Ақпаратты іздеу - қайсыбір құжаттар жиынынан берілген тақырыпқа арналғандарын, алдын ала анықталған іздеу (сұраныс) шарттарын қанағаттандыратын немесе қажетті (ақпараттық қажеттілікке сай) мәліметтерден тұратын құжаттарды табу үдерісі.
Іздеуді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты жинауға, өңдеуге және ұсынуға бағытталған амалдар тізбегін орындау керек.
Іздеудің түрлері
1. Толық мәтінді іздеу – құжаттың бүкіл мазмұны бойынша іздеу. Толық мәтінді іздеуді жүзеге асыратын программа – кез келген іздеу жүйесіне жатады.
Әдетте қандай іздеу жүйесін қолданамыз?
Іздеу жүйесі – бұл өздеріңе кездесетін web-парақтармен байланысты түйін сөздердің үлкен қоры. Іздеу жүйесіне сұраныс жіберу керек. Ол үшін, іздеу жүйесінің іздеу жолында түйін сөз немесе бірнеше сөз, сөз тіркесі теріледі. Іздеу нәтижесінде терілген сөздер мен сөз тіркестері кездесетін барлық web-парақтардың адрестік сілтемелері беріледі. Тұтынушы іріктеу нәтижесінде неғұрлым дәл сұраныс жасаса, ол соғұрлым толық және дәл ақпарат алады.
Іздеу үдерісі барысында әрқашан өзімізді қызықтыратын ақпаратты алу
Іздеу үдерісі барысында қолданушыға іздеген, қажет ететін ақпараттан артық ақпарат ұсынылуы мүмкін. Сондай-ақ, табылған ақпараттың қайсыбір бөлігінің жасалған сұранысқа ешқандай қатысы болмауы да ықтимал. Мұның бәрі дәл тұжырымдалған сұранысқа ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі болып келетін іздеу жүйелерінің мүмкіндіктеріне де тәуелді болады. Тағы бір еске алатын нәрсе, мәліметтердің көптігінен, басты, өзімізге қажеттісін ескермей қалуымыз да мүмкін.
Іздеу жүйелерінің көптілді қолдау мүмкіндігі, яғни, сұраныстарды түрлі тілде өңдеу қабілеттілігі, көбінесе мәтіннің фрагменттерін тез аудару үшін қолданылады. Қолданушыларға екі тілді сөздіктер, электронды аудармашы және т.б. ұсынылады.
Ііздеу жүйелерінің құрылымы
Алайда, іздеу жүйелері үш бөліктен: робот, индекс және сұранысты өңдеу программасынан тұрады.
Робот – бұл web-парақтарды аралап, олардың мазмұнын (толығымен немесе бөліктерге бөліп) оқитын программа.
Роботтар web-парақ мәліметтерін толығымен немесе ішінара оқиды. Web-парақтардың мазмұнын талдауда әртүрлі іздеу жүйесіндегі роботтардың өзіндік принципі бар.
Индекс – бұл үлкен мәліметтермұрағатынан да үлкен. Бұл мұрағатта роботтар қатынасқан барлық web-парақтар туралы ақпараттар және сол парақтардың көшірмелері сақталады. Әрине іздеу жүйесіндегі индекстер көлемі үлкен болуы қажет. Неғұрлым индекс көлемі үлкен болған сайын, соғұрлым қолданушы іздеу барысында толық ақпаратқа қол жеткізе алады. Көшбасшы іздеу жүйелерінің мәліметтер қорлары ондаған миллион құжат туралы мәліметтер сақтай алады, ал олардың индекстерінің көлемі жүздеген гигабайтты құрайды. Индекстер тұрақты жаңартылып және толықтырылып отыратындықтан, іздеу жүйесінің бірдей сұраныс бойынша әр уақытта жүргізген іздеу жұмыстары әртүрлі нәтиже беруі мүмкін.
Сұраныстарды өңдеу программасы – бұл қолданушының сұранысына сәйкес индекстерді қажетті ақпараттың бар – жоғын «қарап шығып», табылған құжаттарға сілтемелер қайтаратын программа.
Сұранысты өңдеу программасының сілтемелер тізімін шығаратын принципі бар ма?
1. Интернетте ақпаратты іздеу барысында сендер іздеу жүйесінің сұраныстарына сәйкес сайттарға сілтемелерді рет – ретімен іріктеп қоятынын байқаған боларсыңдар. Әдетте сұранысты өңдеу программасы, сұраныс мазмұнына сәйкес принципі бойынша сайттарды іріктейді. Басқа сөзбен айтқанда бірінші жолда, сұранысты өңдеу программасы сендерге қажетті ақпараттарды шығарады. Сондықтан берілген сілтемелерді көруді бірінші парақтан бастау қажет.
2. Метадеректер бойынша іздеу – құжаттың операциялық жүйе қолдайтын белгілі атрибуттар бойынша іздеу. Атрибуттарға құжаттардың атауын, құрылған датасын, көлемін және т.б. жатқызуға болады. Бұндай іздеуді сендер дискідегі файлдық жүйеде файл атауымен іздегенде қолданасыңдар.
3. Кескіндерді іздеу – суреттің мазмұны бойынша іздеу. Бұл іздеудің ең күрделі түрі, өйткені, файлдың атрибуты бойынша іздеуге қарағанда, кескінді пиксельге «бөлу» және оның мазмұнын анықтау қиынырақ болады. Іздеудің бұл түрінде, іздеу жүйесінде қолданушының жүктеген немесе URL-кескінге енгізілген кескіннің мазмұнын танып білу қажет. Қазіргі іздеу жүйелері мұндай қиындықтарды сәтті шешіп шығады және сұранысқа сәйкес кескінді береді.
Тест
1В
2А
3С
4С
5А
6С
7С
8А
9А
10А
Достарыңызбен бөлісу: |