Анықтау, бақылау, зерттеу



Дата11.05.2022
өлшемі16,57 Kb.
#141886
Байланысты:
текст


Оқушылардың дайындық деңгейін аныңтау.
Тест ағылшын тілінде "Анықтау, бақылау, зерттеу"- деген мағана береді.
Оқушылардың даму деңгейін анықтау үшін және дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру мақсатында олардың "даму деңгейін анықтау"/тест/ жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың шынығуы деңгейін анықтау үшін жылына 2 рет 30-30 м жүгіру, орында тұрып ұзындыққа және биіктікке секіру, кермеде тартылу /ұлдар/, доп лақтыру, арқанға өрмелеу, шалқадан жатып денені көтеру /қыздар/, т.б. бақылау мөлшерінің нәтижесін қабылдау жұмысы жүргізіліп, арнайы дәптерге жазылады. Бұл нәтижелер жыл сайын ісінің қаншалықты өскені немесе кемігені анықталып, ата-аналар жиналысында және мұғалімдер кеңесінде талқыланады.
Мектепте әскерге дейінгі жасөспірімдерге дене шынығу дайындығына, көп көңіл аударылады. Бұл жұмыстың ойдағыдай жүргізілуіне барлық мектеп қызметкерлері, ата-аналар және әскери комиссиариаттар бірлесіп қадағалайды.
Оқушылардың дене шынығу дайындығын жақсарту мақсатында ІХ-ХІ сынып оқушыларының дене тәрбиесі бағдарламасынан сынақ қабылдау жұмысы енгізіледі.
Үйрету мен машықтандыруға мұғалім дене тәрбиесінде қолданылатьш мынадай жалпы дидактикалық қағидаларды басшылыққа алады: үйретудегі саналылық, белсенділік, көрнекілік, реттілік жөне жүйелілік, тиянақты меңгеру және үйретуге жеке тұрғыдан келу (жеке жұмыс жүргізу). Дене жаттығуларына үйретуде саналылық окушының үйрету мен машықтану процесін түсінуінен, үйрету мен машықтанудың барлық кезеңдерінің маңызы мен мәнін тани білуінен көрінеді. Біз байқағанымыздай, әрбір жаттығу бас ми қабатының қатысуымен өтеді. Оқушылар санасына осы не басқа әдістің техникасының маңызды екенін оқушылардың санасына жеткізу қажет.
Үйрету мен машықтану процесіне оқушының саналы түрде қызығушылығын ояту арқылы қол жеткізуге болады, Белсенділік оқушы тарапынан білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеруге ұмтылысынан байқалады. Үйретудің көрнекілігі мұғалімнің жаттығуды үлгі түрінде көрсетуі, жаттығу техникасын немесе тактикалық әдісті бақылай және қорытындылай білуі негізінде жүзеге асырылады. Үйретудегі реттілік пен жүйелілік таныс жаттығулардан таныс емеске, қарапайым жаттығулардан күрделі жаттығуларға біртіндеп ауысудан тұрады. Осы ауысулар барлық уақытта оқушылар орындауға болатындай жаттығу-ларға көбірек күш салуды талап етеді. Жүйелілік бағдарламалардан, сабақтар мақсатының мазмұнынан, күрделірек,: бірақ оқушылардан талап етуге болатындай спорттық жұмыстардың жүйесін көрсететін сабақтарды, машықтану мен жарыстарды дәл ұйымдастырудан көрінеді. Меңгерудің тиянақтылығына (орнықтылығына) жаттығуды меңгерудегі оқушының саналы түрдегі жұмысымен, жаттығуды қайталау санымен, белсенділігімен, тексеруді пайдалана білуімен, жетістіктерді бағалай білуімен және жарыс әдістерімен қол жеткізуге болады.
Үйрету мен машықтануға жеке тұрғыдан келу әрбір оқушының жеке ерекшелігін, жас және жыныс ерекшелігін, денсаулық жағдайын, дене даярлығын, оқушы мінез-құлқының ерекшелігін есепке алудан тұрады. Осы тұрғыдан келу үйрету тиімділігін арттырады. Оқыту мен машықтануды жоспарлау.
Мектеп ұжымындағы секциялардың оқу-спорт жұмыстарының бағдарламалары жыл бойы жұмыс жүргізуді қарастырады. Онда машықтанудың дайындық, негізгі және өтпелі кезеңдері де қарастырылған.
Дайындық кезеңінің міндеттері: оқушының жан-жақты дене дайындығы бойынша жұмыс, таңдап алған спорт түрі бойынша техниканы үйрену. Президент сынамаларының нормативтерін тапсыру, біртіндеп өсетін карқындылық пен жүктеме арқылы оқушыны сабаққа тарту, өмір мен спортқа қажетті ерікті, табандылықты, тәртіпті, ұжымшылдық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Негізгі кезеңнің міндеттері: машықтанушылардың жан-жақты дене дайындығы мен моральдық ерік қасиеттерін қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру, сол спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгеруді жетілдіру. Машықтану сабақтарының қарқындылығын арттыру жарыстарға даярлану және оған қатысу, Президент сынамаларын тапсыру. Негізгі кезеңнен кейін 1-2 ай демалу мәселесі қарастырылады.
Өтпелі кезеңнің міндеттері: денеге түскен ауырлықты (жүктемені) біртіндеп азайту, жан-жақты дене дайындығы бойынша жұмыс, спорттың техникасын жетілдіру, Президент сынамаларын тапсыру.
Кей жағдайда нақты өтпелі кезең болмайды да: секция бүкіл жыл бойы жұмыс жүргізбейді, маусымның аякқалуына байланысты жаттығу жұмыстары кейбір секцияларда тоқтатылады (шаңғы, коньки, хоккей жазда ойналмайды, жеңіл атлетика, жүзу қыста өткізілмейді). Кейбір мектептерде, мысалы, шаңғы спорты көктемде жеңіл атлетикалық секцияға ауысады, ал конькимен сырғанау велосипед спорты секциясына, хоккей футболға және т. б. ауысады. Сөйтіп, өтпелі кезең жоқ болады да, жыл ішінде екі дайындық, екі негізгі кезең қалады. Оқушыларға артық күш түсетін қауіпті болдырмау үшін бұл ретте спорттың бір түрін жетекші, ал екінші түрін қосалқы деп есептеу ұсынылады. Спорттың осы қосалқы түрінде оқушылар алдына спорттың негізгі түріндей күш-қуат жұмсауды талап ететін міндеттер қойылмайды.

Машықтану әдістері. Спорттық әдебиеттерде мектеп дене тәрбиесі секцияларында спорттың жекелеген түрлері бойынша қолдануға тиісті әдістер әзірленген.


Мысалы, жеңіл атлетикада жүгіруге үйрету мен машықтану кездерінде қайталанып отыратын ауыспалы және аралық әдістер қолданылады.
Қайталанып отыратын әдіс барлық қашықтықты спринтерлік (шапшаң) жүгіруден немесе орта жөне алыс қашықтыққа жүгіруде оның жеке бөліктерін белгілеген шапшаңдықпен жүгіруден көрінеді. Жүгірулер арасында демалыс беріледі.
Шаңғы спортына машықтануда үш әдіс: ауыспалы, қайталау және бақылау әдістері қолданылады.
Ауыспалы әдіспен машықтану кезінде жалпы төзімділікті қалыптастыруда және қозғалыс техникасы бойынша жұмыс жүргізу жағдайында шаңғымен машықтануға бел-гіленген уақыт (1-1,5 сағат) ішінде оқушыларға қысқа мерзімді (5-10-15 минут) үдемелі жүріс белгіленеді. Үдемелі жүрістін ұзақтығы мен саны біртіндеп арта береді.
Қайталау әдісімен машықтану кезінде қашықтықтың жекелеген бөліктерін (1-2 км) барлық бөліктерді жүгіріп өту кезіндегі шаңғышы төзіп бере алатындай ең жоғары шапшандықпен жүріп өтеді. Осы бөліктердің аралығында шаңғышы қозғалыс шапшаңдығын азайта отырып демалады. Жоғары шапшаңдықпен жүріп етілетін бөліктер біртіндеп көбейтіледі, біртіндеп біріктіріледі, ал демалудың салыстырмалы ұзақтығы азайтылады. Ал бақылау әдісімен машықтану белгіленген барлық қашықтықты уақытпен жү-ріп өту кезіндегі байқауда немесе алдын ала өткізілетін (ішкі) жарыстарда қолданылады.
Спорттық ойындар бойынша машықтану процесінде машықтану сабақтарын машықтанудың негізгі кезеңіндегі жолдастық және күнтізбелік ойындармен байланыстыру-дың ерекше маңызы бар. Машықтану сабақтарындағы техниканы қайталау мен жетілдіру жарыстарда байқалған техникадағы кемшіліктерді түзетумен жөне техниканы үйретудегі күшейтілген жұмыспен байланыстырылады.
Машықтану кезінде мұғалімнің алдында сол спорт түрінің техникасын үйренумен бірге таңдап алынған спорт түрінде жетістіктерге жету үшін қажетті күш, шапшандық, икемділік және төзімділік қабілеттерін қалыптастыру міндеттері тұрады. Осы қабілеттерді қалыптастыру әдетте кешенді түрде, бірге жүргізіледі. Бірақ мүғалім өткізетін сабағында сол қабілеттердің осы не басқа бір түрін қалыптастыруға баса назар аударуы мүмкін. Мысалы, 1000 м-ге жүгіруде оқушыда шапшаңдық жетіспейтінін байқағаннан кейін жылдамдықты немесе беріліп отырған шапшаңдыққа төзуді қалыптастыру мақсатында кейбір сабақтарды қайта құруы қажет. Бұл үшін ол кейбір дайындық жаттығуларын (сөреден шығу, шапшаңдықты үдете жүгіріп өту), жаттығудың аралық әдісін, жеңіске (ылдиға) қарай жүгіруге жағдай туғызатын бұлшық еттер жүйесі мен органдардың қызмет дайындығын, дағдыларды, түсініктерді қалыптастыру үшін басқа да әдіс-тәсілдерді пайдаланады.

Машықтанудың барлық әдістерінде мұғалім оқушылардың жас мөлшерін есепке алуы керек. Жеткіншектер мен жасөспірімдерді машықтандыруға белгіленген әдістерді орындау кезінде жаттығуларды орындау үдемелілігі мен денеге түсетін жүктеменің қайталануы кезінде аса мұқият болуы қажет. Сабақтарда оқушыларды жиі-жиі демалдыру керек. Күшті арттыратын жаттығуларды жылдамдық пен икемділікті арттыратын жаттығулармен, төзімділікті қалыптастыратын жаттығуларды демалу кезеңдерімен, қалыпты ойындармен, теориялық білімдерді хабарлаумен ыңғайын тауып алмастырып отыру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет