Апта 9
№ 9 практикалық сағат
Тақырыбы: 1950-2005 жж. ҚХР
Әдістер: дөңгелек үстел
Екінші дүниежүзілік соғыс соңында Қытайдың ішкі саяси және халыцаралық жағдайы. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен Қытайда екі партия кПк және Томиньдан арасында күрес басталды. 1946 жылдың мамырына дейін Қытай территориясында кеңес әскерлері сақталды. Жапондар жаулап алып қуыршақ мемлекет құрған Маньчжоу-го экономикалық жағынан біршама дамыған болып шықты. КСРО мен Қытай ШҚТЖ-ны (кВЖд) ортақ қолдана бастады. 1945 жылы 10 қазанда кПк мен Томиньдан арасында келіссөздер болып мемлекет тағдырын шешуге, «демократиялық» республикаға көшуге кірісті. Бірақ партия басшылары арасында (Чан кайши мен Мао Цзэдун) қайшылықтар орын алды. Бұл қайшылықтардың азаматтық соғысқа ұласып кетпеуі үшін екі ірі держава АҚШ пен КСРО КПК-дан, жартысы Гоминьданнан тұратын Қытай Республикасының мемлекеттік кеңесін ұйымдастыруды ұйғарды. АҚШ болса Гоминьдан үшін 150 мың адамдық армия жасақтауға кірісті. Бұл армия 1946 жылы КПК бақылап отырған территорияға енді. Бұл азаматтық соғыстың басталуына алып келді.
1946-1949 жылдары азамат соғысында Қытай коммунистік партиясы жеңіске жетті. Гоминьдан мен Чан Кайшидің жеңілуінің бірнеше себептері болды: жапондарға қарсы соғыс жылдарында Чан Кайшидің партиясы мен үкіметі өз беделдерін түсіріп алды; Гоминьданның реформашылдық саясаты сарқылды; Қытай шенеуніктері үшін үйреншікті сыбайлас жемқорлық биліктің жоғары топтарын аздырды, олар жапон басқыншыларына қарсылық ұйымдастыруға дәрменсіз болып шықты. Компартия Жапонияға қарсы соғыс жылдарында өз күштерін қалпына «келтірді, азат етілген аудандардың территорияларын кеңейтті, КСРО-ның көмегімен соғысқа қабілеті бар армия құра алды, соғыс аяқталғаннан кейін компартия қалың бұқараға түсінікті, қарапайым ұран көтере білді. Жапонияның Маньчжуриядағы Квантун армиясын талқандауы, бұл миллиондық топты қарусыздандыруы және ол қаруларды қытай коммунистеріне беру армияны қарумен қамтамасыз етті. Азамат соғысы жылдарында сенімді тыл жасалды. АҚШ-тың осы кезде гоминьданға көрсеткен көмегі мардымсыз болды».
Халықтық революция және даму жолын таңдау мәселесі. Қытай Халық Республикасының жариялануы. 1949 жылы қыркүйекте Пекинде Кеңестік Халықтық Саяси кеңес жиналысы болды. Оған антигоминьдан бағытын ұстанғандар жиналды. Жиналыста Орталық халықтық Өкімет құру, билікті негізінен халыққа беру ұйғарылды. 1949 жылдың 1 қазанында Қытай халық Республикасының құрылғандығы жарияланды. Бұл жөнінде Мао Цзэдун “халықтық демократиялық диктатура” бағдарламасында ұсынған болатын. Мао Цзэдун азамат соғысынан кейін ҚХР-ның даму стратегиясын ұсынды. Стратегия бойынша социализмге жету, “жаңа демократия” құру негізгі мақсат болды. Партияның негізгі міндеті жұмысшы табы басты рөлді атқаратын экономикалық жағынан дамыған мемлекет қалыптастыру еді. Осы міндетті орындауда КСРО қол ұшын беретін болды. Чан Кайши ҚХР-ды мойындамай Тайваньға кетті. Тайваньда АҚШ-тың қолдауымен капиталистік негізде дамитын Қытай Республикасын құрды.
ҚХР ішкі және сыртқы саясаттың бірінші онжылдығы (1949-1959). ҚХР құрылғаннан кейін 1949 жылы қазанда социалистік құрылыс басталды. Аграрлық реформа жүргізіліп, шаруалар ұжымдастырылды. Аралас экономика құрылды: ішінара мемлекет қарамағына алу арқылы мемлекеттік сектор пайда болды, ол жеке кәсіпкерлікпен қатар өмір сүріп отырды. 1950 жылы партия басшысы Мао Цзэдун Москваға ресми сапар жасады. Осы сапар барысында ол Сталинмен кездесті. Кездесу нәтижесінде ҚХР мен КСРО арасында мерзімі 30 жылға созылған достастық, бір-біріне көмек көрсету жөнінде келісімге қол қойылды. Бұдан өзге КСРО ҚХР-ға 300 миллион доллар несие берді. Ал ҚХР болса, бұрындары жапондардың иелігінде болған Маньчжурияның бір бөлігі, Порт-Артур мен Қиыр Шығыс порттарын КСРО-ның пайдалануына рұқсат берді.
Бағдарламада белгіленгендей аграрлық реформалар 1950 жылдың жазында басталды. Шаруалар ұжымдастырылды, жеке меншікке тыйым салынды. Бірақ бұл ұжымдардың техникалық жабдықталуы нашар еді. ҚХР армиясы Гоминьдан әскерлерін 1952 жылдың орта шенінде жеңді. ҚХР әскери бөлімдері 1951 жылы Тибет территориясына баса-көктеп енді. Осыдан кейін ҚХР-ның құрамына Тибет автономия ретінде енді. 1952 жылы “өтпелі кезең” аяқталған соң КПК “басты мақсат” кезеңіне өтті. Оның негізі социализмге ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті бейімдеу болды. КСРО-ның көмегімен ҚХР-да 1953-1957 жылдар аралығындағы 5 жылға есептелген жоспар жасалынды. Осы жылдары 156 жаңа өнеркәсіп орындары салына бастады. 1957 жылы оның 68-і қолдануға берілді. Қалаларда буржуазиялық саудагерлер бірте-бірте мемлекеттің қарауына алынды. 1953-1957 жылдар арасында өнеркәсіптердің өндіріс көлемі 141 % көтерілді. Қалаларда тұрғын үйлер салынды. Білім реформасы жүзеге асырылды.
ҚХР-дың дамуына Сталиннің қайтыс (1953) болуы қатты әсер етті. 1954 жылы қабылданған конституцияда мемлекет құрылысы “социалистік” деп белгіленді. Негізгі билік партияның қолында болды. КСРО-да өткен хх съезде Сталиннің жеке басына табынушылық жөнінде айтылған сөздерді 1956 жылғы КПК-ң VІІ сессиясы құптады. Мао Цзэдун да көп адамдарды репрессияға ұшыратты. 1957 жылы қылмыс жасаған адамдарды “қайта тәрбиелеу” үшін ауыр, қара жұмыстарға апарды. 1957 жылы халықаралық жұмысшы партияларының жиналысына бару мақсатымен Мао Цзэдун КСРО-ға сапар жасады.
“Үлкен секірістен Реттеуге” дейін. Мао Цзэдун коммунизмге КСРО-дан бұрын жетуді ойластырды. Сондықтан екінші бесжылдықты бір жыл ішінде өту жоспарланды. Ауыл шаруашылығын 2,5 есе, өндірісті 6,5 есе көбейту қарастырылды. Жаңа ұрандар пайда болды: “Үлкен секіріс”, “халықтық коммуна”, “Жаңа бас сызық” бұл “3 қызыл белгі” деп аталды. Экономиканы осылайша тез қарқынмен дамыту мүмкін емес еді, сондықтан өндірістің көлемі азайды. Белгілі бір кәсіпке маманданбаған өнімнің сапасы төмендеді. Маоның жарлығы бойынша күріш өсіретін жерлердегі торғайларды ұстау талап етілді. Торғайлардың азаюы өз кезегінде құрт-құмырсқаның көбеюіне алып келіп, бұл жаңа қиындықтар тудырды.
1959 жылы маршал Пэн Дэхуай мен бір топ басшылар Мао Цзэдунның жүргізген саясатына қарсылық білдірді. Нәтижесінде оларға “антипартиялық тұлғалар” деген айып тағылып, орындарынан босатылды. Пэн Духэйдың орнын Маоның жақтасы Линь Бяо тағайындалды. Ал Тибетте КПК-ның жүргізген саясатына наразылық Далай-Ламаның басқаруымен болған көтеріліске алып келді. Далай-Ламаның Үндістанға қашуына тура келді. Мао Цзэдун өзінің қателіктеріне жауап бермеу үшін партия басшылығынан шығып, орнына Лю Шаоциді отырғызды. Лю Шаоцидің келуімен “үлкен секіріс” саясаты арнайы жарияланбағанмен тоқтатылды. 60-жылдары Қытай экономиканы “реттеуге” кірісті. 1962 жылы ҚХР-ң кейбір аудандарын аштық жайлады. Ауыл шаруашылығында қайта реформалар жүргізілді. Әскери құрылыстар жүргізуге ерекше көңіл бөлінді. Дцролық бағдарлама нәтижесінде 1964 жылы ҚхР-да атом бомбасы жасалынды. Мао Цзэдунның жасаған қателіктеріне қарамастан оның еңбектері үлкен тиражбен шығып жатты. Тазет-журналдарда оның еңбектерін жиі мақтап, жоғары бағалап отырды. Бірақ халықты оған сендіру қиын еді. Сондықтан Мао Цзэдун өз позициясын нығайтқысы келді. ҚхР-ң сыртқы саясаты КСРО-дан қатты ерекшелінді. ҚхР Чан кайши билеп отырған Цзиньмынь және Мацзу аралдарына оқ ату салдарынан АҚШ пен ҚхР арасындағы жағдай шиеленісті. 1959 жылы ҚхР-ң Үндістанмен жағдайы шиеленісті КСРО-мен достастық байланысы суи бастады.
“Мәдени революция” себептері: мәні, қорытындылары және нәтижесі 1966 жылы Мао Цзэдун өз билігін нығайту үшін “мәдени революция” жүргізді. Оның негізгі себебі ескі, антисоциалистік мәні бар өнер туындыларын, әдебиеттің көзін құрту болды. Мао Цзэдунның еңбектері ғана жоғары бағаланып, оның айтқан нақыл сөздерін әрбір ҚХР азаматы жатқа білу керек еді. “Мәдени революцияны” ұйымдастырғандар Мао Цзэдунның әйелі Цзян Цин мен Чжан Чуньцяо. Олар жоғарғы оқу орындарындағы (Пекин университеті) студенттерді “хунвейбин” топтарына, ал жұмысшыларды “цзаофаней” топтарына жинап бүкіл Қытай жерінде өнер туындыларын жоя бастады. “Мәдени революцияға” қарсы шыққандарды ауыр жазалады. 1967 жылы Уханда қарсылық кең тарады. Мао Цзэдун бұл жерге әскерді алып келді.
1967-1968 жылдар аралығында өнеркәсіп өндірісі 15-20 %, ал ауыл шаруашылығында астық өндірісі 1957 жылмен тең болды. Халық саны 100 миллионға көбейді. Партия ішінде де “тазарту” болды. Тек Мао Цзэдунның жақтастары партияда қалды. 1969 жылы Пекинде өткен ІХ партия съезінде “Мәдени революцияның” бірінші кезеңі жарияланды. 1969 жылы “Мәдени революцияның” екінші кезеңі басталды. Оның негізгі мақсаты І кезеңдегі атқарылған жұмыстарды аяқтау, басқарудың жаңа механизмін құру еді. Мао Линь Бяоны өзінің ізбасары деп тағайындауы Цзинь Цин мен Чжоу Эньлайдың бірігуіне алып келді. 1971 жылы Линь Бяо қайтыс болғаннан кейін екі топ арасында күрес қайта басталды. “Мәдени революцияның” соңғы кезеңі 1974-1976 жылдар. 1975 жылы ҚХР-ң жаңа конституциясы жарияланды. Конституция бойынша әскерилердің құқықтары ұлғайды. Сот жүйесі жергілікті ревкомдардың қолына өтті. 1976 жылдың 8-қаңтарында Чжоу Энблайдың қайтыс болуы партия ішіндегі билік үшін күресті шиеленістірді. дэн Сяопин премьердің орнына тағайындалмай, құғынға ұшырайды. 1976 жылы 9 қыркүйекте 83 жастағы Мао Цзэдун қайтыс болады.
Реформалар жолындагы Қытай (1978-2000). Елдің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзгерістер. Мао Цзэдун өлімі Қытайдың жаңа заман тарихындағы жаңа кезеңнің басталғандығын білдірді. Мао Қытайды дағдарысты жағдайда қалдырды. Ресми деректер бойынша, елде 20 миллионға жуық адам жұмыссыз еді. Ал 8 млн. адам жұмыс “іздеушілер” кезегінде тұрды. Жұмыссыздық пен азықтүлік тапшылығы салдарынан елде 100 млн. адам аштық жағдайын бастан кешірді. Адам басына шаққандағы жылдық орташа ақшалай табыс 220 долларды құрады. Ауыл шаруашылығында 80 долларды құрап, әлемдегі ең төменгі деңгейді көрсетті.
Негізгі азық-түлік пен халық тұтынатын өзге де тауарлар тізімдік парақшалар арқылы берілді. Халық тұтынатын тауарды және ең бірінші кезектегі тауарларды өндіру қарқыны халықтың өсу қарқынынан төмен болды. Бұндай жағдай елдегі әлеуметтікэкономикалық ахуалды одан ары қиындата түсті. 1976 жылы Мао Цзэдун қайтыс бола салысымен билік үшін күрес күшейіп, ел азамат соғысының алдында тұрды. Бұл күресте “мәдени революция” кезінде қуғынға ұшыраған Дэн Сяопин бастаған топ жеңіске жетті. ҚКП жаңа басшылығының әрекеттері реформалар жасаумен байланысты болды. Мао Цзэдун саясаты қате деп жарияланды, “секірістер” мен “реттеу” науқандары елге және халыққа үлкен зиян келтірген құбылыстар ретінде айыпталды. Аралас экономика құруды, рынок механизмдерін пайдалануды, шетел капиталын келтіруді қарастырған ұзақ мерзімді бағыт белгіленді. Біреулер “қытайлық сипаттағы социализм” құрамыз десе, екіншілері “қытайлық ерекшіліктері бар капитализм” құру керек деді.
Реформалар жүйесіндегі басты шара селолық жерлердегі коммуналарды таратып, кооператив құрылысын жою, отбасылық мердігерлік енгізу болды. Өнеркәсіпте тұрмыстық техниканы шығаруға баса назар аударылды. Бұл үшін өнеркәсіпте құрылымдық қайта құру жүргізілді. Сөйтіп, ауылшаруашылығы халықты азықтүлікпен қамтамасыз етсе, өнеркәсіп телевизорлар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, жиһаздарға байланысты күнделікті сұраныстарды қанағаттандырумен айналысты. Ұсақ бизнеске қолдау көрсетілді. Шаруалар артық өнімдерін базарларда еркін сата алатын болды. Жағалаулық қалаларда еркін немесе жеңілдікпен пайдаланатын кәсіпкерлік аймақтар ашылды. Бірақ мемлкеттік сектор әлі де басым еді. Ал, әкімгершілік жүйе нарықтық қатынастардың толық дамуына мүмкіндік бермеді. Реформалар мемлекет тарапынан қатаң бақылау жағдайында іске асырылды.
