Колдасова Баянсулу
ЖМ-005-2к группасы
Анатомия бойынша талқылауға арналған сұрақтар: 1Аталық бездің дамуын және оның түсу аймағын сипаттаңыз.
2. сперматозоид пайда болу орнынан несепағар өзегінің сыртқы тесігіне дейін жолының тізбегін сипаттаңыз.
3. Аталық бездің дамуында қандай ақауларын білесіз?
Жауап?
1. Аталық без (testis) жұп жыныс ағза ,сопақша пішінді,салмағы 20-30г. Аталық бездің қызметі - сперматазоидтар, яғни аталық жыныс жасушаларын жасау, және де екінші жыныс жетілуді көрсететін аталық жыныс гормондарын қанға бөліп шығару. Аталық бездер ұмада орналасқан.
Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсуіне ең маңызды әрекет етуші - бағыттаушы жіп (gubernaculum testis BNA).Бұл жалғама дамудың алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасып, аталық без ұрығының каудалді шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жатады. Кейін, ол жерде ұма қалыптасады. Ішкі құрсақтың дамудың 3 айында, болашақ терең шап сақинасының орнында қынаптық өсіндісі (processus vaginalis peritonei) қалыптастыратын ішастардың қалташығы пайда болады. Ұрық денесі ұзындығының өсуіне байланысты аталық без төмен орналасып, ішастардың артына, жамбас астау қуысына жылжиды, кейін қынаптық өсіндінің, processus vaginalis peritonei, тұсында болашақ сірлі қабықпен жабылып, ұмаға түседі. Қынаптың өсіндімен бірге алдыңғы құрсақ қабырғасының барлық қабаттары сыртқа салбырап, аталық без орнын – ұманы түзеді.
2. Сперматозоид – адамның, жануарлар мен көптеген өсімдіктердің жетілген гаплоидты аталық жыныс клеткасы. Сперматозоид сперматогенез процесінің (адам мен жануарлар аталық безінде сперматозоидтардың түзілуі) нәтижесінде пайда болып, аналық жұмыртқа клетканы ұрықтандырады.
Ол аталық бездің иреленген ұрық түтікшелерінде пайда болады. Сондықтан оның жылжуы, алдымен, аталық бездің құрылымдарында өтеді. Иреленген шәует өзекшелері аталық без үлесшелерінен шығып, аталық без торына (rete tesis) түсетін қысқа, тік шәует өзекшелеріне (tubuli seminiferi recti) қосылады. Тордан 10-18 аталық бездің шығарушы түтігі шығады.Түтіктер ақ қабыққа тесіліп, қосалқының басына шығады. 12-15 үлестік пішінде болады. Шығарушы өзекшелер қосалқының түтігіне байланысып, көптеген қосалқының конусты үлесшелерін құрайтын иілімдерді құрайды. Соңғысының аймағында түтік шәует шығаратын түтікке ауысып өтеді. Шәует шығаратын өзек иіліп кіші жамбасқа өтеді. Оның қасында соңғы бөлігі кеңейіп шәуетті шығаратын түтіктің ампулласын құрайды(ampulla deferentis), ал сонан соң ұрық шығару түтігімен қосылатын жіңішке өзекке өтеді. Мұнда шәует шашатын түтік (ductus ejaculatoris) бар. Шәует шашатын түтік қуықасты безі қабаты арқылы өтіп, несеп шығаратын өзектің простаталық бөлігіне ашылады. Несеп шығаратын өзек жыныс мүшесінің кеуекті денесімен жылжып, үрпіге ашылады.
3. Ең жиі кездесетін аталық безі мен ұмалық бұзылулар:
Гидроцеле («аталық безбен ұрық бауының қабығына судың жиналуы») - құрсақ қуысының астарының қынап тәрізді өсіндісінің қуысының бітелмей қалуына байланысты пайда болатын ауру. Қалыпты жағдайда нәресте өмірне келген соң бұл өскін бітеліп, аталық безді орап жатқан бөлігі оның қабығына айналады. Егер қынап тәрізді өскін ұзын бойына бітелмей қалса, онда сұйықтық құрсақ қуысынан ағып келіп аталық без қабығының ішіне жиналады. Оны аталық без бен ұрық бауы қабықтарының құрсақ қуысымен байланысатын су ісігі дейді.
крипторхизм – аталық бездің ұмаға түсу үрдісінің бұзылуына байланысты өз орнынан ауытқып, ұмаға түсіп келе жатқан жолында тоқтап қалуы (ретенциясы). Крипторхизм 75% жиілікте басқа органдардың диспластикалық үрдістерімен қабаттасып кезігеді.
Аталық бездің бұралуы – ұрықтық түтіктің дертті бұралуы. Оның нәтижесінде аталық безге қан келуінің тежелуі орын алады.
Варикоцеле – шәует бау тамырларының кеңеюі, ұмадағы ( аталық бездер ) ұлғайған тамырлардың жиналуы. Ол бір ұма және екі ұма айналасында да байқалуы мүмкін. Жыныстық жүйесінің кең тараған проблемасы барлық жас аралығындағы ер адамдарда кездеседі, бірақ көбінесе жасөспірімдерде байқалады. Варикоцеле ер балаларда бедеулігінің тікелей себепкері болуы мүмкін.
Сирек кездесетін ауытқуларға ұмалық агенез, гипоплазия, эктопия немесе гемангиома жатады; penoscrotal транспозиция және бифуркацияланған скотум.