Жунисова Зинура Шарипхановна
ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ
Мұғалім мәртебесін көтеретін – мұғалімнің өзі ғана. Кәсіби жақтан жоғары білікті, өзінің шығармашылығы мен біліктілігін үнемі көтеріп отыратын жаңашыл, жаңалыққа жақын мұғалім ғана қоғамда жоғары мәртебе иесі болып, беделі артатындығы рас.
Бүгінгі күні қоғамда мұғалім мәртебесі туралы әртүрлі пікірлер қалыптасып отыр. Дегенмен де, білім мазмұнының өзгеруіне байланысты, мұғалімге деген көзқарас та, талап та өзгеруде. Осы жерде Қазақстанның жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтер екенін айтуға болады. Бұл дегеніміз педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды даярлау кажеттілігі де туындамаушы еді. Оның үстіне, қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби кұзіретті мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын күшейе түсуде. Себебі мұғалім – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық екенін жалпы қоғам мойындап отыр. Бүгінгі күн мұғалімдердің атына әр түрлі өкпе, реніштер де айтылып жатады. Көбіне олардың біліктілігінің төмендігі, шәкірттермен арадағы қарым-қатынасы, оқыту әдістерінің көнерген немесе дәстүрлі түрлерінің қолданылуы туралы айтылады. Осы жерде мұндай кемшіліктер қандай себептерге байланысты туындауда? деген заңды сауал туындайды. Оған жауап: біріншіден, жоғары оқу орындарын бітірген жастар мектептегі педагог кадрлардың қатарын толықтыруға асықпайды, сондықтан қазіргі педагогикалық құрамның басым бөлігін 40 жастан асқан мұғалімдер құрап отыр. Екіншіден, жоғары оқу орындары әлі күнге дейін дәстүрлі түрде білім беруде. Сондықтан, тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдер өз мамандығына қатысты жеке тұрғыдан да, кәсіби тұрғыдан да, шамалары бірдей көрсеткішке ие болып отыр.
Сонымен қатар қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын жалпы талаптарға сай кәсіби кұзіреттілік, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік белсенділік, шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде дамыту сияқты қосалқы міндеттерді де тыңдаушылар бойына сіңіруде филиалда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Сондай-ақ, қазіргі мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру болса, осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде іске асыруда филиалдың алға қойып отырған міндеті – аймақтың әрбір мұғалімінің білімін жетілдіру. Себебі, мұғалімнің кәсіби дайындығы кезінде жинақтаған білімі бір қалыпта сақталып тұрмайды. Осыған байланысты, қоғамның дамуымен бірге мұғалімнің білімі де жаңарып, толықтырылып отыруы керек деген қағида назарға алынып, тыңдаушыларды курстан кейінгі қолдау мақсатында түрлі семинарлар, кеңестер беріліп отырады. Қоғамның экономикалық дамуына байланысты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары да туындап отыратындығы рас. Бұл ретте, қазіргі оқушылардың сұраныстары да жоғарлай түсуде, ал мұғалімнің тұлғалық өсуі – біліктілікті жетілдіру арқылы іске асатын үдеріс. Ал кәсіби білігі мен білімі жоғары мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматы ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстарды сапалы атқаратындығы күмән тудырмайды. Сонда ғана мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы ретінде қабылдауға болады.
Бүгінде қоғамның барлық мүшесіне айқын бағдар беретін мұраты биік мұғалімнің қадір-қасиетін арттыруда өзекті мәселе жетерлік. Бұл туралы бас басылым бетінде кеңінен әрі өткір материалдар жиі жарық көріп, тиісті ведомстволардан арнайы іс-шаралар да қабылданып жатады. Еліміздегі игілікті шаралардың қатарында былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Педагог мәртебесі туралы» заңды айтуға болады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы Жолдауында Білім және ғылым министрлігіне «Педагог мәртебесі» туралы жаңа заң дайындау тапсырылған болатын. Жолдауда ұстаздардың мәртебесін көтеру, мұғалімдерге үлкен қолдау көрсету қажеттілігі айтылды. Бұл мұғалімдерді ғана емес, білім беру саласының тыныс-тіршілігіне бей-жай қарай алмайтындарды бір серпілтіп тастады. Жолдауда білім беру саласын дамытуға байланысты көп дүние айтылды. Жүзеге асса, құба-құп дейтін бастамалар да баршылық.
Біріншіден, білім басқармаларын жергілікті әкімшіліктен Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне өткізіп алуы керек. Мектеп мұғалімдерін өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан осы қадам ғана құтқара алады. Заң бабына қосымша ретінде «Мұғалімді міндетіне жатпайтын жұмысқа жеккен шенеунік» жауапқа тартылуы тиіс» деп көрсетілуі керек.
Екіншіден, мұғалім қауіпті мамандыққа айналды. Бүгіндері ата-аналардың арасында мұғалімге дөрекілік көрсетуді заңды құқым деп санайтындар да жоқ емес. Сондықтан, мұғалімге қол жұмсаған адамға құқық қорғау органы қызметкеріне қол көтерген адамға тағайындалатындай жаза қолданылуы тиіс. Бала құқы туралы заңдық норманың асыра орындалуы мектептегі талап қойғыш, білікті ұстаздардың біразының обалды болуымен аяқталуда. Тіпті оқушы мұғалімге, ата-ана мұғалімге қол көтерген жағдай да қалыптасып үлгерді. Бұл – білім сапасына, тіпті білім саласына үлкен соққы болған жағдайлар еді.
Үшіншіден, бюджеттен мектептерді жөндеуге бөлінген қаражат бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс. Сонда мұғалімдер мен ата-аналардан мектепті жөндеуге ақша жинау қиынға соғатын болады.
Әрине, заң жобасын дайындауға қатардағы мұғалімдер де тартылуы тиіс.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңда ең негізгі мәселелер – ұстаздың міндеті, ұстаздың құқы, ұстаздың статусы, мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының міндеті, білім бөлімі әдіскерлері мен басшыларының міндеті, әр дәрежелі білім саласындағы мекемелердің жеке құқы мен міндеттері, педагогтің жұмысқа қабылдануы, жүктеменің ең аз, ең көп нормасы, жұмыстан шығарылу ережелері, мұғалімдік санатты жоғарылатып отыру, мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, қайта даярлаудан өтудің нормалары, Білім беру ұйымдарының педагог кадрларының біліктілігін
Достарыңызбен бөлісу: |