ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ Анализ – грек тілінен алынған термин сөз, ыдырату деген мағынаны білдіреді.
Анықтауыштық талдаулар – орфографиялық, пунктуациялық, орфоэпиялық, стилистикалық талдау әдістері.
«Ашық микрофон» әдіс-Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
Әдіс- метод (гр. methodesзерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
Әдіс -1. (Грек. methodos-зерттеу) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі.
2. Құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.
3. (Грек.odes – «бір нәрсеге жетудің жолы») – көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.
Әңгіме әдісі – сыныпқа қойылған сұраулар әңгіме туғызуға себепші болатын әдістің түрі.
Байқау әдісі – шындық өмір құбылыстары туралы түсінікті реттейді. Сөзді немесе сөйлемді байқастыра отырып, оқушы тіл заңдылығының ережесін үйретеді.
Баяндау әдісі – мұғалімнің баяндауы әрі әңгіме, әрі түсінік және нұсқау түрінде жүзеге асырылады.