Қанатбекова Әдемі ФӨТ 1-002 топ
5-сұрақ:Эритроциттердің физиологиялық маңызы
Эритроциттер –қанның қызыл түйіршіктері. Көлденеңінен қарағанда эритроцит гантельге ұққсайды.Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес.Ер адамның 1 литр қанында 4,0х1012 – 5.0х10 12 /л. Әйелдерде 3,7х10 12 – 4,7 – 10 12 /л қанында. Сыртқы және ішкі орта факторлар әсерінен эритроциттер мөлшері өзгереді. Эритроциттер көбеюі – эритроцитоз, азаюы – эритропения деп аталады.
Эритроциттердің маңызы :
-
Тыныс алу – ол тыныс алу пигменті гемоглобин арқылы өзіне оттегі мен көмірқышқыл газын қосып алатын қасиеті бар. Гемоглобин – қанның тыныс алу пигменті. Ол оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. 100г қанда 16,67 – 17,4 г гемоглобин бар. Ер адамда 130 – 160 г/л , әйелде 120 – 140 г/л. Гемоглобин 600 амин қышқылдарынан тұрады. Гемоглобин глобин нәруызынан, төрт гем молекуласынан құралған. Гем молекуласында бір атом темір бар. Темір өзіне оттегін қосып алады да, жасушаларға оңай береді. Глобин – гемнің нәруыз тасушысы.
Тыныс алу – гемоглобин өкпеден тіндерге оттегін және тіндерден өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдайды. Гемоглобиннің көмірқышқыл газымен қосындысы карбогемоглобин, оттегімен қосындысы – оксигемоглобин, иісті газбен – карбоксигемолглобин деп аталады.
-
Эритроциттердегі гемоглобин молекулалары қан реакциясының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
-
Эритроцит-осмостық буфер.Қанның осмостық қысымы күшейген кезде мұндағы заттардың көбі эритроциттерге өтеді,мұнымен қатар иондар плазмалық белоктармен әрекеттеседі,сөйтіп плазманың осмостық қысымын төмендетеді.
-
Эритроцит тіндердегі суды өкпеге тасиды.
-
Эритро цит макромолекуланы тасып жасушалар арасындағы креаторлық айналыстарды қамтамасыз етеді.К реаторлық байланыс жаңарған жасушалардың және жасушалардың табиғи құрылысы мен кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді.
-
Қоректік – қоректік заттарды ас қорыту ағзаларынан жасушаларға тасымалдайды;
-
Қорғаныс -Эритроцит теріс зарядталған түйіршік,сондықтан оң зарядты улы заттарды өзіне тартып олардың уытын басады.
-
Эритроцит жарылысымен тромбопластин босап шығады да қанды тез ұйытады.Қан ұюы да қорғаныш қызметіне жатады.
-
Ферментативтік - әр түрлі ферменттердің тасушысы.
Достарыңызбен бөлісу: |