Мемлекеттің адамға үстемдігі Қытайда ғасырлар бойы келе жатқан дәстүр. Ел созылмалы дағдарыстар (азық түліктік, демографиялық, экологиялық және ресурстық) жағдайында өмір сүріп келді. 1988-1989 жылдары Қытайда елеулі толқулар орын алды. Демократияны талап еткен студенттердің ереуілі аяусыз басылып, жүздеген студент атылды, мыңдаған студент жарақат алды. Билік орындары саяси және экономикалық себептерге байланысты қоғамға бақылауды әлсіретуден қауіптенді. Әлеуметтік шиеленіс қалалардан деревняға қарай ауысты, себебі онда әл-ауқаттың өсуі баяулады.
1992 жылдан бастап шаруашылықты реформалау өз дамуының жаңа кезеңіне өтті, барлық экономикалық саясат идеологиясыздандырылды және жоспарлы реттеуден нарықтық қатынастарға көшу басталды. Егер 80-жылдары мемлекеттік сектор бүкіл өнеркәсіп өнімінің 80 % берсе, 90-жылдары бұл көрсеткіш 50 % дейін төмендеді. Кәсіпкерлікке партиялық және мемлекеттік аппарат, шенеуніктердің ағайын-туыстары араласа бастады. Реформа бағытын “жоғарыдан” қолдады. Қытайдың экономикалық дамуында конфуцийлік дәстүрлер аса зор рөл атқарды (еңбек мәдениеті, ақысы төленген жұмысқа ынталылық, табыстың өз еңбегіне байланыстылығы және адамның өзін-өзі дамытуы, жетілдіруі).
Қайта құру Қытайды сақтап қалды. Бірақ даму барысында жаңа қиындықтар пайда болды. Олардың ішіндегі ең бастысы нарықтық жекеменшік қатынастардың миллиардтан аса халқы бар елді бақылаудың авторитарлық және әміргершіл-әкімгершіл формаларымен сәйкес келмеуі болды.
1979 жылы қытай-кеңес келіссөздері басталды. Кездесу сыртқы істер министрінің орынбасары дәрежесінде алдымен Москвада, кейіннен Пекинде өтті. Алғашқы шарт ретінде ҚХР басшылары кеңес әскерінің санын қысқартуды, Вьетнамға көмек көрсетуден бас тартуды сұрады. Кеңес делегациясы екі ел арасындағы байланыстың халықаралық құқықтар негізінде іске асырылуын талап етті. Екі мемлекет арасындағы белсенді байланыс 1982 жылы КПК-ң XII сьезінде, Л.И.Брежнев қайтыс болғаннан кейін орнайды. 1985 жылы қазан айында дэн Сяопин кеңес Үкіметінің жаңа басшысы М.С. Тобачевке хат жазып, келіссөздер жоғары дәрежеде жүргізуді ұсынады. кейін сыртқы істер министрлері деңгейінде келіссөздер жүргізілді.
1987 жылдың ақпанында болған келіссөздер барысында кеңес-қытай шекарасы туралы мәселе қаралды. 1989 жылдың мамырында М.С.горбачевтің кНР-ге ресми сапары орын алды. 1977 жылы ҚхР мен Жапония арасында бейбіт келісімге қол қойылды. Үндістанмен ҚхР арасында шекара мәселесі, Тибет мәселесі қала берді, Вьетнаммен байланыс нашар болды.
ҚхР әлемдік экономикада алдыңғы орындарды иеленіп келе жатты. Ұлттық табыс бойынша 7 орынды иеленді, ал жалпы сауда бойынша 11 орынды иеленді. Елдің үлесі бүкіләлемдік көлемде ауырөнеркәсіп өндірісінде үш пайыздық деңгейден асты. Қытайдың валюталық қоры 1998 жылы 149 млрд. долларға тең болды. дегенмен адамның басына санағанда 1 млрд. 200 млн адамға санағанда 560 доллар шамасында болды бұл төмен көрсеткіш еді.
Қытай қазірге дейін аудандарының дамуындағы айырмашылықты құрта алмады, бұл мемлекеттік сектор экономикасының пәрменсіздігіне байланысты. Қытай тарихындағы маңызды оқиға гонконг пен Макаоның бірігуі және елдің оңтүстігінде маңызды стратегиялық плацдарм екі ірі өнеркәсіп орталығының пайда болуы еді.
ҚХР сыртқы саясатының жоспарында ірі аймақтық держава құру және болашақта көпполюсті күштердің бірі болу тұр. ҚХР-дың бұл жоспарына Ресей көмек көрсетуге дайын болса, АҚШ сақтық көзқарасымен қарайды. Тайваньның Формоза аралы XIX ғасырдың соғында жапон-қытай әскерлерінің қақтығысы нәтижесінде Жапонияға қосылған болатын. Аралдағы басшылықты жапон әскери губернаторы өз қолына алды, диктаторлық өкілеттілікті иеленді. Арал әкімшілігі тек қана жапондықтардан тұрды, арал экономикасын өзіне бағындырды, “жапондану” үрдісін жүзеге асырды.
1993 жылдың басында ҚХР басына келген Цзян Цзэминь Тайвань мәселесін шешудің бірнеше жолын ұсынды. Олардың негізгі мағынасы “әлемде бір ғана Қытай бар” деген саясатқа сияды және Тайваньмен бірігу бейбіт жолмен өту керек екенін көрсетті. Егер аралды қосу мәселесін басқа тәсілмен немесе саяси күшпен шешу қажет болса, ҚХР қарулы күшпен өзінің территориялық бірлігін қорғау құқықтарын қалдырды. Тайвань басшылары ҚХР-ға “бір мемлекет екі үкімет” деген өз формуласын ұсынды, теңдікке және екіжақты диалогқа шақырды. Бірігу туралы келіссөздер 1992 жылы басталып, төрт жыл өткен кейін тоқтатылды және қазірге дейін нәтижесі жоқ.
Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық мүдделері. кеңес мемлекетінің ыдырауынан бастап Орталық Азия территориясына Қытай мен Ресейдің экономикалық және саяси ықпал үшін күресі басталды. Екі мемлекетке де Орталық Азия аймағы шекаралас, сондықтан осы аймақтағы тұрақтылық олардың қауіпсіздігімен байланысты. Орталық Азия факторы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құрған кезде де шешуші рөл атқарды. ШЫҰ құрамына Ресей, Қытай, Түркменстан және өзге ТМд елдері кіреді. Қытайдың Қырғызстан, Түркменстан, Қазақстанға және өзге республикаларға байланысты қызығушылығы энергия қорлары мен өз тауарларын өткізетін нарықтың қажеттілігімен байланысты.
Қазіргі танда Қытай үлесіне әлемдегі мұнай импортының 35 % келеді. Таскөмір қорларынан Қытай бірінші орын алады, су қорларымен де бай. Мұнай Қытай экспортының маңызды саласы, қазір мұнай өндіруден әлемде бесінші орын алады. Қытай мұнайды Венесуэла, БАЭ, Ливиядан көп өндіреді. Мұнай экспортерларының қатарына кіретін 11 ел ОПЕк мүшелерінің ішінде тек Сауд Аравиясы мен Иран ғана Қытайдан үстем түсіп отыр. 2005 жылы Қытай 180 млн. тонн мұнай өндірсе, 317 млн. тонн, яғни, екі есе көп тұтынды. Бұл факт Қытайдың экономикалық дамуымен және дамыған батыс елдерінің экологияға зиянды өндірісті жұмыс күші арзан аймақтарға ығыстыруымен байланысты болып отыр.
“Әлемдік фабрика” шикізат көздерінсіз, энергоқорларынсыз өмір сүре алмайды. Сонымен бірге Қытай соңғы уақыттарда автомобиль өндірісімен белсенді айналыса бастады. 1993 жылға дейін Қытайға өз мұнайы жеткілікті еді, қазір мұнай қорларының жетіспеушілігі сезіле бастады. 2020 жылға қарай Қытай 450 млн. тонн мұнай қолданады, ал оның өндірісі тек 200 млн. тонн. ғана болады деп есептеліп отыр. Сондықтан Қытай шикізат көздері бай көршілеріне назарын тіге бастады.
2007 жылдың қаңтар айында Филиппин аралдарындағы Себуде өткен Азия-Тынық мұхит аймағының 16 елдерінің жетекшілерінің кездесуінде Шығыс Азияның энергетикалық қауіпсіздік декларациясы қабылданды. Бұл құжат Қытайдың жылдам өсіп келе жатқан аймақтарының энергетикалық жағдайынан туындап отыр. Мұнайға әлемдік бағаның көтерілуіне орай Қытай 2006 жылы шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сатып алуға 2005 жылмен салыстырғанда 15,26 млрд. доллар көп жұмсады. Қазіргі кезде Қытай АҚШ-тан кейінгі мұнайды көп қолданатын екінші мемлекет болып табылады. Қазір сұраныстың 40 % импорт негізінде қанағаттандырылады. Жақын аралықтағы 15 жыл ішінде Қытай бұл мақсатқа қосымша ассигнация жұмайды. Ол шамамен 2,4 трлн. доллар болмақ. Қытай жетекшілігі үшін энергетика бірінші мәселе болып отыр.
Азиялық кеңістікте қытайлық мұнай компаниялары “China National Petroleum Company” (CNPC) мен “Sinopec” Қазақстанның мұнайын экспорттауға көп көңіл бөледі. Соңғы кездері CNPC “Ақтөбемұнайгаздағы” өзінің үлесін ұлғайтып, Petro Kazakhstan компаниясын сатып алды. Қазақстанда Атасу-Алашонькоу мұнай құбырының құрылысын “Ғасырлық жоба” деп атайды. Ол Қазақстанның ірі мұнай аудандарын “Күнасты” елінің шығыс аудандарымен жалғастырады. Аталған мұнай құбырының құрылысы 2005 жылдың қарашасында аяқталды. “Қазақ-қытай” мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1000 шақырымды құрайды. Қытай осы құбыр арқылы жылына 10 млн. тонна мұнай айдап келесі жылдары оның көлемін едәуір арттырмақшы.
Атасу-Алашонькоу мұнай құбыры іске қосылған соң ресми Пекин Қазақстанның батысындағы мұнайлы аудандар мен Қытайдың ірі өндірістік аудандарын жалғастыратын екінші мұнай құбырының құрылысы туралы сөз қозғай бастады. Қазақстандық мұнайға деген қызығушылықтың деңгейін Пекиннің ресми өкілдері “Атасу-Алашонькоу” құбыры арқылы келіп жатқан мұнайдың көлемі Қытайдың энергетикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмайды” деп бар шындықты жайып салды. Қазіргі кезде Қазақстан мен Қытай арасында қосымша мұнай құбырын салу туралы дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Орталық Азия елдерінің Қазақстаннан өзге республикаларының арасында Қытай Түркменстанның энергетикалық ресурстарына үлкен қызығушылық танытуда. 2006 жылдың сәуірінде Түркменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат ниязов пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Пекинде Түркменстан-Қытай газ құбырын жүзеге асыру туралы Бас келісімге қолдарын қойған. Келісім бойынша тараптар аталған газ құбырын 2009 жылы іске қосып, түркмен газын жылына 30 млрд. текше метр көлемінде 30 жыл бойы Қытайға тасымалдауға уағдаласқан.
ХХІ бас кезіндегі ҚХР-дағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижелері. 2003 жылы билік басына келген Қытайдың қазіргі жетекшілігі реформалардың басты нысаны ретінде әлеуметтік саланы белгіледі. дэн Сяопиннің ұранын іске асыру нәтижесінде адамдар мен кейбір аудандар әл-ауқатын жақсартып, іскерлер мен шенеуніктердің көптеген өкілдері айтарлықтай қаржы және материалдық байлықты жинап алды. Алғашқы қорланған капитал Қытайдың оңтүстік аудандарында шоғырланды. Қытайдың жаңа жетекшілігі алдыңғы концепцияны толығымен өзгертіп, оны “жалпы баю және әлеуметтік игілікті қоғам” ұранына айналдырды. Қазіргі кезде Қытай үкіметі елдің солтүстікбатысындағы “ескі аудандарды” дамытуға қыруар қаржы бөлуде. Бұл өз кезегінде шанхайлық топтардың мүддлеріне керіғар келуде. Сонымен қатар аймақтық деңгейде де осындай қайшылықтар орнын алуда. Бірақ ҚкП бұндай қайшылықтардың партиялық басқару ауқымынан шығып кетуіне жол бермей келеді.
Қытайдың ішкі тұрақтылығына әсер ететін факторлардың бірі жұмыссыздық болып табылады. Бұл саладағы ресми мәлімет 4,5 % болса, шындыққа жанасатын кейбір мәлімет 28 % құрайды. Бұл Қытайдың үлкен және орта қалаларындағы көрсеткіштер. Қытай үкіметі миграциялық мәселені шешу және қалалықтар мен ауылдан келіп қоныстанушылардың мәртебесін теңестіру үшін “Еңбекпен қамту” заңын қабылдаған. Бірақ бұл жұмыссыздық мәселесін шешуге қабілетті болмай келеді. Сонымен бірге Қытайдың қазіргі кездегі жыл сайынғы демографилық өсімінің деңгейі өте жоғары. Мысалы, Қытайда жыл сайын 190 млн. бала дүниеге келсе, оның 90 миллионы қалаларда дүниеге келеді. Бұндай демографиялық қарқынмен елдегі жұмыссыздық мәселесін шешу мүмкін емес. Қазір іске асырылып отырған реформадан барлық Қытай халқы қолайлы нәтиже көріп отырған жоқ, қытайлықтардың 60 % кедейшілікте, немесе, оған жақын деңгейде өмір сүріп отыр.
Қытайдағы келесі ішкі мәселе мемлекеттегі жасы ұлғайған адамдар санының салыстырмалы түрде көп болуы. Бүгінгі таңда Қытай әлемдегі ең “кәрі” ел. 65 жастан асқан адамдар 7,5 % құрайды. Ал 2050 жылға қарай жорамал бойынша 28 % болады. Яғни, тұрғындардың төрттен бірі экономикалық белсенді қимылдан тысқары қалады. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді ескере келе, Қытай жыл сайынғы әлеуметтік-экономикалық өсімді 8,5 % төмендете алмайды.
Сарапшылардың көрсетуі бойынша соңы кезде пайда болған күрделі мәселе Қытайдың инновациялық дамуы. Себебі Қытай жоғары технологиялар иесі емес және жақын аралықта ондай жетістікке қол жеткізуге мүмкіндігі жоқ. яғни, өндірістің экстенсивті түрі үстемдік жүргізеді.
ХХІ ғасырдың бас кезіндегі ҚХР-дың сыртқы саясаты. Қытай қазіргі кезде халықаралық қатынастардың жай ғана қатысушысы емес, ол өзін жетекші ойыншылардың қатарынан көрінгісі келеді. Бұл АҚШ пен Ресейдің алаңдатушылығын тудырады. АҚШ, Ресей, Қытай арасында көптеген шешуін күтіп отырған мәселелер бар. Екінші жағынан Ресей мен Қытайды “ортақ жау” АҚШ-тың болуы жақындатып отыр. АҚШ тарапынан әскери қауіп болып тұрған кезде Қытай мен Ресейдің қарама-қайшылығының сипаты жасырын түрде болып келеді. Егер АҚШ тарапынан болатын әскери қауіп жойылатындай күн туса, Ресей мен Қытай арасындағы күрделі мәселелер судың бетіне шығып, олардың түрі де, сипаты да өзгеруі мүмкін.
Қытайды алаңдататын тағы бір мәселе Синьцзян-Ұйғыр автономды аймағындағы этникалық сепаратизм. Ұйғыр сепаратизмінің ерекшелігі сол ол кедейшілікпен бірге қалыптасады. Ұйғыр сепаратизмінің ерекшелігін ескере отырып, Қытай үкіметі аймаққа миллиардтаған доллар салып отыр. Синьцзян-Ұйғыр автономды аймағындағы үлкен қозғалыс “Шығыс Түркістан ұйымы”. Бұл ұйымды Қытай “террористік ұйым” деп таниды және АҚШ-тың террористік ұйымдар тізіміне енгізген. Бұл ұйым өзі әрекетін екі рет білдірді. Алғашқы рет 1999 жылғы Баткен жағдайында және 1997 жылы Құлжа қозғалысында.
Германиядағы ұйғыр құрылтайы өз алдына күшпен азат ету мақсатын қоймайды. Олардың басты мақсаты ұйғыр мәселесіне, Тибетке ерекше мәртебе беру, ұлттық және мәдени ерекшелікті сақтап қалу болып табылады. Қазіргі кезде Қытай Пәкістан мен Үндістан арасындағы мәселелерін шешуге ұмтылуда.
Қазіргі кездегі Қытай Халық Республикасының ішкі және сыртқы саясатының мақсаттары мен міндеттері жаңартуларды жүзеге асыру, модернизациялау жолында ұлттық экономиканың жедел дамуына қол жеткізу болып табылады. Аталмыш мақсат пен міндеттер ҚХР саяси жетекшілігінің алдына қойып отырған басты тапсырмасы болып табылады. Қытайда жаһандану үрдісіне және аталған үрдістің қаншалықты елдің ұлттық мүдделеріне жауап бере алатындығы осы көзқарас тұрғысынан қарастырылады.
Өткен ғасырдың 70-жылдарының соңында Дэн Сяопин бастамасы бойынша Қытай Мао Цзэдун жүргізген өзін-өзі оқшаулау саясатынан бас тартып, біртіндеп халықаралық экономикалық байланыстар жүйесіне тартылды, Жапониядан бастап АҚШ және Африкаға дейін көптеген елдермен сауда қатынастарын дамытты. Реформа жылдарында жылдарында, сыртқы әлемге ашықтық саясатын ұстана отырып, Қытайдың ұлттық экономикасы әлемдік экономиканың құрамдас бөлігі болып қалды. Бүгінгі таңда Қытай жетекшілері модернизацияның әлемдік шаруашылық байланыстардан алшақтап кетпейтінін үнемі көрсетіп отырады. Бұл туралы 2002 жылы қараша айында өткен ҚкП хVІ съезінде де айтылды. Елді ғаламдану процесіне тартуға ықпал ететін маңызды шаралардың бірі Әлемдік сауда ұйымына (дСҰ) кіру болып табылады. Мемлекетті ғаламдану процесіне тартудан ешқайда кетуге болмайтынын мойындай отырып, қытайлықтар халықаралық еңбек бөлінісінсіз ел өзінің экономикасын дамытып, модернизациясын іске асыра алмайтынын көрсетеді. Олай болмаса Қытай әлемдік шаруашылықтың жағасында қалып қояды және экономикалық артта қалушылық белгісіз уақыттарға созылып кетеді.
Қытайды әлемдік экономикалық стандарттарға тарта отырып, ҚхР жетекшілері саяси жүйенің батыс үлгісіне қарай қайта құрылуынан шешімді түрде бас тартады. Елде көп партиялық жүйенің, парламенттік құрылымның, сөз, жеке тұлға еркіндігінің болуын Қытайға көшіргісі келмейді. Осы ұстанымды ұлттық ерекшелікті ескеру, ең алдымен тұрақтылықты қамтамасыз етумен байланыстырады. Ғаламдану мәселесін талқылай отырып, қытай саясаткерлері бұл үрдістің Қытайға үлкен мүмкіндіктер беретінін, екінші жағынан талабы да күшті екендігін мойындайды. Жалпы әлемдік үрдіске тартылудан Қытайға түсетін пайда осы жолдағы көретін қиындықтарды ақтай ала ма деген сұрақтар Қытай жетекшілерін ойландырады. Осы процестерден ұлттық мүдде, ұлттық ерекшелік, елдің саяси және идеологиялық болмысы зиян шекпей ме деген мәселелер төңірегінде де ҚхР ойлануда. ҚхР жетекшілері өздерінің социализм ұстанымдарына адал екендіктерін ескеріп, қытайлық сипаттағы социализм құруды мақсат ететіндіктерін басынан шығармайды. Ғаламданудың идеялық және саяси нәтижелері туралы баяндайтын ғылыми мақалалардың көпшілігі, бұл процесс Қытайдағы социализм ұстанымын күшейтеді деген қорытындыға келеді.
2001 жылы қырқүйек айында қытайлық философ-марксистер “Марксизм және ғаламдану” деген тақырыпта конференция өткізді. Олардың қатысушылары ғаламданудың қолайлы және қолайсыз жақтарын көрсетті. Бұл процесс қаншалықты шындыққа жанасады және нәтижесі қандай болады вестернизация, американизация, китаизация немес ұлттық сипаты жоқ модернизация бола ма деген мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Ғаламдануға байланысты әртүрлі ұстанымдарды талқалай келе, ең дұрыс жол марксизм деп танылды. Олардың ойынша тек марксизм әлемдік экономиканың негізгі үрдістерін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге қазіргі таңдағы ерекшеліктердің негізінде марксизмнің жаңаруы іске асуы тиіс.
Ұлттық экономиканың жағдайына және деңгейіне талдау жасай келе қытай сарапшылары халықаралық еңбек бөлінісіне Қытайдың дайын емес екендігін көрсетеді. Олардың ойынша Қытайда біртұтас ұлттық нарық қалыптасқан жоқ. Нарықтық механизмдер экономикадағы үстемдік етуші күшке айналған жоқ. Қытайдың жағалауға жақын мекендері мен ішкері аудандарының экономикасындағы үлкен айырмашылықты көрсетеді. Танымал экономист ху Аньган есептеуі бойынша Қытай территориялық даму деңгейі бойынша төрт топқа бөлінеді. Біріншісі экономикалық даму деңгейі бойынша әлемдік стандарттарға жақын. Бұл Шанхай, Пекин, Шэньчжэнь. Бұнда тұрғындардың 2,2 % өмір сүреді. Екіншісі, орташа даму деңгейі бар территориялар, онда тұрғындардың 22 % өмір сүреді. Үшіншісі өмір сүру деңгейі орташадан төмен, олар 20 % қамтиды. Төртіншісі, ел тұрғындарының жартысы өмір сүретін экономикалық даму деңгейі төмен территориялар.
Әрине, экономикалық дамудың бұндай айырмашылығы Қытайдың ғаламдану процесіне кіру түріне ықпал етпей қоймайды. ДСҰ қоятын талаптар орташа дамыған елдердің деңгейінен артта қалып келе жатқан экономика салаларына әртүрлі әсер етеді. Қытай экономистері мен жетекшілерінің алаңдатушылығын тудырып отырған сала ол ауыл шаруашылығы. Шаруа еңбегінің өндірістік деңгейінің төмен болуына сай, жыртпалы жерлердің азайып, тиімді қолданылмауына байланысты осы сала өзге елдермен бәсекелестікке түсе алмайды. Қытай жетекшілері ауыл шаруашылығына төніп отырған қауіпті жақсы түсінеді, сондықтан өз мемлекетіне артықшылықтар мен жеңілдіктер талап етіп отыр.
Қытай ДСҰ (ВТО) – ның экспортты өсіруге деген мүмкіндігін, өнеркәсіптік өнімнің Оңтүстік-Шығыс Азия, АҚШ, Еуропа және Жапония нарығына шығу мүмкіндігін жоғары бағалайды.
АҚШ пен Жапонияда кейбір монополиялық фирмалар мен корпорациялар Қытайды мықты бәсекелес санап, оның сауда экспансиясынан сақтанады. Өз өнеркәсібіне шет елдік капиталды тарта отырып, Қытай өз инвестицияларын Азия елдеріне, Латын Америкасына салады. капиталды енгізу және оны шығару Қытайдың реформалар барысында пайда болған экономикалық қызметінің жаңа саласы. Импорт-экспорт тауар айырбасына қолайлы жағдайды қалыптастыру үшін қытайлықтар заңдарын жетілдіреді, кедендік құқықтарын икемдейді. Осы жағдайлардың барлығы әлемдік нарықтағы Қытай беделін көтереді.
Қытай ғаламданудың қоғамдық өмірдің барлық салаларына ықпалын мойындап отыр. Қытайдың басты мақсаты экономикалық өзара ықпалдасуды әріптестерімен саяси байланыстар деңгейіне келтіру болып отыр. Индустриалдық елдермен экономикалық байланыстарын дамыта отырып, Қытай экономикалық ғаламдануға белсене араласуда, оның өз мемлекетінің экономикасын дамытуға пайдаланғысы келеді. Яғни, ғаламдануға деген Қытай түсінігі экономика пен саясатты бөліп қарауда жатыр.
Қытай жетекшілерінің сыртқы саясатының басымды бағыттарының негізінде ғаламдануға қатысты прагматикалық және байсалды саясат жатыр. Ғаламдануға қатысты Қытай ұстанымы қытай әдебиетінде сипаттағандай “екі жүзі де өткір қылышпен” сипатталатын осы көріністің екі жақты сипатында. Қытай бір жағынан ғаламдану мүмкіндіктерін реформалар мүддесіне тиімділік тұрғысынан қолданғысы келсе, екінші жағынан қытай экономикасын оның қаупінен сақтап, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |