 1742 жылы баласы Қожахметті орыстардан құтқару үшін болған шайқасқада бірге қатысты. Әбілхайыр қайтыс болған соң Бопай ханшайым баласы Нұралы екеуі хандықты басқарып, Әбілхайыр ханның Ресей патшасымен болған келісімді бұзбай,сақтап одан әрі жалғастырды. Бопай ханшайым күйеуi өлгеннен кейінде ұзақ жасап 1781 жылы 31 мамырда дүние салады. Әбілқайыр ханның Бопайдан алты баласы болды,оның бесеуі ұл болса : Нұралы ( 1710-1790 ) , Ералы ( 1721-1794 ) , Қожаахмет ( 1722-1749 ) , Айшуақ ( 1723-1810 ) және Әділ ( 1724 1750 ) . Ең кішісі қыз бала Зылиха болады . Әбілқайырдың үш ұлы Нұралы , Ералы және Айшуақ бірінен соң бірі Кіші жүздің хандары болды .
ӘБІЛХАЙЫР КІШІ ЖҮЗДІҢ ХАНЫ (1710-1748жж). XVIII-ғасырдың алғашқы онжылдығында Кіші жүзде Қайып хан болды, Орта Жүзде наймандардың ханы Тұрсын болды, Ұлы жүзде Абдулла хан болды.Я. П. Гавердовский жазғандай: «XVIII ғасырдың бірінші онжылдарында қазақтардың ақсүйектері жеке-жеке билік жүргізіп, елде бірлік болған жоқ»,-дейді. Бірліктің жоқтығының кесірінен жоңғарлардың шапқыншылығы күшейді, Орта және Кіші жүз ақсақалдары бірлік болмай тірлік жоқ деген нақылға сүйене отырып 1710-жылы Қарақұмда қазақтардың ақсүйектерінің бас қосқан құрылтай өтеді. Құрылтайда Бөкенбай батыр жалынды сөйлеген соң құрылтайға жиналғандар бір ауыздан елді жаудан қорғауға ант береді. Құрылтайға Кіші Жүзден қаракесек, байұлы, әлім, жетіру сұлтандарымен қатар, Орта Жүзден қыпшақ найман сұлтандары қатысады. Бұл құрылтайда Н. Ерофеева «ел басына ауыр күн түскенде күшті біріктіріп ,1710 жылы Әбілхайырды ақ киізге отырғызып хан көтерді»,- дейді. Ал Я.П. Гавердовский болса халық аузынан шыққан дерекке сүйеніп 1710 жылы Әбәлхайырдың хан болғанын жазады. Орыс зерттеушісі И. Крафт бұл тарихи оқыиғаны Әбілхайырдың Бопайға үйленуімен байланыстыра жазады, яғни сол жылы Әбілхайыр Бопай екеуінің тойымен қоса һзінің хан болғанын тойлады дейді. Ал тарихи деректерде Әбілхайырдың есімін тек 1717-1718 жылдарында бірақ көреміз. А.И. Левшин 1717 жылы Әбілхайыр бастаған қазақ әскері Қазан губерниясының Новошемнинскіге дейін барған десе Әбілхайыр мен Қайып есімін біз 1717 жылы алғаш рет кездестіреміз. Қазақ тарихшысы А. Сабырханов еңбегінде « ең алдымен Әбілхайыр туралы бірер сөз . 1718 жылға дейін архив материалдарында Әбілхайырдың хан болып сайланғаны туралы туралы дерек кездеспейді. XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихын зертеген орыс тарихшысы Н.Г Аполлова өз еңбегінде «Әбілхайыр 1718 жылы хан болған»,-дейді. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болған соң Қайып Орта және Кіші жүздің ханы болған,бірақ Кіші жүзде беделді Әбілхайырмен бірге жүрген. 1717-1718 жылдары Қайып пен Әбілхайыр бірге жоңғарларға қарсы 30 мың әскермен аттанып Аягөз маңында жеңіліске ұшырайды. Жеңілістің себебі Әбілхайырмен Қайыптың бақталастығы. Қайып хан Сібір губернаторымен елшілік байланысын күшейтіп отырған, 1716 жылы 14 қазанда Никита Белоусов деген елші қазақ даласындағы шынайы жағдайды және Қайыптан басқа беделді адам барын білу үшін келді, Н.Белоусов «Қайып ханнан басқа хан жоқ екенін айтады». Қайып 1718 жылы қайтыс болған соң Әбілхайыр хан болады.бірақ Жәдік мұрагерлері оны хан ретінде мойындамайды. Ресей патшасының жіберген елшісі А. Тевкелев пен кездескен Бөкенбай батыр «Тәуке ханнан кейін Әбілхайыр бас хан болды жйне ешкіммен ешқандай қарсылық көрместен көпшілік қолдауына ие болып,һз еркімен көптеген ерлік істер жасады,ал бүгінде,белгілі жағдайға байланысты қазақтар оған кектенуде» деп елшіге шындықты айтқан.
ӘБІЛХАЙЫР ХАННЫҢ ЕДІЛ ҚАЛМАҚТАРЫМЕН СОҒЫСЫ. 1723 жылы қазақтардың басына түскен ауыр кезеңдерінің бірі «Ақтабан шұбырынды» кезінде жоңғарлар оңтүстік-шығыстың біраз аумағын басып алды,Ұлы Жүз қазақтары батысқа көшуге мәжбүр болды. Жоңғар әскері Кіші жүз жеріне кіріп Ембі,Сағыз,Ойыл,Торғай өзендеріне дейін жетті. 1723 жылы Жоңғар ханы Цэван-Рабдан Қалмақ ханы Аюке ханның қызын айтырып елшілік жібереді. Бұл елшіліктің мәні әскери-саяси одақ екенін Әбілхайыр біліп бірінші әрекет жасайды. Қалмақ ханы Аюке қазақтарға қарсы соғысу үшін Ресей патшасынан әскер жіберуін өтінеді,бірақ орыстар бұл ойын қолдамайды.Бұл кезде 1723 жылы Әбілхайыр Сырдарияның орта сағасынан Бөкенбай,Есет,Жәнібек сияқты батырларын жинап Жайық өзеніне қарай бет алды. Осы жылы 28 қарашада Лекбейдің ауылын талқандайды. 1724 жылы Аюке қайтыс болған соң Әбілхайыр соғысын тоқтатпай шілде айында, Есет батыр Дорж Назардың баласы Лобждың ауылына шабуыл жасап жеңіске жетеді. Осындай соғыстарымен қазақ-қалмақ соғысы екі жылға яғни 1725 жылға дейін созылды. Осы қазақ және қалмақ аймақтарына қарулы күшпен басып кіруге толық дайындығы болмай жатқан Ресейдің қазақ,қалмақ,башқұрт тағы басқа халықтарды бір-біріне айдап салу саясатын ұстады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет