Аппараттық модель. Математикалық модель.
Модель – белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.)
Модельдеу- бұл объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың (макетін) құру. Объект үшін құрылатын модель, түпнұсқасы немесе протипі деп аталады. Кез-келген модель өзінің түпнұсқасыың көшірмесі бола алмайды.Ол тек ең маңызды зерттеу мақсаты үшін кейбір құрылымы мен сапасын көрсетеді.
Ақпараттық модель - бұл объекті туралы ақпарат, процесстің немесе құбылыстың объектісінің қасиеттері мен жай-күйін сипаттайтын,сондай-ақ байланыс және қоршаған ортамен қарым қатынастар жиынтығы.
Ақпараттық моделдер объектіні ауызша сипаттамалар, мәтіндер, суреттер, кестелер, схемалар, сызбалар, формулалар түрінде көрсетеді. Ақпараттық моделде ешқандай материалдық іске асу болмайды ол тек ақпарат негізінде құрылады.Оларды сипатау тілінде (белгілеу модель) немесе ұсыну тілінде (көрнекі модель) түрінде көрсетуге болады.
Ақпараттық модельдердің класстар тұрғысынан тәсілдерін ұсынуын толығырақ қарастырайық. Форма ұсынудың ақпараттық моделі кодтау әдісіне және материалдық тасымалдаушыға байланысты.
Математикалық модель (Математическая модель;) — объектінің қызметі мен құрылымын сипаттайтын математикалық тәуелділіктер жүйесі, яғни математикалық формулалар мен тендеулер арқылы өрнектелетін объектілердің математикалық сипаттамалары.
Математикалық модельдеу — кез келген құбылыстарды немесе күрделі физ. процестерді, аппараттарды олардың математикалық модельдерін құру арқылы зерттеу тәсілі; матем. модельді құру процесі. Матем. модель деп қажетті процесті немесе аппаратты сипаттайтын матем. теңдеулер жүйесін айтады. М. м. үшін кез келген матем. мүмкіндіктерді (дифференциалдық немесе интегралдық теңдеулерді, жиындар теориясын, абстрактылық алгебраны, матем. логиканы, ықтималдықтар теориясын, т.б.) пайдаланады. М. м. негізіне түпнұсқа мен модельдің айнымалы параметрлерінің біртектес немесе ұқсас теңдеулермен сипатталуы алынады. М. м., көбінесе, компьютерлер арқылы зерттеледі, сондықтан оны кейде компьютерлік модельдеу деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |