Араб әдебиеті. Ежелгі және орта ғасырдағы араб әдебиеті мен мәдениеті. Йемендегі араб əдебиеті. «Мың бір түн» ертегісінің жанры. "Мың бір түн" ертегісінің сюжеттік желісі. Көркемдік ерекшелігі



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі26,69 Kb.
#84769
  1   2   3
Байланысты:
Араб әдебиеті


Болатқызы Гүлдана

Араб әдебиеті. Ежелгі және орта ғасырдағы араб әдебиеті мен мәдениеті. Йемендегі араб əдебиеті. «Мың бір түн» ертегісінің жанры. "Мың бір түн" ертегісінің сюжеттік желісі. Көркемдік ерекшелігі.
Араб әдебиеті — араб елдерінің, арабтар мен араб тілін ана тілі есебінде пайдаланған халықтардың әдебиеті. Халифат заманында (7-9 ғ.) қалыптасқан мәдени-тарихи ортақтастық, тілдік бірлік, ортақ дәстүр араб-мұсылман мәдениетін қалыптастырды. А. ә. сол жиынтық мәдениеттің маңызды бір саласы. Араб әдебиеті тарихы төрт дәуірге бөлінеді:
классикалық араб әдебиеті (6-14 ғ.).
15-18 ғасырлардағы араб әдебиеті.
жаңа араб әдебиеті (19-20 ғ.).
қазіргі заманғы араб әдебиеті (20 ғ.).
Классикалық араб әдебиеті (6-14 ғ.) өзінің бастауын исламға дейінгі Арабия түбегіндегі көшпенді бәдәуилердің ауыз әдебиетінен алады. Сол дәуірде өз тайпаларының мүддесін қорғап жыр жазған жүзге жуық ақындардың есімі белгілі. Классикалық А. ә-нің исламға дейінгі кезеңін осы поэзия құрайды. Қоғамдық өмірде поэзияның атқарған рөлі зор болды. Халық жиналыстарында, алаңдарда ақындар жиі өлең оқып, арнайы жарыстарда сынға түсетін. Олар, сондай-ақ, өлеңдерінде сарай салтанатын, жарылқаушыларды жырлап, жауларын күлкіге айналдырды. Осы кезеңде бірқатар жанрлардың басын қосқан дәстүрлі қасида пайда болды, элегия мен сатира өз алдына дербес жанр ретінде қалыптасты. Ескі араб өлеңінің бір түрі қыта пайда болды. Араб әдебиетінің төл басы — “ақындар атасы” аталған Имру-л-Қайс (500 — 540) болып есептеледі. Ол өз заманының шынайы суретін жасаған шығармалар туғызды, араб поэзиясының негізгі заңдарын белгіледі. Оның ізін баса шыққан Тарафа (543 — 569), әл-Харсис ибн Халлиза (т.ж.б. — 570), Зухайр ибн Аби Сулма (530 — 627), Антара ибн Шаддат әл-Әбси (525 — 615) т.б.Араб әдебиетінің даму тарихында елеулі рөл атқарды. Араб жазба әдебиетінің ең алғашқы туындысы Құран ислам дінінің негізін салушы Мұхаммедтің өсиет, насихат сөздері мен діни әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылады. Құран діни кітап болғанымен, әдеби тілді қалыптастыру, проза стилін бір ізге түсіру саласында айтарлықтай қызмет етті. Ислам дінінің, Құранның шығуымен байланысты А. ә. жаңа түр, жаңа сипат алды. А. ә-нің дамуына діни күрес қайшылықты сипат берді. Діни бағытты жақтаушы топпен бірге, оған қарсы бағыттағы әдебиет те өрістеді. Бұл реттегі ең елеулі ақындар Хағб ибн Зуайр (т.ж.б. — 662), Хассан ибн Сабит (т.ж.б. — 674), Әбу Зуайб әл-биға әл-Жаъди (т.ж.б. — 699) болды. Ислам дәуірлеп, Араб халифаты өрлеу кезеңінде тұрса да қоғамдағы әр түрлі саяси топтардың, діни ағымдардың ықпалымен саяси лирика өрістеді. Бұл бағыттағы ең елеулі ақындар әл-Ахтал (640 — 710), әл-Фараздақ (641 — 732), Жарир (653 — 733) болды. 8-9 ғ-да көп ұлтты Араб халифаты өзінің гүлдену дәуіріне жетті. А. ә-нің көркемдік түріне, жанрлық сипатына өзгерістер енді. Осы “жаңару кезеңінің” ірі өкілі Башшар ибн Бурд (714 — 783) болды. Араб сөз өнеріндегі жаңалықты “ақындар патшасы” Әбу Нуас (762 — 815) дамытты. Классик. А. ә. осының негізінде толық қалыптасты. Араб халифаты ыдырап, бірнеше мемл-ке, әулеттерге бөлінген шақта А. ә. Мысырдың, Сирияның, Ливанның, Ирактың, Иранның т.б. мемл-тердің ұлттық әдебиеті болып бөлшектеніп бөліне дамыды. Халифаттың ыдырау дәуірінде өмір сүрген ұлы ақын, “әлемді жырға толтырған” Әбу ат-Таийб әл-Мутанабби (915 — 965) дүние жүзі әдебиетіндегі ең көрнекті тұлғалардың бірінен саналады, поэзияның барлық жанрында бірдей классик. жырлар туғызған жаңашыл ақын А. ә-н тақырып жағынан байытып, мазмұн жағынан тереңдете түседі. А. ә-ндегі ең ірі ағымдардың бірі сопылық әдебиеттің бастауы узрит лирикасы да классик. әдебиет дәуірінде қалыптасты (“Мәжнүн — Ләйлі”, “Қайыс — Лубне”, “Жамал —Бусайна” т.б.). Иранда Ибн әл-Мукаффа А. ә-де көркем прозаны дамытты, ірі аудармашы болды (қ. Калила мен Димна). Сондай-ақ, Иранда жаңа бағытқа жол тапқан этностық жанрдағы әдебиет (Фирдоуси т.б.) көрінді. 10 ғ-да Сирия мен Иран А. ә-нің орталығына айналды. Әбу-л-Аъла-әл-Маърри (973 — 1057) т.б. сол кезең әдебиетінің ірі өкілері. Осы кезеңде жасалған ірі прозалық туынды “Антараның ерлік істері” романы мен араб ертегілерінің бір желіге түсірілген жинағы — “Мың бір түнді” атауға болады.
15-18 ғ-лардағы Араб әдебиеті ең аз зерттелген. Классик. дәстүрдің құлдырауы, кезеңдік тоқырау жаңа әдебиеттің қалыптасуына ықпал етті. А. ә-де алдыңғы орынға дастан жанры шықты. Мысырда бұл кездегі әдебиет жаңа прозалық жанрлардың алдыңғы қатарына шығуына, тарихи романдардың дүниеге келуіне бастау болды. Йемен, Тунис, Марокко елдерінде Араб әдебиеті ескі дәстүрді сақтағанмен, жеке ұлттық әдебиет ретінде аренаға шықты.
19-20 ғ-да жаңа араб әдебиеті Мысыр, Ливан, Алжир т.б. араб елдерінде дербес ұлттық әдебиет болып қатар дамыды. 19-20 ғ-да А. ә-де көсем сөзбен астасқан жаңа бағыттағы прозалық жанрлар“ислам модернизмі” ағымы бел алды. Мыс., мақамдық роман (М.Мувайлихи), романтикалық роман (А. Рейхани) т.б. жанрлық түрлер осыны айғақтайды.
Ал, қазіргі заманғы араб әдебиеті (20 ғ.) ортақ дәстүрі бар араб елдерінің ұлттық әдебиеттерінің жиынтық атауы (қ. Алжир, Мысыр, Иордания, Ирак, Йемен, Ливан, Ливия, Марокко, Палестина, Сауд Арабиясы, Сирия, Судан, Тунис т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет