АҚпараттық хат



Дата26.06.2018
өлшемі368,46 Kb.
#44489
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдық мерейтойына орай 2014 жылдың 15 қыркүйегінде «Сапалы білім беру мен ғылымды дамыту – заман талабы» атты Халықаралық форум өткізіледі.

Форумның мақсаты -  Қазақстанның білім беру жүйесі мен ғылымының даму стратегиясының тұжырымдамалық идеясын  талқылау.          

Халықаралық форумның жұмыс бағыттары:


  • Әлемдік  білім беру ағымында Қазақстанның білім беру жүйесі мен ғылымының даму стратегиясы: бүгіні және келешек даму бағыттары.

  • Заманауи жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері.

  • Әлемдегі және Қазақстандағы филология ғылымы дамуының қазіргі жай-күйі және даму тенденциялары.

  • Еуразия кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық, мәдени ықпалдасудың өзекті мәселелері.

  • Ғылым және білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың даму мәселелері.

Форум барысында ғылыми-педагогикалық мамандар мен үздік оқытушылардың мастер/тренинг-кластары мен тәжірибелік дәрістері өткізіледі.

Форумға қатысу шарты:

1.Форум жұмысына қатысу туралы өтініш пен баяндама материалдары 2014 жылдың 8 қыркүйегіне дейін, тіркелген нысан бойынша, naukazhenpu@mail.ru электрондық пошта арқылы Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберілу қажет:



  • Өтініш;

  • Электрондық түрдегі баяндаманың материалдары (баяндама материалдарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беруге болады).

  • Ұйымдастырушылық жарнаны төлегендігі жөніндегі түбіртек көшірмесі.

2. Ұйымдастырушылық жарнаның сомасы 3 000 (үш мың) теңгені, шетелдік азаматтар үшін - 20 (жиырма) долларды құрайды.

3. Форумға қатысудан бас тартқан жағдайда, жарна қайтарылмайды, бірақ қатысушыны ауыстыруға болады, бұл жөнінде алдын ала Ұйымдастыру комитетіне электрондық поштамен хабарлау керек. Тіркеу кезінде ұйымдастырушылық жарнаны төлегені туралы түбіртек тіркеледі.

4. Іс-сапар шығыны форумға қатысушысының есебінен.

5.Форумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

6. Форум жұмысының Ұйымдастыру комитеті ғылыми мақалалар жинағын басып шығаруды жоспарлауда. Жинақтың электронды нұсқасы PDF форматы түрінде университет сайтына www.kazmkpu.kz енгізіледі.

7.Форум туралы қосымша ақпарат университет сайтында www.kazmkpu.kz орналастырылатын болады.

Тіркеу 2014 жылы қыркүйектің 15-і күні сағ. 9.00-де Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде жүргізіледі. Басталуы сағ.10.00-де.

Мақала мәтініне қойылатын талаптар:

Мақаланың көлемі толық 5 беттен аспауы керек. Мақала мәтіні баспадан шығу үшін келесі талаптарды қанағаттандыруы шарт: мақала мәтіні және тіркеу формасы Times New Roman (орыс, ағылшын тілдеріне) және Kz Times New Roman (қазақ тіліне) шрифтімен терілуі керек, интервал - 1,0, кегль –12. А 4 форматты стандартты қағазда шеттері: сол жағы - 3 см, оң жағы - 2, жоғарғы - 2, төменгі - 2 см сақтап жазылады. Төменнен арасына бір жол тастап беттің ортасынан үлкен әріптермен қалың шрифтпен баяндаманың аты жазылады; төменнен арасына бір жол тастап кіші әріптермен автордың аты-жөні жазылады; төменнен арасына бір жол тастап автордың қызмет ететін орны, мекеменің толық аты, төменнен қаланың аты жазылады. Пробел арқылы курсивпен (12 кегль) түйіндеме (2 - 3 сөйлем) жазылады: орыс тіліндегі мақала үшін – қазақ тілі және ағылшын тілінде; ағылшын тіліндегі мақала үшін – орыс тілі және қазақ тілінде; қазақ тіліндегі мақала үшін – ағылшын тілі және орыс тілінде.Төменнен арасына екі жол тастап мақаланың мәтіні беріледі. Талаптарға сай ресімделмеген, Ұйымдастыру комитетіне мерзімнен кешіктіріліп жіберілген материалдар форум жинағына енгізілмейді.



Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.

Байланыс телефондары: +7 (727) 2331767, 8 (727) 2331832, 87017273731

E-mail: naukazhenpu@mail.ru.

Ұйымдастырушылық жарна Автордың аты-жөні және «Халықаралық форум-2014» белгісі көрсетіле отырып, төмендегі есепшотқа аударылады:

РМК “Қазақ мемлекеттік қыздар

педагогикалық университеті”

050000, Қазақстан Республикасы

Алматы қ. Әйтеке би көшесі 99,

СТН 600700169665

ЖКС KZ498560000000012012

Тел : 8(727) 233-18-36

БЖК KCJBKZKX

БСН 990240005438

AO «Банк Центр Кредит»







Тіркеу формасы:

Тегі: ................................................................................................................

Аты: ................................................................................................................

Әкесінің аты: .................................................................................................

Ғылыми дәрежесі, атағы: ............................................................................

Жұмыс орны (мекеме), қызметі ..................................................................

Байланыс телефоны .......................................................................................

Электронды пошта (E-mail): ........................................................................

Секцияның атауы: .........................................................................................

Қосымша ақпарат.........................................................................................

Қатысу түрі (стендтік хабарлама/ауызша баяндама/жарияланым): ....

Керекті техникалық құралдар: .....................................................................

Қосымша баяндамашылар ............................................................................

Қонақ үйден орын даярлау (иә/жоқ) ...........................................................





Мақаланы ресімдеу үлгісі:

Білім беру саласындағы инновация:педагогика және психология

Омарова О.Н., п.ғ.к., доцент

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Алматы қ.



Түйіндеме

Мақала мәтіні




Ұйымдастыру комитеті

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет