Жартынова Жанар Алибековна
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖҚБАРИ
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Қазіргі таңда елімізде инклюзивті білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлініп, көптеген мәселелер өз шешімін табуда. Соған қарамастан, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында [1]: «Балабақшалардың тек 20 %-ы, мектептердің 60 %-ы, колледждердің 30 %-ы ғана инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Сапалы инклюзивті білім берумен мектепке дейінгі жастағы балалардың бар-жоғы 28,2 %-ы және ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар мектеп оқушыларының 46,5 %-ы қамтылған. Инклюзивті ортада балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін мамандардың тапшылығы 64 %-ды құрайтынын» мәлімдейді. Бұл дегені, біздің елде жүйенің толықтай енгізілуі үшін әлі де шешілуі қажетті мәселелердің баршылығы.
Инклюзивті білім беру жүйесінің тарихына шолу жасайық. Инклюзивті білім беру идеясының эволюциясында бірнеше маңызды оқиғалар бар. Осындай алғашқы оқиғалардың бірі және инклюзивті білім беру философиясының көрінісі "қалыпқа келтіру" принципі болды. 40 жыл бұрын Скандинавия елдері сілтеме жасай бастады. Осылайша, мүгедектігі бар адамдарға "күнделікті өмір сүруге және қарапайым қоғамдағы өмір сүру жағдайларына мүмкіндігінше жақын жағдайда өмір сүруге" мүмкіндік беретін процесс анықталды.
Инклюзивті білім беруді дамытуға серпін берген келесі екі оқиға 1960-1970 жылдары АҚШ-та болды. Біріншісі - нәсілдік теңдікті жақтайтын азаматтық құқықтар қозғалысының басталуы, екіншісі - 1975 жылы мүгедек балаларды "ең аз шектеулі ортада" оқыту талабын қамтитын мүгедек балаларды оқыту туралы Заңның қабылдануы. Үшінші оқиға 1994 жылы маусымда Испанияның Саламанка қаласында 92 Үкімет пен 25 халықаралық ұйымның өкілдері кездескен кезде болды. Осы кездесуде қабылданған "Саламанк декларациясы" деп аталатын келісім халықаралық қоғамдастықтың барлығына білім беруге деген адалдығын көрсетеді. Декларация барлық үкіметтерді "инклюзивті білім беру принципін заң немесе ереже ретінде қабылдауға, егер басқаша әрекет етуге елеулі себептер болмаса, барлық балаларды қарапайым мектептерге қабылдауға" шақырды. Кейінірек, 2006 жылғы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 61 сессиясы "Мүгедектердің құқықтары туралы" Конвенцияны мақұлдады, онда қатысушы мемлекеттердің инклюзивті білім беруге қатысты елеулі міндеттемелері қамтылды[2].
Арнайы білім берудің даму барысын қарастыра келе Н.Н.Малофеев[3] бірнеше кезеңдерді анықтайды (1-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |