Радиоактивті изотоптар және олардан қорғану. Радиоактивті сәулелерден қорғану мәселелері



Дата04.08.2017
өлшемі46,68 Kb.
#22969
Радиоактивті изотоптар және олардан қорғану. Радиоактивті сәулелерден қорғану мәселелері.

Авторы: Нармағанбетова Айгүл Дүйсембайқызы.

Физика пәні мұғалімі. №1мектеп

Құлсары қ. Атырау облысы

Мақсаты : - радиоактивті изотоптарға анықтама бере отырып, оларды алу, қорғану жолдары туралы түсінік беру.


  • Қазақстанда арзан,жеңіл, қоршаған ортаға зиянсыз радиоактивті изотоптарды өнеркәсіпке қолдану мәселелерін қарастыру.

Көрнекілігі: 9- физика оқулығы (Башарұлы)

11- физика оқулығы (Мякишев)

Д.И.Менделеевтің химиялық әлементтер периодтық кестесі. Интерактивті тақта. «Жасыл пакет» дискісі

Пән аралық байланыс: химия, биология.

Сабақтың түрі: шығармашылықты дамыту сабағы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

1. сабаққа инструктаж жасау

2. сабақтың мақсатын қою

I. Зерделеу бөлімі: бақылау сұрағы арқылы

1. Изотоптар дегеніміз қандай элементтер?

2. Сутегі изотоптары, химиялық құрамы, қасиеттері, аталуы.

3. Радиоактивтілік дегеніміз не?

4. Радиоактивті сәулелердің пайда болу табиғаты.

5. Изотоптарды алу жолдары,ыдыраулар түрлері.



II. Ақпарат бөлімі

  1. Радиоактивті изотоптарды пайдалану

  2. Радиоизотоптарды алу

1934ж. 24 He + 1327 Al= 1530P+ 01n

1224Mg+ 01n= 1124Na+ 11H.

  1. 1935ж. Ф.Ж.Кюри Нобель сыйлығын алды.

  2. Радиоактивті сәулелер – радиациялық сәулелердің биологиялық әсері, олардан қорғану.

  3. Изотоптардың активтілігі – секундына ыдырайтын ядролар санын көрсетеді.

  4. Сәулелену дозасы . D= E/m1 (жұтылған доза) жұтылған доза греймен (Гр) өлшенеді. Бір жылғы шекті доза – 0,05 Гр.

  5. Радиацияны анықтау үшін – дозиметр құралы қолданылады.

III. Жаттығу бөлімі. (Есептер,теңдеулер,реакция).

  1. Азоттың (714N), көміртегі(612C), уран изотоптарының 92235U, 92238U ядролық құрамын анықтау.

  2. Римкеевич №118,5 . Радиоактивті (2554Mn) марганец 2 түрлі тәсілмен алу реакцияларын жазу.

  3. №1202 Р. Рентген қондырғысында жұмыс істейтін сәуле жұтылуының орташа мөлшері 1 сағатта 7 мкГр-ға тең. Егер бір жылға рұхсат етілген сәулелердің шектік мөлшері 50 мГр-ге тең болса, бір жылда күніне 6 сағаттан, 200 жұмыс күніне қызметкер денсаулылығына сәулелену қаупін есептеңіз?

IV. Білімді бекіту.

Тестілеу. («Жасыл пакет» қолайсыз әсерлер - радиоактивтілік).

1)Құйрыққойма дегеніміз не?

а) Құйрықша пішіндес тұрмыстық қалдықтар қоқысы.

б) өздігінен құйрықша түтіндеп жанатын кез-келген қалдықтар қоқысы

в) радиоактивті және токсинді қалдықтар сақтайтын арнайы орын

г) ауыл шаруашылығы қалдықтарын және құралдарын сақтайтын арнайы орын

2) Орталық Азия аймағында радиациялық қалдықтардың үйінділерінің пайда болуының негізгі себебі ?

а)Басқа елдерден қалдықтардың әкелінуі б)Кеңес уақытында уранды өндіру және байыту жұмыстарының нәтижесі в)геологиялық орындардағы тектоникалық, вулкандық процесстер. г)Чернобыль АЭС-дегі тәрізді техногендік апаттар.

3 Алғаш кеңестік ядролық полигон Орталық Азияның қай елінде ашылды?

а) Қазақстан б) Қырғызстан в)Тәжікістан г)Түркменістан д)Өзбекстан

4)Семей ядролық полигоны қай жылы жабылды?

а)1998жылы б)1991жылы в)1996жылы г)2000жылы

5)Табиғи радиоактивтің деңгейі?

а)5-20мкр/сағ б)20-40мкр/сағ в)30-70мкр/сағ г)100-160мкр/сағ

6)Негізгі табиғи радиоактивтілік көздері болып табылатын вулкандық тасулар?

а)Кун жарығының белсенділігі б)Жер қабығының ғарыштың сәулеленуі в)радиактивтік қалдықтар,ядролық жарылыс жер қабығының сәулеленуі

7)Радиациялық әсер тіршілік үшін зиянды себебі?

а)тірі ағзаны қурт ауруы мен ауытқуларға ұшыратады б)жүйке-психологиялық ауруларға ұшыратады

в)тірі ағзаның аллергиялық және тері ауруына ұшыратады

8)Бөлмедегі ауа құрамындығы радон қимасын қалай азайтуға болады?

а)жөндеу жұмыстарын жиірек жүргізу керек в)бөлмені жиірек желдету

б)ылғалды тазалау г)есік,терезені үнемі жабық ұстау

V. Қорытындылау.

1) Радиация көздері

2) Қазақстандағы радиоактивті ластану

«Жасыл пакет»( қолайсыз әсерлер – радиоактивтілік).



  1. Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану

Видиокөріністер «Жасыл пакет» дискісінен. Құндылықтар . Денсаулық және қоршаған орта.

VI. Үй тапсырмасы: Жоғарыдағы тақырыптарға шығармашылық жұмыстар қорғау.

Сабақтың тақырыбы:



Радиоактивті изотоптар және олардан қорғану. Радиоактивті сәулелерден қорғану мәселелері.

9-сынып


Пән мұғалімі: Нармағанбетова А

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет