Анықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз. A толқыннан толқын туады



Дата23.08.2017
өлшемі255,79 Kb.
#25064
001

Анықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.

A)Толқыннан толқын туады.

B)Ащы мен тұщыны татқан білер.

C)Кірпігін де сирек қағады.

D)Жомарттың сөзі есіне түсті.

E)Ол танк қалқасымен жетіп үлгерген Әлияны байқамай да қалады.

002


Баяндауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.

A)Жоғарғы ауылдан қыз-келіншектердің әні естіледі.

B)Тақталы көйлегіне қара шұбар галстук тағып қойыпты.

C)Қызым үйде, қылығы түзде.

D)Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады екен.

E)Толқынға толқын еркелеп, Жарға жетер ентелеп.

003

Бастауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.



A)Құлтайда жаңағының бірі жоқ.

B)Бұл сапарға біз Мәскеуден келе жатырмыз.

C)Хамиттың екі құлағы шың ете түсті.

D)Аталық мейірімінің жеңіп кеткенін өзі де байқамай қалды.

E)Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады екен.

004


Анықтауыш қызметіндегі негізгі зат есімді табыңыз.

A)Кірешілер бізді қалада тосып отыр екен.

B)Балқашқа қарасақ, пырылдап ұйықтап жатыр.

C)Күндіз көп ұйықтаса, басы ісіп кетеді.

D)Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді.

E)Құлағыма ыстық қорғасындай құйылған бұл сөзден есеңгіреп кетсем керек.

005

Көмекші есімді қатарды табыңыз.



A)Олжабектің жанған ішін алдағы өмірдің нөсері ғана сөндірді.

B)Олар кетісімен, көк белден шаң бұрқ ете түсті.

C)Бұл кезде тау ішінде үлкен оқиға болып жатыр еді.

D)Тұңғыш рет биыл өсірген мұрт ішке байланған шырдың түкті нышанындай әсер етеді.

E)Білісбайдың ішкі сұрағының жауабын Бақдәулеттің өзі қайырды.

006


Пысықтауыш қызметіндегі көмекші есімі бар қатарды табыңыз.

A)Отарда жалғыз үй отырған Қамқа баласының хатын күн батарда алды.

B)Оның жанын жалықтырмайтыны осы «Қосбасардың» төртінші тарауы еді.

C)Көптен бері жағылмаған шырағдан жағылды.

D)Махамбет үйінің жанында біраз тұрып қалды.

E)Ақырапта сирек кездесетін жайма-шуақ күннің өзінде қыстау тым бұғыңқы.

007

Көмекші есімдер қатарын табыңыз.



A)да, де, та, те, әрі, және.

B)бірге, шетінен, тосыннан, жөнімен.

C)тұсы, сырты, іші, маңы, жаны.

D)ғана, ғой, әлде, бірде, алайда.

E)кезекпен, шынымен, ретімен.

008


Көмекші есімді қатарды табыңыз.

A)Мен жатақханада сол жатқаннан жата бердім.

B)Тек өзара ғана болмашы қырқысып қалатын кездері бар.

C)Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап…

D)Олжабек қолын ішіне алып жатып, ұйықтап кеткенін сезбей де қалды.

E)Қаладан дәл шыға берістегі бір сайдың ішінде Амантай мен Олжабек кездесті.

009

Көмекші есімді қатарды табыңыз.



A)Күн ұясынан жаңа ғана шыққан, аспан шайдай ашық.

B)Мүсәпір екеуміз Қарсақтың үйіне де барып жүрдік.

C)Сонау қырқада бұлдырап бара жатқан шоғырмақ – Олжабектің көші.

D)Үй маңында басқа байлық көрінбейді, туырлық орнына ши ұстап қойыпты.

E)Бұл үйдің есігі өзгеден көбірек ашылатындығы осыдан болар.

010


Пысықтауыш қызметіндегі көмекші есімі бар сөйлемді табыңыз.

A)Ұлпан үйінің жанында біраз тұрып қалды.

B)Жылқышылардың астындағы аттарын да аударып алыпты.

C)Үстел үсті толған тағам.

D)Екеуі жолға түсіп, ақырын кетіп барады.

E)Жыл мезгілдері өз қалпында дөңгеленіп өтіп жатыр.

011

Көмекші есімді қатарды белгілеңіз.



A)Жарқырайды түнгі ауылдың оттары,

Адам даусы, пысқырынған аттары.

B)Жаңағы жұлдыздың астында бір кесек тас ерекше биіктеп, бөлініп тұр екен.

C)Адам ірілігі бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат қасиетімен құралады.

D)Көк байрақ, әне, желбіреп,

Арайлы таңда шалқып тұр.

E)Ой толқыны Каспийден айнымайды,

Сол толқында ойнаған Ай да ұнайды.

012

Көмекші есім қатысқан сөйлемді табыңыз.



A)Жарқырайды түнгі ауылдың оттары.

B)Поэзия! Менімен егіз бе едің?

C)Жан салып, тау ішіне көрік берген.

D)Жай орнатқан бұлтыма да қараңдар.

E)Болсам деп ем өзіңнің құлақ-көзің.

013


Етістіктен жасалған сын есімді белгілеңіз.

A)Өнер өлкесі кең өріске ұқсайды.

B)Заринаның да Медиялық көркем жігітті ұнатып қалған сыңайы бар.

C)Ұшқыр ойға кісен салынбас.

D)Еуропаның рухани қайта өрлеу кезеңі туды.

E)Бір патшаның айдай сұлу қызы болады.

014

Етістіктен жасалған сын есімді белгілеңіз.



A)Өнер өлкесі кең өріске ұқсайды.

B)Еуропаның рухани қайта өрлеу кезеңі туды.

C)Заринаның да Мидиялық көркем жігітті ұнатып қалған сыңайы бар.

D)Бай байыған сайын қалтырауық болады.

E)Бір патшаның айдай сұлу қызы болады.

015


Қатыстық сын есімі бар қатарды табыңыз.

A)Ащы су, тұщы су.

B)Үлгілі оқушы, қабілетті бала.

C)Жақсы сөз, жаман адам.

D)Көкшіл мата, қызғылт мата.

E)Көк шөп, қызыл бояу.

016

Қатыстық сын есімді ажыратыңыз.



A)Аттылы адам.

B)Жақсы сөз.

C)Сарғыш мата.

D)Қызыл бояу.

E)Көк шөп.

017


Қатыстық сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A)Көптен безген көгермес.

B)Жіңішке қап-қара қасы Абайға алдымен байқалды.

C)Көкпеңбек аспан көз тартады.

D)Өнерлі өлмес, өнерсіз күн көрмес.

E)Ақ көңіл, өте қарапайым адамдар.

018

Қатыстық сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.



A)Ақ көңіл, өте қарапайым адамдар.

B)Көкпеңбек аспан көз тартады.

C)Көптен безген көгермес.

D)Жіңішке қап-қара қасы Абайға алдымен байқалды.

E)Көптің аузы дуалы.

019


Қатыстық сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A)Жарлының еңбегі – байдың ермегі.

B)Жақсы жұмыс – жанға тыныс.

C)Жаман ат қамшыласаң өрге шаппас.

D)Жемісті ағаштың басы төмен.

E)Қыздың көзі қызылда.

020

Қатыстық сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.



A)Жаман ат қамшыласаң өрге шаппас.

B)Кең болсаң, кем болмайсың.

C)Жарлының еңбегі – байдың ермегі.

D)Жақсы жұмыс – жанға тыныс.

E)Құтты қонақ келсе, қой егіз табар.

021


Зат есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.

A)-малы, -мелі.

B)-ған, -ген.

C)-ғақ, -гек.

D)-шаң, -шең.

E)-қыш, -кіш.

022

Есім сөздерден жасалған сын есім қатарын табыңыз.



A)Әуесқой, жершіл.

B)Қысқы, бөлек.

C)Қазба, еспе.

D)Сыршыл, бітік.

E)Ақшалай, соншалық.

023


Туынды сын есімдерді көрсетіңіз.

A)Сарт-сұрт, шыр-пыр.

B)Айнымалы, қаңтарулы.

C)Күні-түні, ертелі-кеш.

D)Мүлдем, нағыз.

E)Ақ боз ат, ақсақал.

024

Салыстырмалы шырайды табыңыз.



A)Ұшқыр.

B)Сары.


C)Сұлулық.

D)Сұп-сұр.

E)Сарғыш.

025


Бастауыш қызметіндегі сын есімді табыңыз.

A)Әбдрахманның үйі кішкентай екен.

B)Қауынды көп жейтін Ербол қатты қызылсыраған.

C)Жақсының дидары алыс, даңқы жақын.

D)Бақтығұл өзі де кесек, балуан денелі, иықты.

E)Игі жақсылар жиналып, екі жастың тағдырына төрелік айтпақшы.

026

Баяндауыш қызметіндегі сын есімді табыңыз.



A)Алыстан көрінген мұнараның түсі қызыл қоңыр.

B)Мақпал қара шашым бар,әрбір талы бір-бір мал.

C)Қызу жұмыс, мол өнім, әдемі киінген адамдар жүр.

D)Ерте көктем хабаршысындай тынымсыз шымшық шықылықтайды.

E)Жеңген жау асыл сөзді, ару қызды ұқпай, ожар күшпен лап қойды.

027


Күрделі анықтауыш қызметіндегі сын есімді табыңыз.

A)Сайтабан, көлеңкелерде ескі тоқымдай бөлек-бөлек қарлар бар.

B)Салған әні қандай сазды, қандай керемет еді!

C)Аспан таза, бұлтсыз.

D)Бір кереметі: осы көлдің маңы бойға – қуат, дертке – шипа.

E)Арқадан соққан жел лебінде ызғар білінеді.

028

Пысықтауыш қызметіндегі сын есімді табыңыз.



A)Үй іші ала көлеңкелеу, салқын екен.

B)Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.

C)Көзжетпес көкжиекке дейін созылып жатқан кең алқап мақтағандай-ақ екен.

D)Жентектелген қою қара бұлт аспан төрінде дарияша сапырылысады.

E)Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.

029


Толықтауыш қызметіндегі сын есімді табыңыз.

A)Бет тұлғасы да аз кесектеу келсе де, сүйкімді сұлу болатын.

B)Шынында Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ еді.

C)Олжабек пен Жамал қоңыр шоқыны бетке ұстап тарта берді.

D)Амантаймен қоса, біреу баласын, біреу туысқанын ойлап кетті.

E)– Халел, енді алды-артыңа қарап, жақсы-жаманды айыруға тиіссің.

030

Пысықтауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.



A)Шайқала басып келе жатқан алты өгіз таспаша созылды.

B)Бұл ел Тұрар әулетімен жиырма сегізінші жылы қош айтысты.

C)Жатқанда екеуміз, тұрғанда төртеуміз.

D)Тып-тыныш, маужыраған дүниеде құм жолды тіліп бара жатқан екі дөңгелектің ызыңы ғана естіледі.

E)Бірнешеуі қосылып үн қосса, салмақ болатынын жақсы біледі.

031


Баяндауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.

A)Бәрін айт та бірін айт, тәуекелді айт.

B)Бесеуінің де сойылы иығында.

C)Себелеп тұрған салқын леп бір лып етті де, тына қалды.

D)Лашынның дене тұрқы – 40-50 сантиметр, салмағы – 500-1000 грамм.

E)Бұл – өмірінде екінші рет адасуы.

032

Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.



Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі – тазалық.

A)Пысықтауыш.

B)Бастауыш.

C)Анықтауыш.

D)Баяндауыш.

E)Толықтауыш.

033

Реттік сан есімнің ережеге сай жазылғанын анықтаңыз.



A)Халыққа бір жылда 47-дей үй, 17-дей пәтер берілді.

B)21 үйдің 15-і келешекте берілмекші.

C)Маған биыл 47-үйден 17-пәтер берілді.

D)Жастарға бір жылда 47 үй, 17 пәтер берілді.

E)ХХІ-ғасыр – ақпараттар ғасыры.

034


Баяндауыш қызметін атқарып тұрған қатыстық сын есімі бар қатарды табыңыз.

A)Кестелі бұйымдарды базарға сатып, балаларын асырады.

B)Осының бәрі бір-біріне үйлесімді, жарасымды.

C)Аула ішінде бақ, гүл, жемісті ағаштар.

D)Шығарма тілінің өрнегін өрген сөз шеберлерінің стильдік ерекшеліктерге негізделген ойларынан өрбіді.

E)Бұлар жақындай түскен сайын мұнара тым биік.

035

Атау тұлғадағы сын есімнің қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.



Жалқауға бүгінгіден ертең ауыр.

A)Толықтауыш.

B)Пысықтауыш.

C)Баяндауыш.

D)Анықтауыш.

E)Бастауыш.

036

Сын есімнің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.



Ерте күн – ертегідей ерке күн ғой.

A)Пысықтауыш.

B)Анықтауыш.

C)Бастауыш.

D)Баяндауыш.

E)Толықтауыш.

037

Емлеге сай жазылған есімдікті табыңыз.



A)Бірнеше.

B)Қайсы біреу.

C)Әлде қайда.

D)Ешуақытта.

E)Кейшақта.

038


Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.

A)Одан да қызығы «Орамал тастау» ойыны үстінде болып еді.

B)Сыпақовтың ұшқан ұясына көп жылдан бері қайтып оралуы осы.

C)Бұлар енді біршама жер жүргенде, алыстан айқай шықты.

D)Оның туған жерін, жас мөлшерін анықтаудың өзі қиын.

E)Әкемнің нағашы жұрты Атыраудан әлдеқашан көшіп кеткен.

039

Бастауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.



A)Үшеуі де ғаламат болып көрінеді.

B)Жігіт сол ғаламаттың қызығымен соңдарынан ере берді.

C)Ол тік жағалы ноғай бешпентін киіп тысқа шықты.

D)Осы соқамен егінге шықтық.

E)Жас маман егіннің де, соқаның да, жұмысшылардың да сырын білмейді.

040


Баяндауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.

A)Бұл үйге түсуші қонақтар жоқ.

B)Бүгінгі тойдың иесі де сол.

C)Мақанның бармаған тауы, баспаған жері жоқ.

D)Той жасаушы – осы өңірге кірме егіз тайпа.

E)Осы өңірге сіңіп кеткен тайпаның ағасы – Майқы.

041

Анықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.



A)Оңаша әңгіме бүрсігүні болатын шабысқа сайды.

B)Қобызшы Ықыластың күндегі ермегі осы.

C)Ойы бөлініп, қиялы әлдеқайда отыр еді.

D)Ол Айыртауға қарай жаяу тартты.

E)Бұл қара қобыз Сырдағы нағашысынан қалған еді.

042


Толықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.

A)Өзгелер де әсерленіп отыр екен.

B)Күйдің осы сарынмен үзілуін қалағандай да еді.

C)Осындай сыйластығы бола тұра, Мақы оған сенбеді.

D)Осының бәрі «Көкейкестінің» бірінші тарауынан туған әсер еді.

E)Біраздан кейін Әбікен «Көкейкестіні» қайта бастады.

043

Есімдік қатысқан сөйлемді табыңыз.



A)Айшаның өз үйі әлі соғыс ауыртпалығын сезе қойған жоқ.

B)Екі жағынан екі әскер қолтығынан демеп келеді.

C)Әжесі Құдайбергенді, шынында да, жақсы көретін.

D)Алма тез киінді де, үйден шығып кетті.

E)Әскерден есебін тауып, броньмен қалып қойды.

044


Жалпылау есімдігінің түрленуін көрсетіңіз.

A)Олардың бәрі білімін кейінгі буынды тәрбиелеуге арнаған ұстаздар еді.

B)Жер бетіндегі күллі адамзат баласының бір ғана арман-тілегі бар.

C)«Манкент» шипажайында демалу үшін де, ем алу үшін де барлық жағдайлар жасалған.

D)Бала тәрбиесіндегі ортақ істе баршаңызға берекелі тірлік, толағай табыстар тілеймін.

E)Жаһандану үрдісі қазаққа ғана емес,барша ұлттар мен ұлыстарға да әсер етуде.

045

Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.



A)Генерал барлық командирлерді жанына жинап алды.

B)Сенен басқа еш жерден таба алмадым орнымды.

C)Ештеңе етпес, айтсаң, күнәң жеңілдейді.

D)Ашық мінез, ақ маңдай, менмендік жоқ ешқандай.

E)Кей құрбы бүгін тату, ертең араз.

046


Жалпылау есімдігінің түрленуін көрсетіңіз.

A)Олардың бәрі телегей теңіз білімін кейінгі буынды тәрбиелеуге арнаған ұстаздар еді.

B)Он адамның барлығының да ең жоғары ұпай беруі – айтыста сирек кездесетін жағдай.

C)Жер бетіндегі күллі адамзат баласының арман-тілегі – бейбіт өмір сүру.

D)«Манкент» шипажайында демалу үшін де, ем алу үшін де барлық жағдайлар жасалған.

E)Жаһандану үрдісі бір ғана қазаққа ғана емес, барша ұлттар мен ұлыстарға да әсер етуде.

047

Белгісіздік есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.



A)Өз білгенің – өзіңе.

B)Ұланы бар елдің ұраны бар.

C)Сіздер болмасаңыздар, менің күнім әлдеқалай болар еді.

D)Бізде не қауқар бар?

E)Қанша күннен бері соңымда үн-түнсіз жортып жүр.

048


Белгісіздік есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

A)Қанша күннен бері соңымда үн-түнсіз жортып жүр.

B)Бізде не қауқар бар?

C)Өз білгенің – өзіңе.

D)Өзіне қарсы келгенгедес бермеді.

E)Саяси сабақтан бос кездерінде бірнеше модель жасады.

049

Көмекші етістікті табыңыз.



A)Мектептің тарс бекітілген есігі қайта ашылды.

B)Бақан сүйреткен бала бізге назарын енді аударды.

C)Астық, астық деп қарбаласқан айқай-шу басталды.

D)Дәулет амалсыз қоштасқандай ыңғай танытты.

E)Жиын-терін қарға араласып, әрең бітті.

050


Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз.

A)Өмірмен жанасқан білім – өлшеусіз байлық.

B)Тоқтардың асау үйретуі – біз үшін дүниеде теңдесі жоқ қызық көрініс.

C)Ойыл даласы – көріп тұрып қарсы жауап айтудың нақты дәлелі.

D)Баяғыда бұлардың жасында өзіміз отау тігіп, үй болып едік.

E)Олжабектің көзі ілулі тұрған дырау дойырға түсті.

051

Пысықтауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз.



A)Барлаушы екені сырт кейіптерінен-ақ айқын аңғарылады.

B)Жаста оқыған оқуың – тасқа жазылғанмен бірдей.

C)Өзге тілді құрметтеу өз тіліңді құрметтеуден басталады.

D)Дала сарғайып, жүдеу тартқан.

E)Тігіншілер саусақтарына ине кірмеу үшін оймақ киіп алады.

052


Тәуелдеулі септелген тұйық етістікті табыңыз.

A)Тағы да жалғыз жортуылға түсті.

B)Егер сенбесең, келіп көруіңе болады.

C)Ата-анасы батасын айтып, қызын беруге ырза болған.

D)Барлық емдердің ішіндегі бұның іздеген шипасы осы екен.

E)Одан бергі жер – жалпақ ақ көде мен сары селеу.

053

Көмекші етістікті табыңыз.



A)Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді.

B)Бірнеше күн өткеннен кейін оқу жылы басталды.

C)Ер-тоқымымды көтеріп, есік алдына шықтым.

D)Тоқта,менің әлі де биім бар ғой.

E)Күн ыстықта су да тартылып, азайып қалады екен.

054


Етістіктің шартты рай түрін табыңыз.

A)Әнін ұғушы, тыңдаушы болса, шабыттанып айтады.

B)Мен дүниедегі бір ғылымнан басқа да қызық бар деп ойламаймын.

C)Жақсы оқыған баланы мұғалім де жақсы көреді.

D)Беркенім әперді деп, жарқылдап киіп жүрсін.

E)Мен сабақтан қалмауға тырысушы едім.

055

Бұйрық райлы етістікті табыңыз.



A)Қолыма он, жиырма тиын түссе, дүкенге жүгіремін.

B)Өзге балалар секілді жас кезімде тәттіге құштар едім.

C)Кәмпит түгіл, қант оңайға түспейді.

D)Атың барда жер таны желіп жүріп.

E)Өмірімде тұңғыш рет қағаз ақша ұстауым осы шығар.

056


Ашық райлы етістікті табыңыз.

A)Әйгерімнің ән айтқанын айтсаңшы.

B)Аспан бұлтты, күн жаумаса игі еді.

C)Қалың қарға көміліп шанада жатырмын.

D)Ақылдыдан үйрен, сұмнан жирен.

E)Еңбек етсең, еленуің оңай.

057

Етістіктің рай түрін табыңыз.



Сөзімді менің айтқан білгізгейсің,

Уәде алпыс күнге түйгізгейсің.

A)Бұйрық рай.

B)Ашық рай.

C)Қалау рай.

D)Шартты рай.

E)Өтініш, тілек білдіру.

058

Баяндауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.



A)Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін.

B)Төр үйдің пешін жапқалы Назыкеш төбеге шығып еді.

C)Жұмабайдың қалаға бұл жолы не жұмыспен барғанын Абай білмейді.

D)Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман.

E)Неше күннен бері үзілмеген ақ нөсер кеше кешкісін сап басылды.

059


Анықтауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.

A)Үлкендерден кешірім сұрағандай болды.

B)Балапанды үйге әкелгеннен кейін баули бастайды.

C)Өткенге өкпе айтпа.

D)Түндікті жапқалы Асқар тысқа шығып еді.

E)Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман.

060

Толықтауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.



A)Мадақтап, асыра мақтап, қошеметтегенді ол ұнатпайды.

B)Бұл келе жатқан – осы қалада қызметте тұрған оқыған жігіттердің бірі – Мейірхан еді.

C)Емтиханға дайындалмақ болып Назгүл кітапханаға кетті.

D)Көз жетер жер тұп-тұтас көкшіл тартқан.

E)Мөлдіреген тұп-тұнық аспан толықсып тұр.

061


Сөздердің қайталануынан жасалған үстеудің түрін және сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Көз алдымызда түрлі нәрселер тез-тез алмасуда.

A)Мезгіл үстеуі, себеп пысықтауыш.

B)Күрделі үстеу, амал пысықтауыш.

C)Күшейткіш үстеуі, толықтауыш.

D)Туынды үстеу, мөлшер пысықтауыш.

E)Сын-қимыл үстеуі, анықтауыш.

062

Үстеудің мағыналық түрі мен сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.



Әнуар бірден ойынды тастай салды.

A)Мөлшер үстеуі, пысықтауыш.

B)Мекен үстеуі, пысықтауыш.

C)Мақсат үстеуі, пысықтауыш.

D)Себеп-салдар үстеуі, пысықтауыш.

E)Сын-қимыл үстеуі, пысықтауыш.

063

Ала жаздай, қыстай үстеулерінің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз.

A)Бастауыш.

B)Толықтауыш.

C)Баяндауыш.

D)Анықтауыш.

E)Пысықтауыш.

064

Мекен үстеуін табыңыз.



A)Өзі осыдан біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен.

B)Онысын жақсы білген Шығанақ ауруға ішін бергенмен, сыртын бермеді.

C)Омбы вокзалы едәуір үлкен де салтанатты көрінді.

D)Ықылас жүрген сайын артына қарайды.

E)Жол бойында Шорақазы ылғи Ақан жайын ойлады.

065


Мезгіл үстеуін табыңыз.

A)Бүгін Ысмайыл аулы кешке жақын келген құда-күйеулерін қарсы алып жатыр.

B)Қаңтар айының аяқ кезі. Күн батуға тақап қалған мезгіл.

C)Жастар қырға келгеннен бері екі-үш ай өтті.

D)Қасен қолына келгелі Аққасқа барлығы он қасқыр алды.

E)Досай ауылы бұл жақындыққа барынша ырза болған.

066

Сын-қимыл (бейне) үстеуін табыңыз.



A)Жол бойында Шорақазы ылғи Ақан жайын ойлады.

B)Өкіл ештеңе естімеген адамша теріс айналып кетті.

C)Өзі осыдан біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен.

D)Абай әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ.

E)Күні бойы футбол ойнап, әбден қалжырадым.

067


Мақсат үстеуі қатысқан сөйлемді табыңыз.

A)Ол ішкі сырын әдейі ашпай отыр.

B)Тамаша табыс өздігінен келмейді.

C)Қаулаған көк қызулы нұрды құшқан сайын құлпыра түседі.

D)Мен ауылға жолдамамен бармақпын.

E)Балбыраған жерге күн нұрын құйып тұр.

068

Мезгіл үстеуі мен мекен үстеуі қатар келген сөйлемді табыңыз.



A)Нұрбек үнсіз тыңдап төмен қарап ойланып қалды.

B)Мәжіліске ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек.

C)Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да ерте көктемейтін.

D)Ол таңды көрер көзбен атқыздым да, Нұрбекке бармақ боп таңертең тысқа шықтым.

E)Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар.

069


Бірігу арқылы жасалатын күрделі үстеуді табыңыз.

A)Күні ертең.

B)Кешке қарай.

C)Ендігәрі.

D)Құр босқа.

E)Таң сәріде.

070

Мөлшер үстеуін табыңыз.



A)Ұлжан да қазір баласының сөзін ойлана тыңдап қалыпты.

B)Мен ғана онша ұнатпаймын.

C)Әп-сәтте үй іші жылына бастады.

D)Төңірек көктемнің жылы шуағына малшынды.

E)Сәлмен ат үстінде теңселе түсіп ыңылдап келеді.

071


Күшейткіш үстеуін табыңыз.

A)Менің үмітім алда да, қуанышым артта.

B)Айша бүркіттің жоғары ұшып бара жатқанын көрді.

C)Ондағы ұзай көшудің елесі әлі күнге дейін есімде.

D)Бойымда бір жігер оты керемет лапылдап, солай қарай бет алдым.

E)Таң енді бозарып келеді екен.

072

Пысықтауыш қызметіндегі үстеуді табыңыз.



A)Раушанның отты көздері ішіне шоқ түсіріп жандырған соң, Бәкен кейістікті ұмытты.

B)Көшіп келе жатқан – Абай ауылы мен көрші ауылдар.

C)Мағаш Кәкітай мен Абайға қарады.

D)Хатшы жігіт үңіле қарап, кезекпен жіберіп тұр.

E)Мінезі маған ажарынан да жақсы сияқты көрінді.

073


Еліктеу сөзден жасалған етістікті белгілеңіз.

A)Дүріл естілді.

B)Жүрісі арбаң-арбаң.

C)Борт-борт желді.

D)Жылқылар дүркіреді.

E)Тырсыл естілді.

074

Көмекші етістікпен тіркесіп келген еліктеу сөзді табыңыз.



A)Алыстан аттылы адам шыға келді.

B)Бесеуі жалп-жалп құлады.

C)Түйе шөккенде, Қамқа серейіп, сұлқ түсті.

D)Торғай жерге топ етті.

E)Ол аяғын тық-тық басып жүріп кетті.

075


Бейнелеуіш сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A)Селк ете қалды кең далам,Селк ете қалды тау іші.

B)Руслан басын изеді де,тық-тық басып жүріп кетті.

C)Сатыр-сұтыр сойыл,құрық үні.Аттан өкіре құлаған адам даусы.

D)Рахметолла тарс-тұрс ете қалған дыбысқа мән бермеді.

E)Сырттан күбір-күбір ғана дыбыс келді.

076

Еліктеу сөзден жасалған етістікті белгілеңіз.



A)Балалар тартысты.

B)Олар жүгірді.

C)Күн күркіреді.

D)Борт-борт желді.

E)Тырсыл естілді.

077


Еліктеу сөзден жасалынған зат есімді анықтаңыз.

A)Жазыл.

B)Айтыс.

C)Дауыл.

D)Күңкіл.

E)Қауқар.

078

Еліктеу сөзден жасалынған зат есімді анықтаңыз.



A)Үлбіре.

B)Бұрқыра.

C)Дүркіре.

D)Сұңқыл.

E)Гүлді.

079


Күрделі бейнелеуіштен жасалған пысықтауышты табыңыз.

A)Саңқылдаған радиомыз, сыбырлаған телефонымыз болмаса да, құлағымызсақ, көзіміз қырағы, қарағым.

B)Машиналар тоқтауы жоқ күйтабақ,

Гүрілдесіп, көше бойын ұйқалап.

C)Көктемде бері қарай, күзде кері қарай қиқулаптөбемізден ұшып өтетін тырналарды датанимыз.

D)Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,

Сылдырап шашбауымен алтын сырғаң.

E)Қыбырласып, сыбырласып

Күзетшілер жүр пыш-пыш.

080


Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз. Жүгіріп барып төсекке күмп бердім.

A)Бастауыш.

B)Баяндауыш.

C)Пысықтауыш.

D)Толықтауыш.

E)Анықтауыш.

081

Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.



Жалт етіп жарқырап шығып күн батар.

A)Анықтауыш.

B)Пысықтауыш.

C)Бастауыш.

D)Баяндауыш.

E)Толықтауыш.

082

Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз. Сырттан күбір-күбір дыбыс естілді.



A)Бастауыш.

B)Пысықтауыш.

C)Баяндауыш.

D)Толықтауыш.

E)Анықтауыш.

083


Еліктеу сөзден жасалған зат есімді анықтаңыз.

A)Қауқар.

B)Жазыл.

C)Дүрсіл.

D)Дауыл.

E)Айтыс.

084

Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметі:



Долданған боран бұрқ-сарқ етті.

A)Бастауыш.

B)Пысықтауыш.

C)Толықтауыш.

D)Анықтауыш.

E)Баяндауыш.

085

Одағай сөздер қатарынбелгілеңіз.



A)Пәлі, бәрекелді, аһ

B)Жарқ етті, ойпырай

C)Біресе, кейде

D)Қап, жасылтым

E)Жатыр, жүр, еһе

086


Шақыру одағайы қатысқан сөйлемдібелгілеңіз.

A)Ойбай, Жәке, айтпаңыз ондай сөзді.

B)«Қош-қош» деп қозыны шақырады.

C)Әй, бәрекелді, бұл өзі саңлақ күйші екен ғой.

D)Жә, сөзіңді байқап сөйлесейші!

E)Қобызшы болу үшін ерекше дарын болу керек, ә?

087

Әй бәрекелді бұл өзі саңлақ күйші екен ғой! Жетіспей тұрған тыныс белгілер.

A)Үтір, үтір

B)Үтір, леп белгісі

C)Дефис, қос нүкте

D)Сызықша, жақша

E)Үтір, сызықша

088

Жетіспей тұрған тыныс белгілерін белгілеңіз.



Апыр-ай мен ауылға қалай жетсем екен ә?

A)Сызықша, жақша

B)Үтір, жақша

C)Үтір, үтір

D)Үтір, сызықша

E)Үтір, леп белгісі

089

Жетіспей тұрған тыныс белгілерін белгілеңіз.



Шіркін бұрынғының әндері-ай

A)Сызықша, жақша

B)Үтір, сызықша

C)Үтір, леп белгісі

D)Үтір, дефис

E)Үтір, үтір

090

Қойылмаған тыныс белгілерінтабыңыз.



Жүрегім ойбай соқпа енді

A)Үтір, үтір, леп белгісі

B)Үтір, дефис, үтір

C)Үтір, сызықша

D)Үтір, дефис, леп белгісі

E)Сызықша, жақша, нүкте

091

Ойпырай енді сөзге қонақ берсеңдерші

Жетіспей тұрған тыныс белгілерін табыңыз.

A)Үтір, дефис

B)Үтір, леп белгісі

C)Үтір, сызықша

D)Үтір, үтір

E)Сызықша, жақша

092


Жетіспей тұрған тыныс белгілерін табыңыз.

Бүгін менің туған күнім өй бәле-ай (Мұқағали)

A)Сызықша, үтір, леп белгісі

B)Үтір, сызықша, нүкте

C)Үтір, үтір, сұрау белгісі

D)Үтір, үтір, леп белгісі

E)Үтір, дефис, леп белгісі

093

Көңіл күй одағайларын белгілеңіз.



A)Құрау-құрау, өй.

B)Аһ, қап.

C)Моһ-моһ, жә.

D)Тәйт, тек.

E)Көс-көс, айт.

094


Жылқыға байланысты айтылатын одағайды көрсетіңіз.

A)Көс-көс.

B)Кә-кә.

C)Құрау-құрау.

D)Әукім-әукім.

E)Шөре-шөре.

095

Шақыру одағайына жатпайтын сөзді табыңыз.



A)Көс-көс.

B)Шөре-шөре.

C)Құрау-құрау.

D)Кә-кә.


E)Пай-пай.

096


Сиырға байланысты айтылатын одағайды белгілеңіз.

A)Шөре-шөре.

B)Кә-кә.

C)Құрау-құрау.

D)Аухау-аухау.

E)Көс-көс.

097

Демеуліктер қатарын көрсетіңіз.



A)не, немесе, яки.

B)түгіл, тұрсын, тұрмақ.

C)жуық, таман, тарта.

D)мен, бен, пен.

E)бірде, біресе, кейде.

098


Демеуліктер қатарын көрсетіңіз.

A)бірде, біресе, кейде.

B)жуық, таман, тарта.

C)ғой, ғана, тек.

D)не, немесе, яки.

E)мен, бен, пен.

099

Демеулік шылау қатысқан сөйлемді табыңыз.



A)Ол ескерткен(ді) жек көре(ді).

B)Ежелгі Азия мәдениеті негізінен Қосөзен аңғарында пайда бол(ды).

C)Қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезіАягөздің оң жағасына салынған(ды).

D)Егіс биыл ерте жинал(ды).

E)Кезіксе, бірен-саран аңшыға кездесе(ді).

100


Демеулік шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.

A)Қоғамдағы орны мен рөлін сезінген адамның өмірге деген құштарлығы мен сенімі ерекше болары сөзсіз.

B)Әр адам өз денсаулығы үшін өзі жауапты.

C)Шіркін, «Гәкку!»... Айтушысы келіссе, әннің пірі емес пе?

D)Көркем әдебиеттің көші бірде өрлейді, бірде бәсеңдейді.

E)Гүлзарларда раушан, түймедақ, гүлқайыр сияқты алуан түсті әдемі гүлдердің түрі көздің жауын алып құлпыра түседі.

101

Демеулік шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.



A)Көркем әдебиеттің көші бірде өрлейді, бірде бәсеңдейді.

B)Қоғамдағы орны мен ролін сезінген адамның өмірге деген құштарлығы мен сенімі ерекше болары сөзсіз.

C)Гүлзарларда раушан, түймедақ, гүлқайыр сияқты алуан түсті әдемі гүлдердің түрі көздің жауын алып құлпыра түседі.

D)Әр адам өз денсаулығы үшін өзі жауапты.

E)Сұрақтардың қай-қайсысы да апайлардың телегей-теңіз білімі, ұстаздық ақыл-кеңесімен түлеп шығатын-ды.

102


Шылаудың түрін белгілеңіз.

Біз ертең-ақ келеміз.

A)Ыңғайластық жалғаулық.

B)Талғаулықты жалғаулық.

C)Нақтылау мәнді демеулік.

D)Сұраулық демеулік.

E)Шектік демеулік.

103

Шылаудың түрін белгілеңіз.



Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

A)Сұраулық демеулік.

B)Нақтылау мәнді демеулік.

C)Талғаулықты жалғаулық.

D)Шектік демеулік.

E)Ыңғайластық жалғаулық.

104

Демеулік шылау қатысқан сөйлемді табыңыз.



A)Бірақ Абай қатты ойланып жасыған жоқ.

B)Ауылға кеп түскенде Абайдың түсі үлкен кісінің түсіндей боп томсарған, салқын еді.

C)Сәуірдің басы осылай бұлтты, суық болатын әдеті ғой!

D)Солғын қарау емес, Абайды анықтап, түстеп, барлай қараған сияқты.

E)Шырағым, осы анада Бөжейге берген жас бала қалай екен?

105


Демеулік шылау қатысқан сөйлемді табыңыз.

A)Ауылға кеп түскенде Абайдың түсі үлкен кісінің түсіндей боп томсарған, салқын еді.

B)Солғын қарау емес, Абайды анықтап, түстеп, барлай қараған сияқты.

C)Бірақ Абай қатты ойланып жасыған жоқ.

D)Шырағым, осы анада Бөжейге берген жас бала қалай екен?

E) Әй, Шығанақ-ай, сыртын айтқанша, ішін айтсайшы.

106

Шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.



A)Сен менің сөзімді аяқасты етпекпісің?

B)Жаз шаруаға ыңғайлы болды.

C)Мына дауыс Ақандікі!

D)Сабақ бүгін ерте басталды.

E)Шәкей, енді сен біраз домбыра тартшы.

107


Шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.

A)Төңірек көктемнің жылы шуағына бөленді.

B)Уақыт – өмір безбені.

C)Түйені көрмесеңдер, оның мін-сипаттарын қалай білдіңдер?

D)Құлыным-ау, маған айта алмай жүрмісің?

E)Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды.

108

Шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.



A)Допты алып балаларға берді.

B)Енді ештеңені жасырғысы келген жоқ.

C)Жақып кеткеннен кейін Жидебайға қайта оралған кісі болған жоқ.

D)Адамның сырты – алдамшы.



E)Нағашыбек ағайдың әңгімесі бәрімізге ой салады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет