Аралық бақылауға арналған тапсырмалар. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,45 Kb.
#89619
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Әбдісәмет Динара 7 апта философия аралық бақылау
Сыздық Сәбина. Құрамы функционалды қоспалармен байытылған нан өндіру технологиясын жасау последний, Дневник аг

Аралық бақылауға арналған тапсырмалар.
1.Қоғам дамуындағы мифтің рөлі.
Мифті кез – келген мәдениеттің бастапқы өмірлік шарты ретінде қарастыруға болады. Өйткені ол арқылы белгілі бір құндылықтық бағдарлар қалыптасыды.Миф (аңыз – ертегі) – мұнда адам хабарды (ақпаратты, білімді) алу, сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын табиғи және қоғамдық арнадан толық ажырап кете алмаған, ал оның ойлау жүйесі эмоционалдық ортадан мүлдем бөлуге болмайтын кездегі рухани мәдениеттің бастапқы формасы. Әдет-ғұрыппен тығыз байланысты миф өнердің өлең, саз, би түрлеріне негіз болап қаланды. Мифтің терең философиясын XVIII ғ. Италян ойшылы Джованни Баттиста Винд жасады. Ол “Жаңа ғылымның негіздері” еңбегінде мифті “Құдіретті поэзия” деп атады.
Адамзат руханилығының ең көне түрінде мифтік танымның мәні:
синкретизмде – әртүрлі көзқарастардың бір – біріне, қайшылығын елемеген кездегі үйлесімі;
антропоморфизмде – табиғи объектілерге адамдағы ерекшеліктердің тоғысуы (шабыттану, сезімталдық, қисындылық);
теңдестіруде – барлығын бір – бірімен: объектіні субъектімен, бөлшекті тұтастықпен, ақиқатты шектен тыс ақиқатпен, адамның өзін хайуанатпен, өсімдікпен, таспен және т. б. теңдестіру;
традиционализмде (дәстүрікте) – ата-бабалардың істері мен сөздерін пір тұтуда мифтің ақиқаттылығына шексіз сену;
этикеттілікте (әдептілікте)-жүріс-тұрыстың, сөздің берік діңгегіне, өнердің себептері мен түріне арқа сүйеуі;
ритуализмде (әдет – ғұрыпта) – ойынның, әңгіменің, бейненің элементтері бар әдет – ғұрып тәртіптерін ұстануы;
зерделенетін мифтер сюжеттерінің әмбебаптылығында (өмір, сенім, басталу, аяқталу).
Мифтік сана адамға әлемді игеруге, көмектесумен қатар өмір мен тіршілікке тұрақтылық бере отыра оны қорғайды. Мифтік сана беймәлімділік сырына қарамастан белсенді арна. Ол ұлттық өзіндік сананың қалыптасуына қатысады, халық үшін көзқарастың, тіршілік түрлерінің ежелгі принциптерін белгілейді.Адамның мәдени қызметтерінің барлық түрлерінің ішінде діннің маңызы орасан зор. Дін өзіндік түйсік пен көзқарас. Олар бір – бірінен мінез -құлықтың тиісті түрімен байланысты.Дін адамның рухани шығармашылығының және қоғамның бір саласы болып табылады. Ол адамдар тіршілігінің бір қыры ретінде ол дүниеге, табиғатқа, қоғамға ерекше қатынасын білдіреді және адамның өз-өзінен оқшаулануын жеңуіне көмектеседі. Дін сөз жоқ мәдениеттің маңызды құбылысы. Адамгершілік мәселесі қойылып шешілген жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі нәр алған әлемдік әдебиеттің шығармалары оның ескерткіштеріне айналады. Әлемдік әдебиет, бейнелеу өнері, саз бүгінгі күнге дейін Діни сюжеттер мен тақырыптарды қамтып келеді. Алғашқы мәдениеттанушы -теоретик және мәдениет тарихшысы болып неміс ағартушысы Иоган Герде (1744-1803ж) саналады. Оның «Адамзат тарихының философиясына апаратын идеялар» жұмысын мәдениеттану білімінің бастауы деп атайды. Дін, Гердердің көзқарасы бойынша, мәдениеттің ең көне элементі. Дін барлық халықтарға мәдени және ғылыми білімнің шымылдығын ашты. Діннің мәдениеттің дамуындағы озық ролін бағалауға ұмтыла отара, Гердер, египеттіктер мен басқа шығыс халықтарының, ертедегі барлық көзі ашық европалық ұлттардың -этрустардың, гректердің, римдіктердің ғылыми білімді діни көзқарастардан алғандығын атап өтеді. Оның пікірінше, поэзия мен өнер, саз Бен жазу, агрономия және жыл санау, ізгіліктік пен мемлекеттік туралы Ілім осылайша пайда болды. Дж.Фрэзердің (1854-1941ж) көзқарасы бүкіл әлем ғалымдарының талай ұрпағы үнемі сілтеме жасап келген зерттеулердің қатарына жатады. Өзінің басты «Алтын бұтақ» кітабында Дж.Фрэзер алғашқы діндер эволюциясы туралы өз көзқарасын білдіреді. Біздер қарастырған теориялардың барлығын бір арнаға тоғыстыруға, оларды «ғылыми» және «жалған ғаламдық» деп бөлуге болмайды. Олардың барлығы діннің адамзат тарихындағы шынайы орын іздеуге сан алуан жолдарын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет