Қазақ тілі сабағынан 9 сыныптарға арналған жұмыс дәптері Тақырып: Радио



бет1/6
Дата31.12.2019
өлшемі482,29 Kb.
#54654
  1   2   3   4   5   6
Қазақ тілі сабағынан 9 сыныптарға арналған жұмыс дәптері

Тақырып: Радио

Радио (лат.radio — оқимын, сәуле шығарамын ← radius — сәуле) – сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті – әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдіспен жеткізу. Сигналды тіркеу тәсілдері әуе толқындары (радиотолқындар) арқылы жіберген сигналды (хабарды) қабылдай алады. Радиобайланысты алғаш ойлап тапқан – А.С. Попов. Радиохабар – радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту-ағарту құралдарының бірі. Бұл - бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық саяси жанрлар, көркем публицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиокомпозиция), көркем жанрлар (радиоинсценировка, радиопьеса, тағы басқа).



1-тапсырама. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін ретін нөмірле.



сөйлем




Ойлап тапқан адам – А.С.Попов.




Бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі – радиохабар.




Ақпараттық, қоғамдық саяси жанр – радионың негізгі жанрлары.




Жіберген хабарды қабылдай алады.




Сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады.



2-тапсырма. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастырып, сәйкестендір.

музыкалық жанр

сигнал толқындары

әуе таратушы

қоғамдық саяси хабарлар

3-тапсырма. Мына зат есімдерге морфологиялық талдау жаса:

А) радиобайланыстың

Сұрағы:_____________________________

Сөз табы:____________________________

Құрамына қарай:_____________________

Тұлғасына қарай:_____________________

Мағынасына қарай:___________________

Сөйлемдегі қызметі:__________________

Түбір:______________________________

Жұрнақ:_____________________________

Жалғау: _____________________________




В) хабарларды

Сұрағы:_____________________________

Сөз табы:____________________________

Құрамына қарай:_____________________

Тұлғасына қарай:_____________________

Мағынасына қарай:___________________

Сөйлемдегі қызметі:__________________

Түбір:______________________________

Жұрнақ:_____________________________

Жалғау: _____________________________





4-тапсырма. Мәтіннен біріккен сөздерді тауып жаз, түбірін анықта.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



5-тапсырма.


Кластерге радио туралы шағын әңгіме құрып жаз.














Радио










Тақырып: Теледидар

Теледидар – телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радиосигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі-түсті, ақ ала, қара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі – бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіру. Теледидар, әдетте, супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарын күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген кинескопты теледидарлардың орнын сұйық кристалды, плазмалы теледидарлар басты. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидарлардың ең озық түрі болып саналады.

Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді. Оның адам үшін пайдасы көп. Үлкеніміз де, кішіміз де теледидар алдында көп уақытымызды өткіземіз. Өкінішке орай, оның зиян жағы да бар. Әсіресе ол адамның денсаулығына әсер етеді. Ғалымдар теледидар алдында ұзақ отыратын балалардың қанында холестерин көп болатынын анықтаған. Бәрімізге белгілі жағдай – теледидар көздің көруін нашарлатады. Ол адамның психологиясына да әсер етеді. Әсіресе балалар мінезі өзгереді. Олардың ашушаң, ренжігіш болып өсуіне осы көгілдір экран кінәлі. Теледидарға құмар бала, әдетте, кітап оқымайды. Ол театрға қызықпайды. Бала теледидар тұтқынына айналады. Ондай балада белсенділік төмен болады. Оны енжарлық, жалқаулық басып тұрады.

Уақытты тек теледидар алдында өткізген дұрыс емес. Шектен тыс телеэкранның құлы болған қауіпті. Әрине, теледидардан білім, таным, өнер үшін қажетті бағдарламаларды көруге болады.


  1. тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.

* Теледидарды көп қарайсың ба?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

* Сен әдетте қандай бағдарламаларды қарайсың?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

* Отбасында теледидар алдында ұзақ уақыт отырғаның үшін ескерту аласың ба

_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________* Балаларға арналған жеке бағдарлама болу керек пе? Ол қанша уақыт созылу керек? Қалай ойлайсыңдар?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2- тапсырма. Төмендегі сөздердің антонимдерін жазыңдар.
ашушаң - __________ жалқау - _________________

зиян - _____________ мәдениетті - _____________

сотқар - ___________ ұзақ - ___________________

белсенді - _________ тәрбиелі – _______________


3-тапсырма. Фишбоун сызбасын толтыр
теледидар пайдасы



қаралатын қорытынды

мәселе


теледидар зияны

4- тапсырма. Мәтіннен туынды сын есімдерді тап.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



5- тапсырма. «Теледидардың адам өміріндегі маңызы» тақырыбына эссе (сөз саны 70).

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Тақырып: Шығыс Қазақстан

Шығыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі.

  • 1932 жылы 10 наурызда құрылған

  • 1997 жылғы 23 мамырдағы № 3528 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыс құрамына таратылған Семей облысының территориясы қосылды

  • Облыс орталығы - Өскемен (1720 жылы негізі қаланған)

  • Жер аумағы - 283 300 км2

  • халқының саны (2006) - 1 430 000 адам;

  • Өскемен - Астана - 1084 шақырым

  • Өскемен - Алматы - 1100 шақырым

Шығыс Қазақстан - Қазақстанның шығысында, солтүстігінде Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытай елімен шекаралас аймақта орналасқан өңір. Батысында Сарыарқа, оңтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысымен шектесіп жатыр. Шығыс Қазақстан облысы аумағын қамтиды. Ірі қалалары: Өскемен, Семей.

Шығыс Қазақстанның басты су күретамыры - Ертіс. Аудан аумағындағы ірі көлдер: Зайсан, Алакөл, Сасықкөл, Марқакөл және т.б. Зайсан көлі Бұқтырма СЭС-ның салынуына байланысты көтеріле келіп, су қоймасының едәуір бөлігін қамтитын болды.

  1. тапсырма.

Картадан Шығыс Қазақстан аймағын белгіле:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет