Сабақтың жоспары: Көлденең толқын Бойлық толқын Толқын ұзындығы Дифракция мен интерференция



Дата30.04.2020
өлшемі0,84 Mb.
#65215
түріСабақ
Байланысты:
интдиф


Сабақтың тақырыбы:

Көлденең және бойлық толқындар.

Толқындардың интерференциясы мен дифракциясы.



Оқытушы: Қиясова Т.Қ.





Сабақтың жоспары:

1. Көлденең толқын

2. Бойлық толқын

3. Толқын ұзындығы

4. Дифракция мен интерференция

Сабақтың мақсаты:

a) көлденең толқын, бойлық толқын, дифракция және интерференция түсінігін меңгеру.

ә) Оқушылардың тақырыпты өз бетімен меңгеруге, тиянақты ой қорытындысын жасай білу қабілеттерін дамыту.

б) Өз ойын дәл, нақты айта білуге үйрету.

Тербелістердің өзара байланысқан тербемелі жүйе жиынының арасындағы тербелістердің тарау процесін толқындық қозғалыс деп атайды.

Тербелістердің таралу бағыты тербелу бағытымен перпендикуляр болса, онда пайда болған толқын көлденең толқын деп аталады.

Мысалы: жіптің қозғалысы, су бетіндегі толқын, математиалық маятник.

Тербелістердің таралу бағыты тербелу бағытымен бір түзудің бойында болса, онда пайда болған толқын бойлық толқын деп аталады.

Мысалы: серіппелі маятник, дыбыс толқындары.

XVII ғасырда физикада жарық туралы екі теория дамып, қалыптасты.

  • Ньютон (1643-1727):

  • жарық дегеніміз жарық көзінен жан-жаққа кететін бөлшектер- корпускулалар ағыны (зат тасымалы).
  • Гюйгенс (1629-1695):

  • барлық денелердің ішіне өтетін ерекше гипотетикалык ортада — эфирде таралатын толқындар.

Толқынды қозғалыстың қайсысына да болмасын интерференция және дифракция құбылыстары тән.

Толқындардың түзу сызықты таралудан ауытқуы немесе бөгеттерді орағытып өтуі дифракция деп аталады

(difractus -лат- сынған).

Гюйгенс- Френель принципі

Френель Гюйгенс принципін екінші реттік толқындардың интерференция идеясымен біріктіріп барып, толқындық теорияны негіздеуде айтарлықтай табыстарға жетті. Френель идеясы бойынша кез келген уақыт мезетіндегі толқындық бет дегеніміз екінші реттік толқындарға жай ғана жанама бет емес, олардың интерференциялануының нәтижесі болып табылады.





Минимумдар шарты : Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді тудыратын екі толқынның жолдарының айырмасы тақ санды жарты толқын ұзындықтарына тең болса, онда сол нүктедегі тербеліс амплитудасы минимал болады: ∆d = (2k+1) λ/2, мұндағы k=0, 1,2...

Максимумдар шарты: Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді тудыратын екі толқынның жол айырмасы бүтін санды толқын ұзындықтарына тең болса, онда сол нүктедегі тербеліс амплитудасы максимал болады. ∆d = kλ, мұндағы k=0, 1,2...

 



Егер жарық дифракцияланатын бөгет жарық көзі мен бақыла нүктесіне жақын болса, онда байқалатын жарық дифракциясы Френель дефракциясы немесе тоғысатын сәулелер дифракциясы деп аталады.

Егер бөгет жарық көзінен өте алыс болса, онда сол бөгетке түсетін жарық шоғы параллель болады, өйткені шексіз қашық толқындық бетті жарық  бет деп санауға болады. Егер осындай жарық жазық толқыны дифракцияланған соң жарық сәулелері параллель болып таралса, онда байқалатын құбылысты Фраунгофер дифракциясы немесе параллель сәулелелр дифракциясы деп аталады

Егер жарық бір саңылаудан емес, қатарласқан бірнеше са-ңылаудан өткізілсе, онда байқалатын дифракциялық жолақтар енсіз және жарығырақ болады. Енділігі бірдей, өзара параллель орналасқан саңылаулар жиыны әдетте дифракциялық решетка деп аталады.

Түрлі саңылаулардағы дифракция

г.к.


г.к.

d > λ


d ≥ λ

d ≤ λ


Түрлі бөгеттердегі механикалық толқындар дифракциясы

Геометриялық

көлеңке

d > λ

d ≥ λ

d ≤ λ

d

Үйге тапсырма


  • Қандай қозғалысты толқындық қозғалыс деп атайды?
  • Көлденең толқын, бойлық толқын дегеніміз не? Мысалдар келтір.
  • Интерференция дегеніміз не?
  • Дифракция дегеніміз не?
  • Дифракциялық решетка анықтамасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет