«Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы»



Дата14.05.2022
өлшемі16,49 Kb.
#143375
Байланысты:
эссе


«Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы»
Эссе
Қазақ мемлекеттігің құрылуының басында көне мемлекеттік бірлестіктер тұрды.Алдымен кішкене шолу жасап өтсек.Қазақ халқының бастауына сақтар,үйсіндер, қаңлылар секілді мемлекеттер кіреді. Қазақ мемлекеттілігінің құрылу процессіне орта ғасырлардағы Түрік мемлекеттерін жатқызуға болады.Кейіннен моңғол шапқыншылығынан кейін алғашқы мемлекеттік құрылым ретінде Ақ Орда мемлекеті тарих сахнасына шықты.Әрине біраз тарихи кезеңдерден кейін Қазақ хандығы құрылды.Ол қазақ халқының тарихындағы ең ірі мемлекет және бірлестік болды.Өз байрағын көкке көтере отырып,көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас жасай білген қазақ хандары халықтың мәңгі есінде.Олардың заң жинақтары біздің тарихымызда өшпес орын қалдырды.Бірнеше ғасыр өткен соң,жоңғар шапқыншылығынан қорғану мақсатында, Қазақ хандығы Ресей империясының құрамына кіруге мәжбүр болды.Ресейдің құрамына кіре отырып, қазақ халқы ата-бабаларынан қалған жерге толық иелік ете алмады, Ресейдің боданына айналды. Қазақ зиялыларының тәуелсіз мемлекет құру әрекеттері сәтсіз аяқталды.Кеңес Одағы құлағаннан кейін ғана еліміз тәуелсіз мемлекетке айналды.
Халықтың этникалық құрамы ерте темір дәуірінен бастау алады,яғни б.з.б VII-IV ғасырларда қазақ даласында сақтар,үйсіндер.қаңлылар, сарматтар мен ғұндар еліміздің территориясында өмір сүрді.Осындай этникалық топтар қоғамның мемлекеттік құқықтық ұйымдарының қалыптасуы мен дамуына әсер етті.
Одан кейінгі орта ғасырларда тайпалық одақтар мен мемлекеттер қайта құрыла бастады.Тарихи деректерге сүйенетін болсақ Қазақстанның қазіргі шекарасы VII-VIII ғасырлардағы Батыс Түрік қағанатының аумағына сәйкес келеді.Қазақ тарихына орта ғасырларда өмір сүрген Қарлұқ қағанаты, Оғыздар мемлекеті,Қимақ мемлекеттері кіреді.Сонымен бірге халықтың мәдениетінде Қарахан мемлекеті із қалдырды, яғни қазақ даласындағы ислам дінін алғаш қабылдаған мемлекет болды.Моңғол шапқыншылығына дейін өмір сүрген құрылымдарда жетілдірілген мемлекеттің формалары қалыптатса бастады.ХІІІ ғасырда Қазақстан аумағына Шыңғыс хан бастаған Моңғол империясы еніп, қазақ даласында жаңа ұлыстар,хандықтар пайда бола бастады.Соның бірі Алтын Орда құлғаннан кейін қазақ хандығының түп тамыры болатын Ақ Орда, және тағы да басқа Моғолстан, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы, Сібір хандығы, Астрахан, Қырым хандықтары құрыла бастады.
Әбілқайыр хандығы мен Ноғай ордасы Ақ Орданың мұрагерлері болды.Уақыт өте келе Әбілқайыр хандығында ішкі дағдарыс , талас-тартыс күшейе түсті.Сұлтандар тарапынан наразылық туды.Тарих сахнасына Керей мен Жәнібек сұлтандар негізін қалаған Қазақ хандығы келді.Қазақ көшбасшыларының ерекше беделі,әскери басшылығы мен дипломатиялық білімі Қазақ хандығының мәртебесін көтеріп,көрші мемлекеттердің қызығушылығын туғызды.Дегенмен қазақтар жоңғарлар тарапынан төнген агрессияға тосқауыл бола алмағандықтан, Ресей империясының құрамына кіруден басқа амалдары болмады.ХVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ жерінің біраз бөлігі ресейге қарады. Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылған әрекеттері сәтсіз аяқталды.Абылай хан сияқты ұлы хандар қазақ жерінде халық игілігі үшін қызмет етті.
ХХ ғасырда да тәуелсіздік алу мәселесі өзекті болып қала берді.Елдің еркіндігі үшін алашорда азаматтары күрес жүргізді.Сол кезеңде Алаш Орда үкіметінің құрылуы қазақ зиялыларының жүргізген күресінің нәтижесі еді.Бірақ халық арасында олардың беделінің өсуінен қорыққан Кеңес үкіметі Алашорданы жою туралы шешім қабылдады.Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар көп болды. Қазақ жерінде көптеген реформалар жүргізілді.1918 жылы сауатсыздықты жою қоғамы ашылды.Халықты сауаттандыру ісі қолға алынып, мектептер,жоғарғы оқу орындары ашылды.Орыс тілін оқыту арқылы қазақ халқы орыстанып, көптеген кеңестік қазақ азаматтары ана тілін білмеді.Орыс халқының мәдениетіне сіңісіп кетті.Сол себептен тәуелсіз ел болғанымызға 30 жыл болсада тіл мәселесі өте өзекті.
Қазақ халқы 1919-1921 ,1931-1933 жылдардағы аштық салдарынан зардап шекті,халық аштан қырыла бастады.1930 жылдардың ортасынан 1940 жылдардың басына дейінгі кезеңдерде Қазақ КСР –інде АЛЖИР,КарЛАГ,СтепЛАГ секілді еңбекпен түзеу лагерьлері құрылды.
1930 жылдары Қазақстан ірі индустриалдық аймаққа айнала бастады.Шикізат көптеп өндірілді.Ұлы Отан соғысы жылдары да қазақ халқы үлкен ерлік көрсетті.
1986 жылы 16-17 желтоқсанда студенттер бастаған көтеріліс болды.Оған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Генадий Колбиннің сайлануы себеп болды.Көтеріліс аяусыз басылып, көптеген жастар оқудан шығарылып, абақтыға жабылды.
1989 жылы Колбиннің орнына сол кездегі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрғасы Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды.1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш жалпыхалықтық сайлауда Назарбаев президент болып сайланды.10 желоқсанда республика аты «Қазақстан Республикасы» деп аталды1991 жылы 16 желтоқстанда КСРО толық ыдырағаннан кейін барлық республикалардан ең соңғы болып Қазақсан өз тәуелсіздігін жариялады.Қорытындылай келе, қазақ халқы тәуелсіздікке жету жолында көптеген қиындықтарды бастан кешірді.Сол үшін де тәуелсіздік-біз үшін баға жетпес байлық.Оның қадірін түсініп, құрметтеу біздің міндетіміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет