Цилиндр деп тік төртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын фигураны айтады. Элементтері: Тіктөртбұрыштың ОА және О1Вқабырғалары параллель жазықтықтарда жататын тең дөңгелектер жасайды. Бұл дөңгелектер цилиндрдің табандары, ал олардың радиустары цилиндрдің радиусы деп аталады. АВ қабырғасы цилиндрдің осіне параллельболады, ол цилиндрдің жасаушысы болады, және цилиндрдің бүйір бетін жасайды. Цилиндрдің жасаушысы оның табан жазықтығына перпендикуляр. Жасаушының ұзындығы цилиндрге биіктік болады,ол табандарының арақашықтығына тең. Егер жасаушылары табандарына перпендикуляр болса, онда цилиндр тік дөңгелек цилиндр деп аталады. Бізді қоршаған ортада көлбеу цилиндрлерде кездеседі.
Цилиндрдің әртүрлі жазықтықтармен қимасын қарастырайық.
Цилиндрдің жазықтықпен қимасы деп жалғыз нүктеден, цилиндрдің жасаушысынан немесе табанынан өзгеше фигуаны , яғни цилиндр мен жазықтықтың ортақ бөлігін атайды. Қиманы цилиндрдің осі арқылы жүргізуге болады. Мұндай қималар осьтік қималар деп аталады. Егер цилиндрді табанына параллель жазықтықпен қиса қима оның табанына тең дөңгелек. Ал жазықтық табанына параллель болмаса, онда қима эллипс тәрізді болады. Дербес жағдайда осьтік қима қабырғалары цилиндрдің биіктігіне және табанының диаметріне тең тіктөртбұрыш болады. Цилиндрдің АВ жасаушысы арқылы өтетін және онымен басқа ортақ нүктелері жоқ γ жазықтық цилиндрге жанама жазықтық деп аталады. Егер цилиндрдің бетін табан шеңберлерінің бойымен және қайсыбір жасаушысының бойымен қиып алып жазып жіберсек, цилиндрдің жазбасын аламыз. Цилиндрдің жазбасы- тіктөртбұрыш және өзара тең екі дөңгелек.
Цилиндрдің негізгі формулалары:
Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы табан шеңберінің ұзындығын оның биіктігіне көбейткенге тең.
Sб.б=2πRH;
Цилиндрдің толық бетінің ауданы Sт.б =2π RH+2πR2 немесе
Sт.б =2π R(H+R) деп жазуға болады.
Цилиндрдің көлемі
Дөңгелек тік цилиндрдің көлемі оның табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.