Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.
Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу.
Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.
АҚПАРАТ – қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері, қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны.
Ақпарат – бізді қоршаған қоғамдық өмірдегі кез-келген мәліметтер жиынтығы.
Ақпарат – бізді қоршаған қоғамдық өмірдегі кез-келген мәліметтер жиынтығы.
Ақпарат қарапайым – жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.
биологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.
әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді.
Көпшілік Жеке
Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат
визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады.
аудиальды – дыбыс арқылы таратылады.
тактильді – сезім арқылы таратылады.
иіс арқылы таратылады
дәм арқылы таратылады.
машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады.
Информатикадағы ақпарат
Ақпарат Аналогтік- кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар)
Үзілісті- дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире).
Көрсетілген сигналдардың қайсысы аналогтік, қайсысы үзілісті (дискреттік)?
Ақпарат
тың сыртқы қасиеттері
Ақиқаттық /шындық/ қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.
Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.
Дәлдік – Ақпараттың дәл, нақты болуы
Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет
Өзектілік (дәл уақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.
Қолжетімділік қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.
Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.
Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ықғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.
Құндылық – адамның қызметінің алуан түрлі саласындағы пайдалануға жарамдылығы, бағалылығы
Ақпаратпен жұмыс істеу барысында эргономикалық талаптарды орында